Слайд 2
Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке
дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу - бас мидың
бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес,:
-сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?
Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/
- «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.
- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
Сөздік қорын байыту үшін
Әнгіме құруға ұйретуге
Көркем әдебиетті мазмұндауда
Жұмбақ жасыру және шешуде
Өлең жаттауда
Слайд 3
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Тараз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №1 балабақшасы
Шығармашылық жоба
Тақырыбы: Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда,
таным – білім арттыруда мнемотехниканы қолдану
Слайд 4
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға,
олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені
қолдану 3 этаптан тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.
Өз тәжірибем бойынша көп қиындыққа кезіктім.
Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден. Бастысы - бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30-40 секундқа жететін. 4-5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз , мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.
«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер :
Слайд 6
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған
дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Дайын модельдік
схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.
Балалармен бірге ""Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық.
Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.
Әңгіме барысын,
Әңгіменің айтылу кезеңін.
Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.
Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.
Мнемотехника тиымдылығын сабақ барысында көрсетейін:
Тақырып: Көктемгі күнге саяхат.
Мақсаты:
1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.
2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
3. Тіл байлығын дамыту.
4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.
Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем», үстел- кеме жіберуге. Кемелер-оригами тәсілімен.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз көктемгі күнге саяхатқа барамыз. Тез жиналып, вагондарға отырыңдар.
Уақыт болды, пойыз жылжыды!
Балаларды бір- біріне тіркестіріп жүргізе , «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстауын қадағалаймын.
Тәрбиеші: Міне, келдік. Балалар, біздің күнімізді бұлт басыпты,қане, бәріміз сиқырлы кестемізге қарайық. Орындыққа жайғасыңдар.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Сендер қайдан білдіңдер көктем екенің?
Балалар:
-күн ысыйды.
-қар ериды
-кішкентай шалшықтар пайда болады, онда қағаз кеме жіберуге болады.
-құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-шөп шығады.
-гүлдер шығады.
Ал, балалар, мен жұмбақ жасырам, шешімін табыңдаршы.
Қар, су еріп,
Жапырақ шығып,
Жылғалардан су ағып,
Слайд 7
Құстар кайтатын
Қай мезгіл?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Бұл көктем.
Ал, қазір, балалар, тек қана көктемге қатысты суреттерді таңдаймыз.
Балалардан
сұраймын , қандай сиқырлы карточка таңдағаның. Неліктен?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Осы кезде тышқан- теңізші жүгіріп келіп қағаз кемелер беріп қашып кетеді.
Тәрбиеші:
Балалар, маған жақын келіңдер. Қазір біз кемелерді суға жібереміз.
/балалар кемелерді суға жібереді./
Нәтиже: Көктемде шалшықтарға қағаз кеме жіберіп ойнаймыз.
Көктемдегі киім өзгерістерін айтыңдаршы.
-жұқа киінеміз.
-тоң кимейміз.т.б.
д/о «көктемде неше ай бар? атаңдар»
келесі ойын, балалар, « Сөз ойлап тап» /көктем, көк, көкшіл, көктемгі/
Тағы бір ойын «Сөйлемді дұрыс жайғастыр»
1. Ысыйды күн көктемде.
2. Шығады ағашта жапырақтар.
3. Ағады жылғалардан су.
4. Жер ашады, гүлдер көгереді.
Байланыстырылған сөйлем құру. /сурет бойынша/
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп,шалшықтарға жиналды. Жылғалардан су ағып, біз қағаз кемелер жібердік. Жаңбыр жауса да, күн жылы. Ағаштар бүршік атып, жерге шөп шығады. Гүлдер шыға бастайды. Жәндіктер жылынып, шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Біз оларға жемсалғыш ілеміз. Көктем қандай тамаша!
Есік қағылып қонаққа қарға келеді.:
-сәлеметсіңдер ме ,балалар? Мен, аспанда ұшып жүріп , сендерді көріп, қонаққа келдім. Сендер менің бауырларым туралы не білесіңдер?
/балалардың жауабы, қыстайтын және ұшып кететін құстар туралы./
Бірінші тапсырма: « Қарға сияқты қарқылдай аласыңдар ма?»
Фонетикалық жаттығу:
-бала қарға бәсен дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
-ана қарға орташа дауыспен : қарқ-қарқ-қарқ.
-әке қарға қатты дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
Екінші тапсырма: саусақ гимнастикасы: « Қарға,қарға,қарғалар»
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Слайд 8
Олар тамақ пісірді,
Су әкелді,
Ағаш жарды,
Балаларға тамақ берді.
Енді ,
балалар,мен құстар туралы жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып, олардың
ішінен ұшып келетін құстарды бөліңдер.
Келесі тапсырма «көктем сөзінде неше буын, неше дыбыс бар?»
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Қарға: Мен, күн жарықта бауырларыма жетіп алайын, сендерге көп рахмет. Көптеген қызық көрдім. Оны бауырларыма айтып барамын. /балалар қоштасады./
д\о «Көктем:жақсы -жаман»
жақсы: жаман:
күн жылынады
шалшықтар пайда болады
гүл өседі
ауа райы белгісіз жағдайда болады
табиғат құлпырады
Ал, балалар, біз бүгін көктем туралы көп әңгімелестік, енді мен сендерге көктем туралы әңгіме оқып берейін. /рефлексия/
Эмоция арқылы әңгімені талқылау.
Мнемокесте арқылы әңгіме құру.
Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.
Резюме: Баяндамада балалардың тілін дамыту үшін мнемотехниканы әдісін пайдаланудың тиімділігі мен оны пайдалану жолдары қарастырылған.
Резюме: В статье раскрыто использование мнемотехнических приемов и методики для развития речи детей дошкольного возраста.
Слайд 9
«Мектеп жасына дейінгі
балалардың тілін дамытуда мнемотехника әдісінің маңызы
Мнемоника
(гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар
жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садаққа —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табыладыМнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегенімліз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады.
Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар
Слайд 10
қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән
дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі
мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады.
Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс - әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялы-ымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет.
Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады.
Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ.Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.
Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.
Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Слайд 11
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
- аударма жұмысын өткізу;
- мұғалімнің сұрақтары;
- суреттер
қарау;
- қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
- сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады:
- бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
- фонетикалық жаттығу орындау;
- әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.
Алгоритмикалық жаттығулар танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың, дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда,балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар.
Алгоритмикалық жаттығуларды өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары, жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі дамиды.
«Тәрбие отбасынан басталады» - демекші мемлекеттік тілді үйрету мақсатында балабақша ата - аналармен өте тығыз жұмыс жасауда пайдалануға мүмкіншілік бар.
Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілдіғ дамуына барлық жағдай жасалынуы тиісті. Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандағы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.
Мектепалды даярлық бағдарламаның базалық минимумда 6-7 жастағы балаларды оқытуда мынадай талаптар қойылған. Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу.Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу.Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану.Сонымен қатар отбасы мүшелерін, киім, аяқ-киім атауын айта білу.Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін дамыту және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінуін қамтамасыз етеді.Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді.Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік (фонетикалық,
Слайд 12
лексикалық, грамматикалық) және тілдік емес (ым, мимика, қалып,
көзқарас, іс-қимыл) құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу
қабілетін дамытуға бағытталған.Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.
Жалпы міндет:
-тілді дамыту танымдық және ойын қызметінің негізі іспеттес;
Негізгі міндеттер:
Тілге деген тиянақты, мүдделі көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастыру;
- қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуді қалыптастыру;
- қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
- сөздік қорды толықтыру және жандандыру.
Мнемотехника әдісін қолдану өз нәтижелерін де берді
Балалармен бағдарламалық материалды меңгеру бойынша 1 және 2 жартыжылдыққа арналған педагогикалық диаагностика материалы жасалынып шығарылды.
Деңгей бойынша меңгерудің бағасының жүйесі талданып шығарылды
1 деңгей–бала педагоктың үлгісі бойынша іс-әрекетті елестетеді
2 деңгей – не істегенін түсінеді; белгілі білім қоры бар
3 деңгей- білгенін және не істей білетінін өз бетімен қолданады, шығармашылық және дәстүрлі емес жағдайларда.
Нәтижелер :
- Кіретін нәтижелерді (қазан айында өткізіледі)
- қорытынды (сәуір айында өтіледі)
- Балаларды оқытуда, ұсынылған әдістемелік материал
- мектепке дейінгі мекемелердің практиктеріне перспективтік технологиясын (мнемотехникалық әдіс) терең танысуға мүмкіндік береді. Тәрбиелік– білімдік процесіне шығармашылық бағыт арқылы жеткізіледі.
Жұмыс нәтижесі бойынша кәсіби байқаулар өз жемісін береді.
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз айтпақшы, бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ! Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу мен жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін естен шығармайық.
‑ Жұмыстың мақсаты:
Балалардың зерделi дамытуын деңгейдi жоғарлату.
Міндеттері:
I. Танымдылық
Қоршаған орта туралы танымдық мәлiметтердi жүйелеуiн реттеуде балаларға көмектесу.
П.Дамытушылығы:
Мнемотехниканы меңгеру арқылы мәлiметтi (кодтау ) есте сақтау көлемi ұлғаяды.
Слайд 13
(маңызды белгiлермен заттар және құбылыстардың атрибуттарын айқындау, жұмбақтардың
шешуi) аналитикалық және ойлауды (базистiк таңбалар көмегiмен мәлiметтiң кодтау
және қайта кодтауы) бейнелi түрде функцияны, ұғымдық ойлау, ықылас, елестетудi дамыту.
Монологты сөйлеуің жетiлдiру,ойын жеткізе білуге,өз жауабының дұрыстығын дәлелдеуге дағдыландыру.
III. Тәрбиелiгi:
Мәлiметтер жинау арқылы қысқа- әңгімелерді құруға дербестiгін жетiлдiру.
Зерделi жұмыстың нәтижелерiнен көруге шақыру.
Балалар бiр-бiрiмендi ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптары тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк жағдайда көмектесуге үйрету.
Слайд 14
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
Бүгінгі
қоғам мүддесіне лайықты, жан–жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен
психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілдерін тиімді құрал ретінде қолданып, балалардың фактілерді, заттарды есте сақтауына, құбылыстар мен оқиғаларды ажыратып, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жетік әңгімелей алуға дағдыландыруға, тіл байлығы, еске сақтау қабілеттері дамыған, сөзге шешен, жан-жақты бала тәрбиелеуге бар күш жігерімді салып жүрмін. Мнемотехника – грек тілінен аударғанда – «есте сақтау өнері» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс жүйесі ақпаратты тез немесе нәтижелі есте сақтауға көмектеседі немесе қамтамасыздандырады. Мнемокесте түріндегі дидактикалық материалдарды түсінік айтуда, өлеңді жатқа айтуда, шығармашылық немесе суретке қарап айту кезінде пайдалануға болады. Мнемокестелер заттай, заттай схемалық, схемалық болып келеді. Егер бала затпен тапсырма орындай алса, онда тапсырмалар қиындай түсіп, балаларға заттай схемалық үлгілер беріледі. Мнемокестенің бұл түрі бейнелеу санын азайтады. Суреттеу. Бұл монологтың ең қиын түрі. Суреттеу психиканың барлық қызметіне (қабылдау, назарын салу, есте сақтау, ойлау) әсер етеді. Затты суреттеу үшін - оны әбден ұғыну, байқау керек, ұғыну – ол таңдау. Бұл балаға өте қиын. Ол үшін балаға міндетті түрде бірінші заттың белгісін таңдап алуды үйрету керек. Түсінігін айту. Балаға сөйлем құрастыру маңызды рөл атқарады. Бұл жерде сөз құрлымын жетілдіру, сөйлемді мәнерлі құра білу керек. Егерде мнемокестенің көмегімен әңгімелесе, балалар әңгімеге қатысты кейіпкерлерді көріп тұрса, онда балалар өз ойын жинақтап сөйлемді дұрыс құруға бар назарын салады. Өлеңді жаттау. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мнемокесте арқылы өлең жаттауды оңайландыруға болады. Бұл балаларға әңгіме айту кезінде логикалық бірізділікті ұстауға көмкетеседі. Шығармашылық әңгіме немесе баяндау. Балалар әңгімені немесе ертегіні ойдан шығарып айтуды өте жақсы көреді. Балалардың әңгімесі бірдей болмас үшін әңгімені жүйелі құрауға мнемокесте көмектеседі. Бұл кесте балалардың ойлау қабілетін дамытады. Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника ─ тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс- әрекеттердің жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер: Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы
Слайд 15
баланың есінде нақты қалады. Мнемотехника ─ оңай жолдан
қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай
ғана мнемо жолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет. Мнемокестенің мазмұны ─ ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкері бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті. Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген сурет балаға түсінікті болуды жеткізу. Схема ─ мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Әдістеменің ерекшелігі – заттардың кескінін емес, есте сақтау құралының нышандарын қолдану болып табылады. Нышандар – тілдік материалдарға барынша жақындатылады, мысалы жабайы (орман) жануарды белгілеу үшін шыршаның, үй жануарларын белгілеу үшін үйдің кескінін қолданады. Балалардың тілін дамыту жөніндегі дәстүрлі жұмыстарды мынадай бағыттар бойынша жүргізуге болады: - сөздік қорды байыту; - әңгіме құрауға және оны ойлап табуға үйрету; - тақпақтар жаттау; - жұмбақтар шешу. Белгілі бір ақпараттарды білдіретін мнемикалық кестелер дидактикалық материалдар ретінде қызмет етеді.
Өз іс-тәжірибемде мнемотехника әдісін қолданудамын. Бұл әдіс өте оңай және балалардың есінде тез жатталып қалады. Мнемотехника әдісін қолдана отырып, ересектер тобында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Жақсылыққа жақсылық» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Мнемокестенің көмегімен әңгіме балаларға сурет бойынша айтып берілді. Балалар да суретке қарап әңгімені оңай еске түсіріп айтып шықты. Құмырсқа мен көгершін Бір құмырсқа сусап су ішуге өзенге түсті. Оны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бұтағы бар бір көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көріп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың шетіне шығып, ажалдан құтылды. Мұның артынан манағы көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып, көгершінді ұстап алуға даярланып тұрғанын құмырсқа көріп, өрмелеп келіп, оның аяғын қатты шағып алды. Аңшы «уh!» деп ауды қоя бергенде, көгершін көтеріліп ұшып кетті. Мнемотехника әдісін қолданған өте тиімді. Себебі, кандай да бір тақырыпты алсаңыз оны балаларға жеңіл түрде түсіндіру керек, ал бұл әдіспен балаларға қимылмен де, суреттермен де түсіндіру өте оңай. Мысалы, «Асқабақ» туралы балаларға түсіндіргенде төмендегі кестені пайдалануға болады. -Балалар, асқабақты немен көреміз? - Көзбен. -Қолмен не істейміз? - Ұстаймыз. - Мұрнымызбен иіскейміз. -Аузымызбен дәмін көреміз. Балалар асқабақтың түсін, пішінін айтып кесте арқылы тез естеріне сақтайды. Мнемокесте қолданылған тіл дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады. Мнемоника немесе мнемотехника қосымша ұғым қалыптастыру жолымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау қабілетін ұлғайтатын әртүрлі тәсілдер жүйесі. Мұндай тәсілдер мектепке дейінгі балалар үшін айрықша маңызды, өйткені ойлау, есте сақтау сыртқы құралдардың көмегімен тез шешіледі, олар көрнекі материалдарды тез игереді. Тіл дамыту сабақтарда мнемикалық кестелерді қолдану балаларға
Слайд 16
көріп қабылдайтын ақпаратты тиімді қабылдауға және қайта өңдеуге,
әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға
және жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Бала тілі ─ бал» ─ дегендей, әр баланың өз ойын жетілдіріп жан-жақты біліп, оқып тоқығанын ой түйсігіне жеткізу тек тілдің дамуы арқылы жетеді. Баланың тілін дамытуда тек мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиімді жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың ойлау қабілеті, тілі, сөздік қоры дамиды.
Қазіргі кезде мнемотехника әдісін қолдану өте тиімді. Себебі, балаларға үйрететін тақпақтар, ертегілер, жұмбақ, әңгімелерді, суреттер, схемалар және мнемо кестелер арқалы көрсетеді. Бұл балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.
Слайд 17
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке,өз елін сүюге баулып
келеді.Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиеніңөзегі,діңгегі десе де болады.
«Атаңның ұлы болма,адамның ұлы бол»-деп,адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл,ыстық қайрат,жылы жүрек керектігін ұлы Абай атамыз да өсиет етті.Ең алдымен ұлтжандылық,отансүйгіштік ұғымдары сол заманның ақиқатынаным-сенімнен туындайды.Жалпы «Патриотизм» деген сөз ерекше «патриотес» –отандас, «патрис»-Отан,туған жер деген сөзден шыққан.Отанға деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.Туған жерін,ана тілін,елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған.Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерді қорғау,елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу. Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.Әсіресе көркем әдебиет арқылы балаларды сөз өнеріне баули отырып,Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.
Ана тіліне деген сүйіспеншілік,туған тілін білу,өз ана тілінде сөйлеу және оқу,ана тіліндегі көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру.
Туған елге деген сүйіспеншілік.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,жігерлі де батыл өзіні-өзі сенімді азамат етіп жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың алға қойған басты міндеті.Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып,рухани дүниесін ашуына себеп болады.Тәрбиенің сан-салалы,күрделі мәселелеріне терең бастайтын,күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша болып табылады.Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп,аса жоғары бағалап отырған.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-депАбай атамыз бекер айтпаған. «Шәкірті кімге жақын тұрса,сол адамнан үлгі алады»,- деген Абай атамыз.Бала ертеңіміздің-болашағы. Ендеше,баланы кішкентайынан бастаптәрбиелеу бастаса нұр үстіне болар еді.Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп,жаңа технологияларды меңгеріп,жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек.Ұстаздың міндеті-іздену,жаңа технологияларды қолданып,әрбір сабақты қызықты өткізу. «Ұйымдастыру» әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет.Міне,сондықтан да,адал да парасатты,мейірімді, жан-жақты ұстаз болу керек.
Слайд 18
«шеберлік,іскерлік» деген мағынаны білдіреді.Дамыта оқытудың көздейтін мақсаты-әдеби-ғылыми негізде
балаларға дүние туралы түсінік беру технологиясын пайдалану балалардың жалпы
дамуын,шығармашылығын дамытады.Дүниетануға деген көзқарасының қалыптасуын,ойлауын,сөйлеуін қамтамасыз етеді.Ұстаз бір бағытты ұстануы керек.Балалардың тіл дамытуға деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу белсенділігін дамыту,өтілетін тақырыпқа байланысты өз бетінше мазмұндауға үйрету.
К.Д.Ушинский: «Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең-бекер қиналады, ал,егерде сурет арқылы үйретсең-бәрін тез ұғып алады»-деген.
Озық технологияларды қолдану қазіргі кезде әрбір ұстаздың міндеті.Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген қызығушылығы,жағымды көзқарасы қалыптасады.Мектепкедейінгі балалардың дүниетанымы,санасы,зердесі,тілінің дамуына қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгерген ұстаз болуы шарт.
«Ұстаздың жан-жақты дамуына,кәсіптік,интеллектуалдық,адамгершілік сияқты қасиеттерінің дамуына көмектеседі», -деп Селевко айтқандай,баланың тілін дамыту,сөздік қорын молайту күнделікті өмірде тығыз байланыстыру баланың тілінің таза,көру,есту,тыңдау,қайталау,жаттау қабілеттері жетіледі.Балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолданған дұрыс.
«Мнемотехника»-бұл әдіс-тәсілдер жүйесі,табиғаттың құбылыстары жайлы,қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту.Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады.Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн.Содан кейін-мнемоалаша,алсодан соң,мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.
«Мнемосызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері,басқа да іс-әрекеттер.Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес,басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі.Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек.Бала сонда тез ұғады,ертегі желісін жылдам айтып береді.Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады.Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай,көру,есту,зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады.Бала көз алдындағы суретті елестеді де,содан соң естеріне түсіреді.Т.В.Большева-коллаж,Л.И.Ефименко-ертегі құру сызбасын құрған.Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету.Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі,заттық сурет
Слайд 19
түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді.Баланың тіліне жеңіл,шағын шығарма
балалардың тілін дамытады,байланыстыра сөйлеу тілін арттырады.Әңгімені түсініп алуға,көпке дейін
есте сақтауға көмектеседі.Ойын толық жеткізуге,ауызекі сөйлеуге үйренеді.Жаңа әңгімені үйреткенде алдымен ұстаз көркем шығармада кездесетінжаңа сөздерге талдау жасап алады.
Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес,шығармашылығы да дамиды.Дүниетанымы,зердесі,сөзге деген қызығушылығы артады.Әңгіме құруға үйренеді,әңгімені ретімен әңгімелеуге,лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді.Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді,есте сақтау,әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады.Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес,көру анализаторы да дамиды.Көркем шығармамен таныстырғанда мнемотехниканы қолданамын.Балалармен бірге мәтін бойынша әңгімелесеміз,суреттерді қараймыз,сызбалардың біртінділіктерін зерттейміз.Ересек,даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды,бірліктерін орналастыру,әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет.Бастапқы бөлімде балаларға дайын сызбалардыкөрсету керек,одан әрі әртүрлі жағжаяттарынталқылайды.Баланың біртіндеп шығармашылы артады.Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану,ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру.
Слайд 20
Мнемотехниканы қолданғанда балалардың тіліғана дамып қоймай,сонымен қатар,қоршаған ортаны
танып білуде түсініктері қалыптасады.Айналамен таныстыру сабағында балалардың қоршаған ортаға
деген жағымды көзқарасы қалыптасады,белгілі бір нысанды зерттеп отырып,тірі,өлі табиғатпен танысады.Балалар сабақта тәжірибе жасайды,анализ шығарады,сөздік қоры артады.
Сызба-үлгілерді қолдана отырып,балалар топырақты,суды,ауаны,күнді т.б.зерттейді.Мысалы,ауа-көзге көрінбейді,түссіз,пішіні жоқ,серіппелі т.с.с.Осылайша барлық өлі табиғатты осылай өзіне тән сапасын,қасиетін сипаттап шығады.Сызба арқылы бала қарап отырып,затты зерттейді,сол зат жайлы баяндап береді.
Слайд 24
Жұмыста көрнекі-құралдарды қолдана отырып,балаларға не үйретеміз:
Ақпаратты қолдану,зерттеу,салыстыру,ақыл іс-әрекеттік
жоспарды іштей нақты құру,тілдік сөйлеу.
Зейінінің дамуы,ойлау қабілеттерінің қалыптасуы.
Сызба-тіректі әңгімелеудің
жоспары ретінде қолдануға болады.Сипаттау әңгімелері сабақтың басындажәне аяғында құрылады.Алынған білімді балалармен бірлесіп жинақтауға болады.Жұмыста көрнекі сызбаларды қолдана отырып,біз ақпаратты қабылдауға,зерттеп,салыстыруға,ақыл іс-әрекеттік жоспарды іштей нақты құруға,тілдік сөйлеуге үйретеміз.Балалар талқылауға,оны бекітуге машықтанады.Сызбаны қолдану сөздік емес үрдістердің дамуына жағымды әсерін тигізеді:бала жаңа материалды меңгере отырып,өз бетімен оқуға,шыдамдылыққа үйренеді,өз ісінің жоспарын қабылдайды.Оның жауапкершілігі артады,қызығушылық сезімі оянады,өз еңбегіне деген қанағат сезімі артады.Сызба-тірекпен жұмысты кемшілігін жою мақсатында да,бүкіл топпен жұмыста да қолдана береді.
Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды,бала іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелейді,жаңа тақырыпты тез меңгереді.Мнемотехниканы қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай,сонымен қатар,лексикалық тақырыптармен де таныстыруға болады.
Мысалы:тағамдар,киімдер,балықтар,өсімдіктер,үй құстары т. б.
Слайд 25
Өсімдікті зерттегенде-оның қандай екенін,ол өсімдікті қандай күйде қолданады,жалпы,өсімдіктің
қандай түріне жататынын балалар сипаттайды.Ересек топтарда өсімдіктің қайда өсетінін,яғни
жер астында ма,жер бетінде ме бұтада ма т.с.с.тереңдете зерттейді.
Сонымен қатар,бұл әдістемеде мамандықпен таныстырғанда алдымен алдын-ала жұмыстар жүргізіледі,дидактикалық ойындар ойналады.Мысалы: «Сөйлемді аяқта» ойынында тәриеші мынадай сұрақтар қояды:Мұғалім балаларды оқытады,ал,дәрігер ше,құрылысшы үй салады,ал,балықшы ше,осы сияқтыұстаз балалардыжетекші сұрақтармен алға жетелейді.Бала алдымен ойланады,содан кейін жауап береді. «Кім не істейді?» деген ойында тәрбиеші жұмбақ қою арқылы балаларды ойланып жауап беруін ұсынады.Тәрбиеші: «Өзі ауыратын адамның жанында отырады,ауырған адамға тамшы береді,ақ халат киіп жүреді.Ол кім?»
Слайд 26
Балаларды мамандықпен таныстыруда мынадай мақсаттар көзделеді:
Балалардың сөздік қорын
молайту,
Мамандықтардың атқаратын еңбектері жайлы білімін кеңейту,
Сөз біліміне үйрету,сурет
бойынша қысқа әңгімеқұрауын бекіту,ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды мамандықтармен таныстыруда мынадай терезелер бар:
- Бұл кім?
- Ол қайда жұмыс істейді?
-Оған не керек?
-Адамға пайдасы.
Балалар осы тапсырмалар бойынша оңай әңгімелеп береді.Осылайша басқа мамандықтарға да сызба-тірек қолданылады.
Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып,төрт жыл мезгілдерін мнемосызбалар арқылы әңгімелеуге болады.
Т.М.Бондаренко,В.К.Воробьева,Т.А.Ткаченкоұсынған балаларды төрт жыл мезгілдерінің өзгеруі жайлы сызба-тіректер жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейтіп,білімдерін жүйелейді.Бірақ сызбалар дәлме-дәл сәйкес келе бермейді. Жыл мезгілдерімен таныстырғанда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.
Слайд 27
Балаларды мамандықпен таныстыруда мынадай мақсаттар көзделеді:
Балалардың сөздік қорын
молайту,
Мамандықтардың атқаратын еңбектері жайлы білімін кеңейту,
Сөз біліміне үйрету,сурет
бойынша қысқа әңгімеқұрауын бекіту,ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларды мамандықтармен таныстыруда мынадай терезелер бар:
- Бұл кім?
- Ол қайда жұмыс істейді?
-Оған не керек?
-Адамға пайдасы.
Балалар осы тапсырмалар бойынша оңай әңгімелеп береді.Осылайша басқа мамандықтарға да сызба-тірек қолданылады.
Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып,төрт жыл мезгілдерін мнемосызбалар арқылы әңгімелеуге болады.
Т.М.Бондаренко,В.К.Воробьева,Т.А.Ткаченкоұсынған балаларды төрт жыл мезгілдерінің өзгеруі жайлы сызба-тіректер жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейтіп,білімдерін жүйелейді.Бірақ сызбалар дәлме-дәл сәйкес келе бермейді. Жыл мезгілдерімен таныстырғанда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.
Слайд 28
Балалар осы сызбаларға сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерінің
атауын, өзіне тән ерекшеліктерін дәлме- дәл ажыратып, ретімен әңгімелеп
береді.
Анықталған белгілерін біртіндеп құру,балалардың сөздік қорын молайтады.Міне,сондықтан да біз оларды толықтырамыз.Балалармен бірлесе отырып,қосқан ұсыныстарымызды блоктар бойынша қолданамын.Мерзім-жыл мезгілі сияқты балалардың табиғат туралы қарапайым түсінігін қалыптастыруда дайындық этапы болып табылады.Ұсынылып отырған мнемосызбалар балалардың төт жыл мезгілі жайлы білімдерін кеңейтіп,табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін дамытады,табиғат заңдылықтарын талқылауға көмектеседі.Сызбалар арқылы әрбір жыл мезгілдерінің мінез-құлқымен жақын танысады.Кіші топтарда дайындық этапы түрінде өтеді.Ал,ересек,даярлық топтарда біршама күрделенеді.Мысалы,сәбилер тобында қыс мезгілімен таныстырғанда-сызба тек қана төрт терезеден тұрады.Қыста қар жауады.Қар көп жауады.Балалар аққала жасайды.Шаңғы тебеді.Ересек,даярлық топтарда көктемнің үш кезі,күздің үш кезі алынады.Басқа жыл мезгілдерін де сызба түрінде кеңінен
Слайд 32
Мысалы,«Қараторғайды көрсең-көктем келді», - деген тақырыпты өтпес бұрын
құстар жайлы материалдар жиналып,жалпы құстарға байланысты қажетті мағлұматтаркөптеп жинақталуы
тиіс.Суреттер символ-белгілер және олардың саны сызба-үлгіде әңгіменің мазмұнына байланысты өзгеріп отырады.Табиғат құбылыстарын тек символдармен ғана емес,сөздермен де белгілеуге болады.Егерде бала өз бетімен оқып,жаза алмаса,белгі-символдармен толтырады.Мектепалды топтарында қараторғайды сипаттау мәтініне күрделі сызба бейнеленген,болжамдар,қараторғай жайлы көптеген мәліметтер жинақталған. «қ»-деген қараторғай деген сөз,одан әрі қарай ол әріпті жағалай бірнеше дөңгелекшелер бар.Ол дөңгелекшелердегі символдар арқылы қараторғай құсына толық сипаттама берілген.Сипаттама әңгіме күрделене түскен,бірақ,балаларғақиын емес.Себебі,мнемосызбамен реттілікті сақтай отырып әңгімелесе,балаға қиыншылық тудырмайды,бала зерікпейді,керісінше қызығушылығы артады.Мысалы, даярлық тобында «Тиін» суретін әңгімелегенде де осы сияқты сызбаны қолданады.
Қазақ халқы жыл мезгілдерінің келуін ерекше атаған. Мысалы, «жазды-келеді,қыс түседі,көктем шығады,күз келеді,»-деп айтқан. Осы орайда «Жыл мезгілдері» атты дидактикалық ойында көрсеттім.Өзтәжірибемде халық ауыз әдебиетін кеңінен қолданамын.Белгілі жазушы С.Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті-асыл қазынасы,оның асылдарын даралап,ұрпақ қажетіне жарату керек,»-деген болатын.Ұлы ғұлама халық ауыз әдебиетін зерттеп,мақал-мәтел мәнін ашып берген.Мақал-мәтелдерді балалардың жасына сай қолдану керек.Мысалы,тақырып өнер туралы болғанда-өнерлінің өрісі кең,тақырып «нан» туралы болғанда- «нан ас атасы»,- деп айтқан.
«Жаңылтпаштар»-халық шығармашылығының керемет жанры.Қысқа рифмдік фразалар дыбыстарды құруға, айтылуы күрделі,тілді дамытуға арналғантамаша құрал.Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтылуына көмектеседі.Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады,тілдік естуін,сөздік қорын молайтады.Жаңылтпашпен жұмыс істегенде оны түсініп қана қоймай,есте сақтау керек.Мнемотехниканы қолдану мақсатында,жеңіл есте сақтау және есте сақтау қабілетінің дамуы қосымша ассоциация білімі жолында жүзеге асады.Жаңылтпаштар мазмұны заттар мен іс-әрекеттердің қарапайым сызбалық бейнелерінің көмегімен іске асады.Аталмыш сызба-тірек арқылы графикалық аналогия мен заттың немесе іс-әрекеттің нағыз бейнесі есте сақтаудың тірегі болып табылады.Жаңылтпашпен таныстыруда тәрбиеші бос кестені есте сақтайды.Әрі қарай бала өзі жаңылтпаш мәтінін мнемосызбаға сүйене отырып,айтады:
Слайд 34
Осылайша басқа да тақпақтар жатталады.
Халық ауыз әдебиетінің тағы
бір түрі-болжамдар.Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжап отырған.Табиғат құбылыстарын болжауды
күнделікті балалармен жүргізу керек.
Слайд 35
Мұндағы көзделетін мақсат-табиғат құбылыстарын тек болжап қана қоймай,оларды
сызба арқылы жаттату.Мнемосызбаны қолдана отырып,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Мысалы,ерте
көктемде қарға су ішсе-күн жылынады.Тауық биікте қонақтаса-күн бұзылады.Бал аралары топтасып ұшса-күн ашық болады.Бұл болжамдарды құрғақ сөзбен жаттатып қана қоймай,тірек түрінде үйретсе-балаларға түсінікті болады,балалардың оны жаттауға деген қызығушылығы артады,болжамды тез жаттап алады.
Слайд 36
Торғай, торғай торғайсың
Ой, балалар,
балалар
Таяу келіп қонғайсың, Қоңырқай күз болыпты.
Жем шашайын тойып ал, Қурап жапырақ солыпты.
Сонда аязға тоңбайсың Ел егінін орыпты.
Олай болса ойынды балаға қай сәттерде,не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өтейік.Балалардың ой-өрісін дамытатын «санамақ» ойыны.Оның басты ерекшелігі-баланың ойлау қабілетін жетілдіру.Баланың ой-өрісін дамыту әрбір ұстаздың міндеті.Санамақтар баланың сөздік қорын молайтады,түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге көмектеседі.Қиындықты жеңуге,шыдамдылыққа баулиды.
Ей, балалар, балалар, Мені жақсы көреді,
Нан қоқымын шашпаңдар. Күдей күліп келеді,
Жерде жатса баспаңдар Көп ертегі біледі,
Теріп алып қастерлеп, Маған айтып береді.
Торғайларға тастаңдар
Слайд 38
Ал,«Жеті лақ» ертегісінде қасқырды-үлкен дөңгелекпен,ешкіні-сұр үшбұрышпен,лақтарды кіші сұр
түсті үшбұрышпен белгілейміз.
Слайд 39
Тақырыбы: «Тас тіріл.»
Мақсаты:Балалардың ақыл-ойын дамыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету,өз ойларын
дұрыс жеткізе білуге баулу.
Шарты:Тәрбиеші балаларға әртүрлі аңдардың,құстардың силуэттерін таратады.Ал,балалар
силуэттерге сүйенеотырып, қажеттісін тауып,әңгімелеп берулері керек.
Тақырыбы: «Цирк» (Даярлық тобына арналған)
Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,ақыл-ойын қалыптастыру,циркте болатын жануарлардың қандай болатынын силуэттер арқылы тауып,әңгімелеп беру.
Слайд 40
Тақырыбы: «Жемістер-көкөністер.»
Мақсаты:Балалардың тілін дамыту,жемістерді,көкөністерді бір-бірінен ажырата білуге үрету,олардың
өзіндік ерекшеліктерін айтып,дәлелдеп беруге баулу.
Шарты:Ойын басында жүргізуші балалардың есіне
мынаны салады: «жеміс деген не?» «көкөніс деген не?» Жемістерге бақтың суреті,көкөністерге бақшаның суреті беріледі.Бұл суреттер үстелдің екі шетіне қойылады.Заттық суреттер,жемістер мен көкөністер төңкеріліп жатыр.Балалар кезекпен бір суреттен алып,атайды,сосын қай топқа жататынын түсіндіреді.Түсіндірме толық түрде өтеді.Мысалы:қызанақ-көкөніс,себебі ол,бақшада өседі т.с.с.Кімде көп сурет-сол бала жеңеді.