ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін
зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика — саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия — тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді.