жатқан М. С. Горбачевке жоғары лауазымды мемлекеттік, әскери және
партиялық құрылым басшылары келіп, барлық Кеңес Одағының Республикаларының аумағында төтенше жағдай енгізуді талап етті. Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрылып, кеңес халқына арнайы манифест жарияланды.
Бұл манифестте кеңес адамдарының жағдайын жақсарту, жеке меншіктің дамуына мүмкіншілік туғызу, ауылдағы әрбір отбасына 0,65 га жер бөлу, бағаны төмендету, жалақыны өсіру, барлық азаматтарды үй-жай, пәтермен қамтамасыз ету жөнінде уәделер берілді.
19 тамыз күні таңертең Б. Ельцин Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді – жаппай ереуілге, ал әскерлерді Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұйрығын орындамауға шақырды. Сол күні кешке Ресейдің “Ақ үйі” жанында мыңдаған адамдар жиналды, оның көпшілігі жастар болатын.
21 тамыз күні төңкерісті ұйымдастырушылар тұтқындалды. Заңдылық қалпына келтірілді.