Наурыз мейрамы – адамзат тарихындағы көне мерекелердің
бірі. Наурыз діни мейрам емес, ол – тұрмыстық-шаруашылық мейрам. Наурыз
– жыл басы. Наурыз айының 22-сінде күн мен түн теңеледі. Наурыз адамзатты еңбекке баулиды, тәрбиелі болуға шақырады. Наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» не «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Бұл күнді ата-бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас – наурызкөже әзірлеген. Наурыз мерекесін шығыстың көптеген халықтары тойлайды. Наурызда адамдар ән айтып, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады. 1991 жылы наурыз айының 15-інде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен наурыздың 22-сі бүкілхалықтық мереке болып жарияланды. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері наурыз мейрамын тойлайды.
Слайд 22
Сұрақтарға жауап беріңдер. Наурыз мейрамы қандай мереке? Наурыз
жылдың қай мезгілі? Наурыз сөзі қай тілден енген? Наурыз
адамзатты неге баулиды, неге шақырады? Наурызды ата-бабаларымыз қалай қарсы алған? Наурызкөже неше түрлі тағамнан әзірленеді? Наурыз мерекесі қай күні тойланады? Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойналады? Наурыз мерекесінде адамдар қандай киімдер киеді? Наурызды қандай халықтар тойлайды?
тапсырмалар:
І деңгей: 1) Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
2) Сын есімдердің құрамына қарай түрлерін
анықта.
ІІ деңгей: 1) Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
2) Сын есімдерді құрамына қарай талда.
3) Сын есімдермен сөз тіркестерін
құрастыр.
ІІІ деңгей: 1) Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз.
2) Сын есімдерді құрамына қарай талда.
3) Сын есімдермен сөйлемдер құрастыр.