және сандық шектеулер алынған;
Кедендік одақ – жоғарылардан басқа,
үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;
Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;
Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.
Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.
1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді.