Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Түркістан автономиясы және Мұстафа Шоқай

Содержание

ЖОСПАРМұстафа Шоқай өмірбаяныТүркістан АвтономиясыМұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуыТүркістан үкіметінің мүшелеріТүркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануыТүркістан автономиясын және М. Шоқайды зерттеген тарихшыларМ.шоқайдың мақсаты
Түркістан автономиясы және Мұстафа ШоқайМ.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясыТақырыбы:   Орындаған :Жеңісқызы Ләззат ЖОСПАРМұстафа Шоқай өмірбаяныТүркістан АвтономиясыМұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуыТүркістан үкіметінің мүшелеріТүркістан автономиясының үкімет МҰСТАФА ШОҚАЙ(25 желтоқсан,1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) – көрнекті қоғам және М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯЛЫ РЕСПУБЛИКАСЫ Құрылды:1917 жылы 28 қарашаМемлекеттік құрылымы: Ресми Тілдері: қазақша, Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ IV ТӨТЕНШЕ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ҚАТЫСУЫ Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - ТҮРКІСТАН ҮКІМЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ТУЫ ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНА САЙЛАНУЫ 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕН АЛАШ АЗАМАТЫ - М.ШОҚАЙ Әлемге аты мәлім қоғам Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен салған Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер бір М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже. Бұған Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға көшпелі ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫН ЖӘНЕ    М. ШОҚАЙДЫ ЗЕРТТЕГЕН ТАРИХШЫЛАРТарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев М.ШОҚАЙДЫҢ МАҚСАТЫМ.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРҚазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық.
Слайды презентации

Слайд 2 ЖОСПАР
Мұстафа Шоқай өмірбаяны
Түркістан Автономиясы
Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
Түркістан

ЖОСПАРМұстафа Шоқай өмірбаяныТүркістан АвтономиясыМұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуыТүркістан үкіметінің мүшелеріТүркістан автономиясының

үкіметінің мүшелері
Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
Түркістан автономиясын және

М. Шоқайды зерттеген тарихшылар
М.шоқайдың мақсаты




Слайд 3 МҰСТАФА ШОҚАЙ
(25 желтоқсан,1890 жыл, Сырдария
губерниясы, Ақмешіт уезі,
 Наршоқы — 27 желтоқсан, 
1941 жыл, Берлин)

МҰСТАФА ШОҚАЙ(25 желтоқсан,1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) – көрнекті қоғам

– көрнекті
қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан
автономиясының жетекшісі. Ауыл молдасынан хат
танығаннан

кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер
гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт
Петербург Императорлық университетінің заң факультетін
бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін
білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы
демократиялық қозғалыстарға қатысады. Түркия арқылы алғаш Германияға,
сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан»,
«Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы
зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ
жағдайда қайтыс болады.

Слайд 4 М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар

М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және

бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл

көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды... Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.



Слайд 5 ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ
Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз

ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917

ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет.

Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды.

Слайд 6 ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯЛЫ РЕСПУБЛИКАСЫ
Құрылды:1917 жылы 28 қараша
Мемлекеттік құрылымы: Ресми

ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯЛЫ РЕСПУБЛИКАСЫ Құрылды:1917 жылы 28 қарашаМемлекеттік құрылымы: Ресми Тілдері:


Тілдері: қазақша, қырғызша, өзбекше, орысша
Елордасы: Ташкент
Ірі

қалалары:Ташкент, Түркістан
Үкімет түрі: Автономиялы республика
Үкімет басшысы:М. Тынышбаев Премьер-министр:М. Шоқай Мемлекеттік діні: Ислам

Слайд 7 Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан

Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап,

өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан

Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. 

Слайд 8 Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап,

Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік

оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс

аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

Слайд 9 МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ IV ТӨТЕНШЕ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ҚАТЫСУЫ
Түркістан аймағы үшін осы

МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ IV ТӨТЕНШЕ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ҚАТЫСУЫ Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын

ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға

шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады


Слайд 10 ТҮРКІСТАН ҮКІМЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ

Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды

ТҮРКІСТАН ҮКІМЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды.

қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері

мына тұлғалар:
 Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі;
Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі;
 Шахислам Шахияхметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі;
 Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; 
Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі;
 Насырхан төре - халық ағарту министрі;
Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; 
Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; 
Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі;
Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі.

Слайд 11 ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ТУЫ

ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ТУЫ

Слайд 12 ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНА САЙЛАНУЫ
1918 жылы қаңтарда Түркістан

ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНА САЙЛАНУЫ 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы

автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда,

М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлға аттанады.


Слайд 13 ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕН АЛАШ АЗАМАТЫ - М.ШОҚАЙ
Әлемге

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСКЕН АЛАШ АЗАМАТЫ - М.ШОҚАЙ Әлемге аты мәлім

аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен,

азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті . Мұстафаның інісі Нұртаза мен туысы Мырзеке Қалымбетұлы «халық жауымен» хандық қатысы болғаны үшін атылды . Қалғандары қуғын-сүргінге түсті. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша отставкаға ҰҚК қызметкері Ж.Шәкібаев «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітап жазып, М.Шоқайдың қоғам алдындағы жұмысын жоққа шығаруға тырысты. Ал Мұстафаның кінәсы - өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі еді. Айыбы – атамекенге, ана сүтіне адалдығы. М.Шоқай өле-өлгенше осы бағытынан айныған жоқ. Уақыттан асқан кемеңгер бар ма, қазақ зиялылары жан алып, жан беріскен ел егемендігі тарихи мерзімі жеткен күні өз аяғымен келді. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді. Бірақ, қараңғылық қойнауында жанған шамшырақтай Мұстафа есімі жыл өткен сайын жарқырай түсуде.


Слайд 14 Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе

Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен

секілді ауылда, кірпіштен салған қазақы үйде дүниеге келіп, саясаттың

биік тұғырына көтерілуі көбіміз үшін таңғаларлық жағдай. Бала күнінен киіз қазақтың тәрбиесін алады [2]. Осылайша он төртке толар-толмас жасөспірім бейшараның көзіндегі жасты сүртіп, әділеттің ауылын нұсқауға жарап қалады. Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктерді танып біле бастайды. Түркістан халқының қамында бір қасиет пен кесапатты өмірге тоқиды. Өмірден осы кезде алған екінші сабағы – орыс өктемдігі.
Ташкенттегі орыс ұлты мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті, келіспеушілікті көзімен көрді. Ұлтжандылық сезімін оянуына алдымен орыс шовинизмі ықпал етті. Алғашында орыс алпауыттары мен патшаның Ресейдің отаршылық саясатына саналы түрде қарсы шыққан, интеллект түрінде қорғанды. Ауыл қазағының арыз-шағымын жазып, дауына араласу гимназиядағы сабағына көп кедергісін келтірді. Ауыл баласы әлеуметтік мәселемен генерал Самсонов алдына бірнеше мәрте барды. Ол барған сайын орыс озбырлығын Самсоновтың көзіне шығып көрсеткісі келеді. Алайда Самсоновтың жан дүниесі адалдық ауылынан алыс жатыр еді
Ғалым Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев жазғандай «Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңесіне тілмаш етіп алмақшы болады». Бұл мәселенің бір қыры. Екіншісі – тіпті тереңде. Орыс өкілдері отарлау мен саясат ісінде өте тәжірибелі, жергілікті халық өкілдерінен шыққан талантты ноқталаудың сырт көз аңдамайтын нәзік жолдарын біледі. Тілмаштық Мұстафаға қимастық берген қызмет емес, дарынды жастың келешегін кесу еді. Себебі, ел арасындағы тілмаштар қоғамдық теңсіздікке араша түспей, ақша-пара жолымен азғындап, адамдық қасиеттерінен айырылып жатқанын сол кезде өмірдің өзі көрсетті. Сондықтан, Самсонов бұрқылдып шыққан қайнардың көзін көміп тастағысы келді. Өзара қырқысып жатқан орыс чиновниктері осы мәселеде бірауызды болатын.

Слайд 15 Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен

Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер

орыс отаршылдарына келер бір залалды сезді. Мұстафа Шоқайұлы Петербургке

барып, оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, - Заң факультетін қалаймын, - дегенде ішін тартып қалды. Петербургтегі заң университеті қазақтың баласы түгілі, орыстың қолына түспейтін оқу. Орыс отаршылары сауатысыз халыққа әділетті көрінуге ынталы, саналы, талантты қазақтың адамына аша таяқ қояды. «Тілмаш боласың ба?» - деп қамқорсыған Самсонов ақыры айтқаны болмағасын М.Шоқайға гимназиядан тиесілі алтын медалды, Зопрометов есімді орыс балаға бергізіп, бұған күміс медаль бермекші болады. Әділет жеңеді, адал азаматтар қолдауымен алтын медальін алған М.Шоқай орыс генералы қойған тосқауылмен өзі бетпе-бет кездеседі. Демек, Ташкенттің тұтқасын ұстап отырған генерал Самсоновтың Түркістан халықтарына деген пиғылы таза емес. Ал генерал орыс патшалығының өкілі. Бұдан Түркістанға Ресей жүргізіп отырған саясаттың күнгейі мен көлеңкесін бірдей аңғаруға болатын еді.



Слайд 16 М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез

М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже.

үшін үлкен дәреже. Бұған Орынбор генералы – губернаторы Перовскийдің

ұсыныс хаты көмек болады. Бәрі бір реакцияшыл көзқарастағы губернатор ішікі саясаттағы ерекшеліктерді есепке алды. Әділет үшін айту керек орыс мемлекетінің билеуші топтары Түркістан тұрғысындағы отарлық саясат жүргізсе де, Петербургтың ғылым төңірегіндегі зиялы қауымы таланттарды бағалай білді.
М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісіне бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Оның ішінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз, неміс және поляк тілдері бар еді. Мұндай жетістік М.Шоқайдың мәдени көкжиегін кеңейте түскені мәлім. Ал, өмір тәжірибесінен, ұлтаралық саясаттың аса салмағын 1914 жылы думада Мұсылман фракциясына хатшы бола жүріп үйренді. Фракция Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, А.Байтұрсынұлы, Ш.Кәрі секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады. Мұндағы қызметі де өз жерлестерін отаршылардың зорлық-зомбылығынан қорғау болады. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.


Слайд 17 Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы –

Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға

қоныс аударған орыстарға көшпелі қазақтың жайылымы мен қыстауларын күшпен

тартып алып бергені. Мұстафа мәселені сенатқа дейін апаратын. «Бастықтың пиғылы түзу болмаса, заңнан қайран жоқ» деп Бисмарк айтқандай, орыс мемлекетінің отарлау саясатына қарсы тұратын күш жоқ еді. Халық орыс патшасынан осы кезде күдер үзеді. кейін Марияға жазған хатында бала кезін еске алып: «Теміржол біздің ауылдан біраз қашық болатын. Жол басы телеграф бағаналары менжарысатынбыз. Үлкендер бізге осы сымдар арқылы орыс патшасы Николай тұратын қаламен сөйлесуге болатынын әңгіме қылып айтатын. Бар қолымыздан келетіні – бағаналарды қамшыларымызбен осып-осып жіберіп, патшаны сөгу ғана еді», - деп бала кездегі түйсігінің кейіннен расқа шыққанына таңданады. 1917 жылы университет бітіріп, кейбір тарихшылар «Ақпан төңкерісін қуаттап, ол еліне бостандық алып келеді деп түсінді. Эсерлер партиясына мүше болды» - деп жазғандай, Мұстафа Шоқай ұлттық саяси өмірдің тоқсан тарау айрығында тұр еді. Эсерлер партиясына мүше болғаны, болмағаны мұрағаттық деректер арқылы әлі ашылады. Бірақ патшалық Ресейдің аз санды ұлттарға қатысты саясатына М.Шоқай үзілді кесілді қарсы болды.

Слайд 18 ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫН ЖӘНЕ М. ШОҚАЙДЫ ЗЕРТТЕГЕН

ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫН ЖӘНЕ  М. ШОҚАЙДЫ ЗЕРТТЕГЕН ТАРИХШЫЛАРТарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен

ТАРИХШЫЛАР
Тарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен А. Нүсіпханның «М.Шоқай және Түркістан»

мақаласында: «1916 жылы Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысты аяусыз басып жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А.Ф. Керенский және фракция жетекшісі К.М.Тевкеловпен бірге мұсылман фракциясының хатшысы М.Шоқай да болады» - деп жазады.
Бұл М.Шоқайдың өз ұлтына араша түсудің бірден-бір жолы – түрлі партия, уақытша үкімет және эсер жұмысшы солдат кеңесімен түсінісу керек болады.Осының бәрі Орта Азияда өз тағдырын өзі шешетін Түркістан автономиясын құру мақсатында жасалған еді.

Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев

Айтан Нүсіпхан


Слайд 19 М.ШОҚАЙДЫҢ МАҚСАТЫ
М.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі

М.ШОҚАЙДЫҢ МАҚСАТЫМ.Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет

анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта

ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.
«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.


  • Имя файла: tүrkіstan-avtonomiyasy-zhәne-mұstafa-shoқay.pptx
  • Количество просмотров: 127
  • Количество скачиваний: 0