Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему антисептика

Тақырыбы: Хирургия тарихы. Антисептика. Анықтамасы. Пастердің, Листердің және Пироговтың еңбектері. Негізгі антисептикалық заттектер сипаттамасы. Антисептикалық заттектерді қолдану әдістері.
АҚ “Астана медицина университеті” Жоспар: Эмперикалық кезең Антисептика мен асептиканың ашылуы Жансыздандырғыштардың ашылуы1884 жылы дантисит Г.Уэллс тісті жұлу кезінде жансыздандырғыш зат Қан құю тарихы мен қан топтары туралы жаңалықтардың ашылуы Жалпы Эмперикалық кезең қан құюда ең ұзақ алайда қан ауыстыру Физиологиялық кезең Жаңа заман Хирургия саласына үлес қосқан отандық   дәрігерлер Қазақстан медицинасының дамуына және бiрiншiлiк медико-санитарлык көмек керсетуде Антисептика   Антисептика – (anti-қарсы; septicus-іру, шіру) химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық Николай Иванович Пирогов Луи Пастер   1885ж бұл аурумен алдын ала қорғаныш беретін Қолданылған әдебиеттер: «Жалпы хирургия» 2006ж. Қ.Д.Дұрманов Назарларынызға рахмет !
Слайды презентации

Слайд 2

Тақырыбы: Хирургия тарихы.

Тақырыбы:
Хирургия тарихы.

Антисептика. Анықтамасы. Пастердің, Листердің және Пироговтың еңбектері. Негізгі антисептикалық заттектер сипаттамасы. Антисептикалық заттектерді қолдану әдістері.

Слайд 3

Жоспар: I.Хирургияның ашылу тарихыЭмперикалық кезеңАнатомиялық

Жоспар:
I.Хирургияның ашылу тарихы
Эмперикалық кезең
Анатомиялық кезең
Ұлы

жаңалықтардың ашылу кезеңі
Физиологиялық кезең
Жаңа заман хирургиясы
II.Хирургияның ашылуына үлес қосқан отандық дәрігерлер
III.Асептика және анықтамасы
IV.Листер,Пастер және Пирогов еңбектері

Слайд 4

Эмперикалық кезең Ерте заман хирургиясыБұл кезең

Эмперикалық кезең
Ерте заман хирургиясы
Бұл кезең Гиппократ

есімімен байланысты.Ол ең алғаш рет барлық жараларды:
Іріңді
Таза
деп екіге бөлді.
Римде белгілі Гиппократ ізбасары Корнелий Цельс болды.Ол хирургияға арнап трактат жазды.Онда көптеген операция түрлері мен сүйек сынуы,буын шығуындағы емдеу шараларын, қан тоқтатудың тәсілдерін жазды.
Гален атақты Рим дәрігері. Ол ғылымды жетілдіруде жарақаттарды емдеу,дренаж орнына қола түтіктерді орнату,қанда тоқтатудың өзіндік әдісін,байлап тоқтату ғана емес,сонымен қатар,бұрау арқылы қанды тоқтатуды ұсынды.

Орта ғасыр хирургиясы
Жалпы орта ғасыр хирургиясы Европада өте жақсы байқалды.Итальян хирургі Лукка XII жанcыздандырғыш ретінде арнайы губкаларды пайдаланды.Оның құрамынды қаныққан заттар болды.Осы заттармен аз ғана дем алу естен және ауру сезімдеріне айыра білді.Бруно де Лангобурго XIII ғасырда жараның біріншілікті және екіншілікті жазылуын ажыратты.Француз хирургі Мондевиль жараны тігудің негізін қалады.


Слайд 5

Анатомиялық кезең

Анатомиялық кезең

Парацельс көптеген соғыстарға қатысып,жараны емдеудің әдіс тәсілдерін ашты. Ол бұл үшін көптеген тігетін заттар мен арнайы химиялық заттарды қолданды.Ол науқастың жалпы жағдайын көтеру үшін емдік сусындарды ұсынды.

Уильям Гарвей ашқан қанайналым жүйесі болды.Ол жүректің организмдегі қанайналымды реттеп отыратын орталық орган екенін айтты.Ол озінің “Exertitatio anatomica de motu cordis et sanuinis in animaiibus”атты классикалық еңбегінде алғаш рет үлкен және кіші қанайналым шеңберін жазды.Ауаның айналымы өкпедегі қантамырларымен реттелетінін дәлелдеді.

Паре әскери хирургиямен шұғылданды.1552 жылы ол жарада қансырап тұрған тамырға аспапты салуды ұсынды.Ол аспап қазіргі кезде қанды тоқтатуға қолданылып жүрген қысқыштардың барлық түрлерінің бастапқысы болды.Паре көптеген бақылаулардың нәтижесінде сол кезде айтылып жүрген қандай да болмасын оқ жарасы уланған болып табылады деген ұғымды жоққа шығарды және осыған байланысты жараға қайнап тұрған майды құю қажеттілігінен бас тарту керек екендігін ұсынды.1575 жылы Паре ең алғаш протезді ойлап тапқан,ол әрі акушер бола отырып,ұрықтың бір жағынан екінші жағына айналдыру әдістерін ұсынған.Ол әдіс қазіргі кезде де гинекология саласында қолданылады.


Слайд 6

Ұлы жаңалықтар кезеңіБұл кезеңде үш

Ұлы жаңалықтар кезеңі
Бұл кезеңде үш

негізгі фундаментальды жетістіктер ашылды

практикада асептика
мен антисептиканың
ашылуы

Жансыздандыр-
ғыштардың
ашылуы

Қан топтарының
ашылуы және
қан құюдың
мүмкіндіктері


Слайд 7 Антисептика мен асептиканың

Антисептика мен асептиканың ашылуы   XIX ғасырда

ашылуы
XIX ғасырда хирургтар инфекцияға

қарсы тұра алмады.Мысалы, Пироговтың 400 солдатының арасында 10 солдаты қан құйғаннан кейін сепсистен қайтыс болды, сол сияқты 1850 жылы Парижде 560 операция жасалған науқастың 300 қайтыс болған.Осылайша ғасыр соңына дейін жалғасқан инфекциямен күрес өз нәтижесін тауып асептика мен антисептика шаралары пайда болды.Асептика мен антисептиканың бес этапын бөлді:
Эмперикалық кезең
Листергедейнгі антисептика
Листер антисептикасы
Асептиканың пайда болуы
Жаңа заманғы асептика мен антисептика
Микробиологиядағы жетістіктер хирургиялық инфекциялармен күресудің профилактикалық принципін ұсынды.Ең маңыздысы хирург қолындағы және жарақатқа түскен,жанасу арқылы жұққан инфекцияларға қарсы асептикалық шаралар болды.Бұл салада көп еңбек еткен К.Шиммельбуш пен Э.Бергман болды.

Слайд 8 Жансыздандырғыштардың ашылуы
1884 жылы дантисит Г.Уэллс тісті

Жансыздандырғыштардың ашылуы1884 жылы дантисит Г.Уэллс тісті жұлу кезінде жансыздандырғыш зат

жұлу кезінде жансыздандырғыш зат ретінде азот тотығын пайдаланады. .Жансыздандыру

кезінде науқас аман қалады. 1846 жылы американ химигі Джексон мен тіс дәрігері Мортон эфир буы арқылы жансыздандырады. Бұл кезде науқас есі мен ауру сезімі жойылады.1846 жылы 16 қазанда Бостон ауруханасында жиырма жастағы науқасқа Гарвард унивеситетінің профессоры Джон Уоррен наркоз көмегімен жақ маңындағы ісікті алып тастайды. Науқасқа наркозды Уильям Мортон жасайды.Наркоз ретінде эфирді қолданады. Бұл күн медицина тарихында анестезияның ашылу күні болып есептеледі.
Ресейде 1847 жылы 7 ақпанда Москва университетінде Ф.И.Иноземцев эфир буын қолданып наркоз жасады. Сонымен қоса А.М.Филомафитский мен Н.И.Пирогов анестезиологияда үлес қосты.Пирогов наркозды ауру маңына енгізудің әртүрлі тәсілдерін енгізді. Олар: трахеяға, қанға, азқазан ішек жолдары арқылы.

Слайд 9 Қан құю тарихы мен қан топтары туралы жаңалықтардың

Қан құю тарихы мен қан топтары туралы жаңалықтардың ашылуы Жалпы

ашылуы
Жалпы қан құюдың тарихының үш кезеңі бар:
Эмперикалық кезең
Анатомо

физиологиялық кезең
Ғылыми кезең

Слайд 10 Эмперикалық кезең қан құюда ең

Эмперикалық кезең қан құюда ең ұзақ алайда қан ауыстыру

ұзақ алайда қан ауыстыру туралы еш ақпаратсыз кезең болды.Алғаш

рет қан құюда Гарвей ашқан қанайналым жүйесінің мәні зор болды.1666 ж ағылшын анатом, физиологы Лоуэр күміс түтікшенің көмегімен бір иттен екіншісіне қанды жақсы нәтижемен құйып шықты.1819 ж Блендель бір адамнан екіншісіне қан ауыстырып құйды.
Ғылыми кезеңде 1902ж Ландштейнер қанның үш тобын анықтады (А,В,С).
1907ж Чех ғалымы Янский қанның төрт тобының бар екенін айтты.



Слайд 11 Физиологиялық кезең

Физиологиялық кезең      Бұл


Бұл кезеңде атақты неміс дәрігерлері Б.Лангбенг, Ф.Тренделенбург өмір сүрді. Сонымен қоса француз хирургі Р.Лериш аорта мен артерияның аурулары кезінде қолданылатын операцияларды бөлді.Жалпы физиологиялық кезеңде хирургтар наркоздың летальды асқынуларынан қорғана отырып сабырлы және сенімді түрде операцияларды жасай білді.

Р.Лериш


Слайд 12

Жаңа заман хирургиясы  Трансплантология -

Жаңа заман хирургиясы
Трансплантология -

үлкен индустрия. Мүшелерді алмастырып салу үшін донорлық сұрақтарды шешу керек. Олар: мүшелердің консервациясы, иммунологиялық және иммуно-супрессиялық сәйкестілікті анықтау. Маңызды рольді анестезиология, реаниматология, транзфузиология алады.

Кардиохирургия-қазіргі кезде жүректің жұмысын уақытша тоқтатуға содан соң ішкі кеңістігіндегі дефектілерді қалыпқа келтіріп, қайта жұмысқа қосуға болады. Қазіргі кезде мұндай операциялар көп мөлшерде қолданылады. Жүрек уақытша тоқтап тұрған кезде қанайналымның жасанды түрде функциясын атқаратын аппараттар бар. Ол үшін арнайы инструменттер, сапалы маниторлар, яғни жүректің және организмің жұмысын бақылау үшін, ұзақ уақытты өкпені жасанды желдеткіш аппараттар т.б қолданылады.


Слайд 13 Хирургия саласына үлес қосқан отандық дәрігерлер

Хирургия саласына үлес қосқан отандық  дәрігерлер   А.Н. Сызганов

А.Н. Сызганов атындагы FXO -та

бауырдың ауруларында, сарғаюмен асқынган өт-тас ауруларында, холецистэктомиядан кейiнгi синдромдарда өт жолдары мен ұйқы безiнiң реконструктивтi операцияларында бұрынгы хирургиялық емдеу тәсiлдерi жетiлдiрiлуде. Лазердiң көмегімен бауырдың эхинококкозы кезiндегi қалатын қуысты жою әдiсiн жетiлдiруде. Tұңғыш рет республикада плазмалык, скальпель, криогендi тәсiл мен лазерлiк әдiстi қосып пайдалану қолданылуда. Ультрадыбыстың бақылауымен пункциялык, дренирлеу әдiсi, бауырдың құрт емес қапшықтарын емдеуде қолданылып жүр, бауырдың атипиялык және секторальдi резекциялары жасалынады. Лапароскопиялык тәсiлмен жарықты тiлу, аппендэктомия, айыршық безiнiң, аналық бездердiң, бүйрек үстiндегi без бен өкпенiң қапшықтарын алып тастау қолданылады.

Мұхтар Алиев


Слайд 14 Қазақстан медицинасының дамуына және

Қазақстан медицинасының дамуына және бiрiншiлiк медико-санитарлык көмек керсетуде Букiлодақтық

бiрiншiлiк медико-санитарлык көмек керсетуде Букiлодақтық Денсаулық сақтау ұйымының Ұлы

Алматылық декларациясының жүзеге асуына үлкен үлесiн қосқан - медицина гылымдарының докторы, профессор, академик Төрегелдi Шарманұлы Шарманов болып табылады. Ол 1971 - 1972 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрi қызметiн атқарды. Т.Ш. Шарманов 1973 жылы КСРО Медицина Fылым Академиясының тағамтану институтының Қазақстандағы филиалын ашып, кейiннен ол Қазақ тағамтану институтына айналды, биохимия, иммунология, тамақтану, сондай-ақ диетопрофилактика және диетотерапия бойынша Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда үлкен ауқымды мәселелердi қамтып, хирургиялық ауруларды емдеуде үлесiн қосты. Оның басқаруымен 36 докторлық, 170 кандидаттьқ диссертация қорғалды, 350-ден астам жұмыстардың авторы болды.

Төрегелді Шарманов


Слайд 15 Антисептика
Антисептика – (anti-қарсы; septicus-іру, шіру)

Антисептика  Антисептика – (anti-қарсы; septicus-іру, шіру) химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық

химиялық, биологиялық, механикалық, физикалық жолмен жараға түскен инфекцияны

жойып, оны залалсыздандыруды айтады. Антисептикалық препараттар, антисептиктер, химиялық заттар микробқа қарсы әсер көрсетеді.

Слайд 17

Николай Иванович Пирогов

Николай Иванович Пирогов

(1810-1881)

Пирогов алғаш рет әлемде маскалы түрде эфирлі наркозды қолданды. Бұл эксперимент Пироговты таңқалдырды. Алғаш рет операция еш қозусыз және қимыл қозғалыссыз, еш айқайсыз өтті. Сонымен қоса Пирогов гигеналық шараларды қатаң ұстанып халық арасында гигиена шараларын түсіндірді.
Пирогов тек қана хирург қана емес ол сонымен қоса күшті диагност болды. Пирогов соғыс жылдары наркозды қолданып, сүйек сынулар кезінде гипсті таңғыштарды пайдаланды. Оған тиесілі болған травматикалық шоктың классикалық түрі болды. Орыс- түрік соғысы кезінде ол Н.А.Вельяминовпен бірге жараларды емдеу үшін антисептикалық заттарды қолданды. Ол сүйек пластикалық операцияларды жүргізді, табанның остеопластикалық ампутациясын ұсынды, бұл әйгілі операция қазіргі кезде де қолданылуда. Жаңа тәсілдермен мәйіттерді мұздатып қатыру әдісін қолдана отырып, ол мәйіттерді әртүрлі жазықтықта тіліп, осы арқылы адам тәнінің топографиялық анатомиясын зерттеді.
Пирогов дезифекция жасау үшін спиртті ерітінді, ляпис, йодты тұнбаны қолданды.


Слайд 18

Джозеф Листер

1865 жылы ол карбол қышқылының антисептикалық қасиеті барына көзі жетіп, ашық сынық кезінде арнайы ерітіндімен таңғышты қолданды да операция ауасында карбол қышқылын септі.
Листер бойынша антисептикалық шаралар:
Карбол қышқылын операция ауасына себу;
Инструметтерді, тігіс және таңғыш материалдарды өңдеу, хирург қолын 2-3% карбол қышқылымен өңдеу;
Операция алаңын карбол қышқылымен өңдеу;
Арнайы таңғыштарды қолдану: операциядан кейінгі жараны көп қабатты таңғышпен жабу, ол қабаттар карбол қышқылымен қаныққан болуы керек;


Слайд 19 Луи Пастер
1885ж бұл аурумен

Луи Пастер  1885ж бұл аурумен алдын ала қорғаныш беретін

алдын ала қорғаныш беретін егу өзіне салынады. Пастер алғаш

рет пастеризация әдісін қолданды. Яғни пастеризация дегеніміз 60-70˚С 15-20мин тағамдық өнімдерді бір реттік қайнату. Бұл кезде спора түзбейтін бактериялар жойылады да, бірақ толық залалсыздандыру болмайды, ал спора түзетін бактериялар тірі қалады. Бұл әдісті жоғарғы температураны көтере алмайтын тағамдық өнімдерді алдын- ала бүлінуден сақтандыру үшін қолданады. Өндірістік масштабта пастеризация әдісін сүт, вино, пиво өнімдерін сақтандыру үшін жасайды, одан кейін төменгі температураға қою споралардың өсуінің алдын алады.

Слайд 20 Қолданылған әдебиеттер:
«Жалпы хирургия» 2006ж. Қ.Д.Дұрманов 26-28

Қолданылған әдебиеттер: «Жалпы хирургия» 2006ж. Қ.Д.Дұрманов 26-28 беттер

беттер аралығы
«Общая хирургия»1993ж. В.К.Гостищев 15-18 беттер аралығы
«Общая хирургия»2005ж. С.В.Петров

45-62 беттер аралығы
www.google.ru
www.yandex.ru
www.mail.ru

  • Имя файла: antiseptika.pptx
  • Количество просмотров: 269
  • Количество скачиваний: 0