Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өлеңді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа
дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдыларына үйрету.
Шала- жансар көк кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға болады. 4. Балалардың арасындағы достыққа өз көзқарасынды білдір. Достық туралы әңгімеле. 5 топ. Достық туралы мақал- мәтел айт.
Слайд 5
ГУМЕРОВ МАШҚАР (1927–2002) 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді
мекенінде ауыл молдасының отбасында туған.
1937 жылы үйішімен Солтүстік Қазақстан
облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.
1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген. Ал 1943–1946 жж. ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны тамамдаған соң, МТСтің учаскелік агрономы болды. 1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді. Главлитода цензор, «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, 1957–
1977 жж. «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.
Слайд 7
Әлімбаев Мұзафар Қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы
29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге
келген. Мұзафар Әлімбаев - қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-верситетінің түлегі (1965), ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1978), Қазақстанның халық жазушысы (1994), Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996). М. Әлімбаев 1948-1958 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1958-1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды.