Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Балабақшада ойналатын қазақтың ұлттық қимылды ойындары

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Балабақшада ойналатын қазақтыңұлттық қимылды ойындары Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие Асық ату   Асық ату — бұл асық ойынының ең бір «Қыз қуу»Қыз бала атқа мініп шабады, ұл бала қыз баланы қуып жетуі «Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. АйгөлекАйгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі Тақия тастамақ Ойын бар бір ойын бастамақ, Атын оның «Тақия тастамақ» Шеңбер «Арқан тарту»  Ойынды жазда көгалда алаңда , спорт залында өткізуге болады Теңге ілуОйынға қатысушылар тепе - тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықтан Көкпар тарту	Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілініп, оның екі жағына шеңбер (отау) сызылады. Орамал тастамақ	Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына Соқыр теке	Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота,бұзау,қозы,лақ Қайда
Слайды презентации

Слайд 2


Слайд 3 Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие

- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты

болып, қозғалыс дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Ұлттық ойындар - ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындарды үйренудің, күнделікті пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайық-тары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық - Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады.
Оларды аяғын басып жүре бастаған кезінен бастап ұлттық ойындарға икемдеп баланың епті, шымыр болып өсуіне тәрбиелейді. Ұлттық ойындар балаларды тапқырлыққа турашылдыққа, шымырлыққа, балалардың туған жерге, Отанға деген сүйіспешлігін арттырады. Кез –келген елдің баласы ойынымен ержетеді. Бірақ әр халықтың бала болашағына көңіл бөлуі әрқилы. Осы тұрғыдан алғанда қазақ елі өзге халықтардан оқ бойы озып тұр деуге толықтай негіз бар. Баланың байсалды да байыпты болып қалыптасуы- ұлттық ойындардың тамырынан нәр алуында жатыр
Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру болып табылады.
 
 

Слайд 4 Асық ату

Асық ату — бұл

Асық ату  Асық ату — бұл асық ойынының ең бір

асық ойынының ең бір ептілікті қажет ететін тұсы. Ойыншы

қажетті асықты атқанда екі қолдың он саусағының кез-келгенін пайдаланады. Бірақ ату кезінде саусақты сүйретіп немесе жай түртіп атуға болмайды. Бұлай істеген жағдайда асық келесі ойыншыға ауысады. Асық атудың әдісі — ойыншы көндегі асықтың орналасуына қарай асықтарды атады. Асықты атуға ыңғайлы саусақ бүгіліп, екінші бір саусақтың тіреуінен шертіліп барып асыққа тигені дұрыс.

Слайд 6 «Қыз қуу»

Қыз бала атқа мініп шабады, ұл бала

«Қыз қуу»Қыз бала атқа мініп шабады, ұл бала қыз баланы қуып

қыз баланы қуып жетуі керек.Егер қуып жетсе, қыз бала

қолындағы орамалды береді,егерде жете алмаса, ұл бала тыйым сөздер арқылы айыбын төлейді.

Слайд 8 «Ақшамшық»
(сақина салу)

- қазақ халқының ерте заманнан

«Ақшамшық» (сақина салу) - қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі

келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны халық арасында «Сақина салу»,

«Сақина тастау» деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізуші алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол адамдардың барлығының алақанына сақина салған болып шығады да дауыстап: «Тұр сақинам, тұр» деп немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам «Сақина менде!» деп орнынан тез тұруы керек. Оны көршісі ұстай алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.

Слайд 10 Айгөлек
Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен

АйгөлекАйгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай

жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20

метрдей жерде қол ұстасып қарама-қарсы тізбек құрып тұрады. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып, төмендегі өлеңді айтады:
Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден дем шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Бізден сізге кім керек?
Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді.
Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден дем шығар.
Ақ терек пен көк терек,
Шолпан атты қыз керек,-
дейді. «Шолпан» деген сөздің орнына басқа бір баланың немесе қыздың атын қойып айта береді.
Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егер үзе алмаса, сол топта қалып қояды. Ал үзсе, өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады. Ойыншылар түгел шақырылып болған соң, екі жақтың ойыншылары саналады. Қай топтың саны көп болса, сол топ ұтқан болып есептеледі.

Слайд 11 Тақия тастамақ

Ойын бар бір ойын бастамақ,
Атын

Тақия тастамақ Ойын бар бір ойын бастамақ, Атын оның «Тақия тастамақ»

оның «Тақия тастамақ»
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Болмасын асығу,

сасқалақ,
Ақырын аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Бірінің тұсына жеткенде
Сездірмей тақия тастаймын.
Қайтадан оралып келгенше
Түк сезбей отырсаң, омалып
Тақиямен төмпештеп қуамын.
Қаласың айыпты саналып.
Шығасың тақия тастауға,
Ойынды басынан бастауға.

Слайд 13 «Арқан тарту»
Ойынды жазда көгалда алаңда ,

«Арқан тарту» Ойынды жазда көгалда алаңда , спорт залында өткізуге болады

спорт залында өткізуге болады Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан

кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым- екі метрдей жерден тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10-12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрады. Екі топқа бөлінген балалар арқанды тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе сол топ жеңіске жетеді.


Слайд 15 Теңге ілу
Ойынға қатысушылар тепе - тең екі топқа

Теңге ілуОйынға қатысушылар тепе - тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке

бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезінде басталатын

жерге сызық сызылады. Одан әрі 20 - 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он - оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете береді, шұңқыр тұсына бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Слайд 17 Көкпар тарту
Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілініп, оның екі

Көкпар тарту	Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілініп, оның екі жағына шеңбер (отау)

жағына шеңбер (отау) сызылады. Шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады.

Жарыс басталар кезде командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 - 15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. Көкпар отауға жеткізілгеннен кейін алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз отауына көп жеткізсе, сол команда жеңіске жетеді.

Слайд 19 Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала

Орамал тастамақ	Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың

жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды

тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.

Слайд 21 Соқыр теке

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып

Соқыр теке	Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота,бұзау,қозы,лақ

қойылады.
Балалар: Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені

ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.

  • Имя файла: prezentatsiya-balabaқshada-oynalatyn-қazaқtyң-ұlttyқ-қimyldy-oyyndary.pptx
  • Количество просмотров: 619
  • Количество скачиваний: 39