Слайд 5
Қара сөздер туралы түсінік
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық,
әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ
халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Слайд 6
Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында
жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған.
Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Слайд 7
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа
бөлу:
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 -
сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.