Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері

Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері   Тіл біліміндегі психологизм Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының Кеңес тіл білімінде психолингвистика (первоначально теория речевой деятельности) А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі Активная разработка психолингвистических проблем ведётся в Германии, Франции, Польше, Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны: - сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік Әдебиеттер1 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1975.2 Звегинцев В. Проблемы
Слайды презентации

Слайд 2 Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың

Психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін

көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады.

Лингвистикалық психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгерістерге тәуелді етеді. Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне, қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға, солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді.
Жалпы алғанда, жалық тілі, қоғам тілі деген – жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады. Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп аталады.


Слайд 3 Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында

Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы

жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір

тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады.
Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады.
Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.

Слайд 4 Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда

Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан

пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды.

Солардың бірі – жас грамматистер мектебі.
Жас грамматистер тілді жеке адамдардың психофизикалық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Бұл – олардың бүкіл концепцияларының негізі. Олар тілдегі өзгеріс-құбылыс атаулының барлығы да индивидуумның психофизикалық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты дейді.
Ф. де Соссюр концепциясында «тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы, – деп жазады де Соссюр, – біз әлеуметтікті индивидуалдықтан бөліп аламыз. Сөйлеуде ұжымдық ештеме жоқ, ол түгелімен индивидуалдық».


Слайд 5 Психологиялық бағыттың үлкен бір

Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын алып

тармағы Америка лингвистикасынан орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың

Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды.
Кітапта психолингвистиканың негізі – сөйлеу әрекеті және оның коммуникативтік сипаты делінген. Америка психолингвистерінің ғылыми тұжырымдамалары бойынша тіл білімінің негізгі міндеті – тілдік ақпаратты кодқа түсіру, сөйлеу, сөйлесу әрекеттерінің қалай жүзеге асатындығын, сөйлеу әрекетінің сөйлеушілер психикасымен қатынасын; қабылдау, түсіну процестерін зерттеумен шұғылдану дегенді айтады.

Слайд 6 Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды

Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет

зерттеулер негізінде жинақталған, шет тілдерді меңгеру, онтогенездегі адамның сөйлеу

алу қабілетінің қалыптасуы, адамзат қоғамында сөйлеу коммуникациясын жүзеге асырудың ерекшеліктері сияқты гносеологиялық, фактологиялық материалдар негізінде талданады.
Осылайша, психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу, сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырдың 50-жылдары лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде пайда болған.


Слайд 7 Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы

Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының

А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен,

оның ішінде, адамның интеллектуалды әрекеттерінің психикалық табиғатын зерттеудегі ғылыми танымның даму қажеттіліктерімен байланыстырады. Өйткені адамның санасы, ойы, қиялы, сезімі т.б. психикалық қасиеттері сөйлеу әрекеті үстінде көрінеді.
Мәселен, ойлау психологиялық тұрғыдан әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің адам санасында жалпы және жанама бейнеленуі болса; сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс қиял болып табылады. Бұл бейнеленулер адам ойының талдану және біріктіру әрекеттері арқылы айқындалады.


Слайд 8 Кеңес тіл білімінде психолингвистика

Кеңес тіл білімінде психолингвистика (первоначально теория речевой деятельности) ориентитруется

(первоначально теория речевой деятельности) ориентитруется на психологические и неврологические

теории Л. С.Выготского, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьева, Н.И.Жинкина и на лингвистическое идеи Л.В.Щербы, Л.П.Якубинского, М.М.Бахтина, С.Д.Кацнельсона, Л.Р. Зиндера. Отечественные психолинвистические школы имеются в Москве (А.А. Леонтьев, Т.В. Ахутина-Рябова, И.А. Зимняя, Р.М. Фрумкина, А.М. Шахнарович, Е.Ф. Тарасов, Т.М. Дридзе, А.И. Новиков), в Петербурге (Л.Р. Зиндер, В.Б. Касевич, Л.В. Сахарный, Т.И. Зубкова, А.С. Штерн), в Саратове (И.Н. Горелов), в Твери (А.А. Залевская и её ученики), в Перми (Л.Н. Мурзин и его ученики).

Слайд 9 А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі

А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге

«сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген

пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдіс­тәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады.
Психолингвистиканың келесі зерттеу пәні – индивидуалды сөйлеудегі ойлау әрекетін іске асырушы құрылым мен мазмұн ретінде тілдік жүйе, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметі қарастырылса, осы сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы тәсіл ретінде адам баласының сөйлеу қабілеті қарастырылады. Өйткені, сөйлеу ̶ айтылатын сөз, ой-пікірлерді туғызушы және қабылдаушы процесс.

Слайд 10 Кеңес және шетел тіл ғылымында

Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі

психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы

жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек.
Көптеген ресейлік ғалымдар қазіргі таңда жалпы мазмұнға ие А.А.Леонтьевтің анықтамасын ұстанғанды жақсы көреді: «Психолингвистика пәні ̶ сөйлеу әрекетінің қызметі мен құрылымын адам әлемінің бейнесін түзуші тілдік жүйемен өзара қатынаста қарастырады».
Психолингвистиканың зерттеу нысаны ̶ белгілі бір тілді қолданушы ұжымдық сана, сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, сөйлеу коммуникациясы, сөйлеуді қалыптастыру процестерін және онтогенездік сипатта тілді меңгеру сияқты мәселелерді кеңінен қарастыруды меже етеді.


Слайд 11 Активная разработка психолингвистических проблем ведётся

Активная разработка психолингвистических проблем ведётся в Германии, Франции, Польше,

в Германии, Франции, Польше, США и многих других странах. 

Қазақстандағы психолингвистика салыстырмалы түрде қазақ тілтанымында енді ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы болып табылады. Қазақ психолингвистикасы саласында Э.Сүлейменова, Т.Аяпова, Н.Шаймерденова, Л.Екшембеева, Г.Мәдиева, Ә.Шаяхметова, Х.Ордабековалардың жүргізген тілдік зерттеулердің қоры біршама жинақталған деуге болады [1]. Қазіргі қазақ тіл білімінде психолингвистика саласы төмендегідей бағытта өз зерттеулерін жүргізуде:
 Қазақ психолингвистикасының негізгі бағыттары
Тілші-ғалымдар
Тілді екінші тіл ретінде меңгертудің психолингвистикалық сипаты
Л.Екшембеева, И.Жоламанова, Г.Утебалиева
Билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері (социопсихолингвистикалық аспект)
А.Шаяхметова, И.Винницкая
Тілдік сананың ұлттық-мәдени ерекшеліктері (этнопсихолингвистикалық аспект)
Г.Мәдиева, Б.Ахатова, А.Ерімбетова, Ш.Жарқынбекова, Ұ.Мұсабекова, Х.Ордабекова
Сөйлеу патологиясы (нейролингвистикалық аспект)
М.Ақберді, Б.Уатаева



Слайд 12 Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны:
- сөйлеу әрекетінің субьектісі

Психолингвистика ғылымының зерттеу нысаны: - сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының

танылатын адамзат баласының тілдік санасы, ұжымдық сана;
- сөйлеу

коммуникациясы, сөйлеудің туындауы және оны жүзеге асыру процесі;
- шет тілін оқыту және оны меңгеру процесі.


  • Имя файла: psiholingvistika-ғylymynyң-қalyptasu-tarihy-men-damu-kezeңderі.pptx
  • Количество просмотров: 150
  • Количество скачиваний: 0