қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі
табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.Алтай тауынан Қап (кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірде күшейіп, бірде әлсіреп, сан ғасырды артқа тастаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді Еуразияда үстемдік құрған ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды. Бұл жөнінде Еуразия тарихын терең зерттеген ғұлама ғалым Л.Гумилев өте парасатты ойлар айтқан.