Слайд 3
Мақсаты: А.Шаяхметовтың өмірі және шығармашылығы туралы толық мәлімет жинап
зерттеу, әдебиетке қосқан үлестерін насихаттау.
Слайд 4
Міндеті: А.Шаяхметовтың өмірбаяны туралы мәліметтер жинақтау; -Ақынның шығармаларын зерттеп жан-жақты
қарастыру.
Слайд 5
Ақылбек Шаяхметов
“Ақылбек Шаяхметтің кітаптарын қай жағынан алып қарасаң
да, бүлдіршіндер көңілінен шығатын бұл өлеңдер кім-кімді де қызықтырары
сөзсіз. ”Алуан-алуан ағаш бар”, “Жазда келсең бақшаға”, “Сандар ауылында”, “Шынар дейтін бір қыз бар” атты топтама-цикл өлеңдері өзіндік қыры мен сыры бар, мазмұны терең, сюжеттік дүниелер. Оның өлеңдері Отанды сүюге, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге баулиды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар бала тілін жаттықтыруға, ертегілер мен аңыздар ой өрісін кеңейтуге көп көмегін тигізері анық.”
“Күлімдейді күніміз” ақын Ақылбек Шаяхметтің балаларға арналған тұңғыш
жинағы. Соған қарамастан, автор бөбектер тілін, мінез-құлқын жақсы білетіндігін, сол білгенін өлең жолдарына түсіруде өзіндік қолтаңбасын, шеберлігін, тапқырлығын байқатады. Сонымен бірге Ақылбек өлеңдерінде балаларды елең еткізіп, риясыз күлкіге бөлейтін әдемі юмор басым. “Алатаудың етегі, Алма деген жетеді. Алма дейді неге оны, Алғым келіп кетеді” – деген сияқты өлең жолдары осының айғағындай. Автор өлеңдері қысқа да дәмді, бала ұғымына жеңіл, тез жатталады
Слайд 8
Ақылбек Шаяхмет драмалық шығармалар тізімі: *
“Наурыз тойы”.
1992 ж. Қостанай: Мұғалімдер білімін жетілдіру институты
* “Тақтақ ақындар және ділмар шешендер”. 2006 ж. Қостанай: ҚМУ баспаханасы.
“Ақсұлу“. Тарихи драма. Радиопьеса. 1985 жыл. Қазақ радиосы.(Алтын қорға қабылданған)
* “Наурыз тойы келгенде“. Сахналық қойылым. 2000 ж. Қостанай қалалық мәдениет бөлімі.
“Алғыс пен қарғыс“. Спектакль. 2002 ж. Н.Ахметбеков атындағы Жанкелдин аудандық халық театры.
* “Алаштың асылы“. Спектакль. 2005 ж. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Жас өркен» жастар театры.
* “Таза бұлақ“. Спектакль. 2006 ж. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры. Автор қатысқан басты шаралар: 1964 – Жітіқара қаласында сыныпаралық оқушы ақындар айтысы. 2009 – Қостанай ауданында өткен Нұржан Наушабайұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасады. 2010 – Түркияда Анкара және Стамбул қалаларында өткен «Диалог–Еуразия» платформасының кездесулеріне қатысты.
Слайд 12
1.Эсселер мен мақалар жинағының атауы / “Пирамида”/ 2. Ақынның
драмалық поэмасы / “Ақсұлу”/ 3. Қостанай облысының қазақ газеті /
“Қостанай таңы”/ 4. Ақын қай газетінде тұңғыш редакторы болған?/ “Дала қоңырауы”/ 5. Орыс тілінде жарық көрген жинағы. / “Моя орбита”/ 6. Ол қай ауылда туған? / Желқуар / 7. Еңбек жолын қайда бастаған? / Шевченко /