Слайд 2
Дәрістің жоспары
мұз бен тығыздалған қарды жоюға арналған
машиналардың қызметі;
мұзды
жоюға арналған машиналардың жіктелімі;
машиналардың құрылысы;
мұзды жоюға арналған машиналардың
есебі.
Слайд 3
Автомобиль жолдарының жамылғыларындағы қар белгілі жағдайларда қопсытылған және
сусымалы күйден қатты күйге өтуі мүмкін. 0°С төмен температурада
қар автомобиль доңғалақтарымен тығыздалып, аяз болған жағдайда тығыз мұзды-қарлы қабат түзіледі.
Слайд 4
Жүру бөлігінде қардың күйі, оның доңғалақтар салдарынан тығыздалуы
мен жамылғының бетіне қатуы екі негізгі көрсеткіштермен, яғни ішкі
үйкеліс күштері мен бетпен ілінісу күштерімен сипатталады.
Слайд 5
Қар қопсытылған күйде болған кезде осы көрсеткіштердің шамасы
аз болады және жүру бөлігінен осы қарды алу үшін
аз күшті қажет етеді.
Слайд 6
Жол беттеріндегі Қарлы мұзды түзілулер екі негізгі көрсеткіштерімен
анықталатын қала жолдарының көліктік-пайдаланушылық сипаттамаларына ісер етеді. Ол көрсеткіштер:
доңғалақтардың тербелісінің кедергі коэффициенті және доңғалақтардың жамылғымен ілінісу коэффициенті.
Слайд 7
Қатты қар түсуі кезінде машинаның қардан өтуіне қажетті
кедергісіне төтеп беру қуаты артады, сәйкесінше олардың өнімділігі, сонымен
қатар тасымалдаудың өзіндік құныда артады.
Слайд 8
Қозғалыс кедергісі мен асфальттыбетон жамылғысының тербеліс кедергісінің коэффициенті
арасындағы тәуелділік келесі формуламен өрнектеледі:
Слайд 9
мұндағы N – қарлы жамылғы кедергісінен өтуге жұмсалатын
қозғалтқыштың қуаты, л. с;
G – автомбиль массасы, кг;
f – тербеіс кедергі коэффициенті
(таза құрғақ асфальт жамылғысы үшін f = 0,02, қарлы жамылғы үшін f = 0,1-0,2).
Слайд 10
Келтірілген формуладан көретініміз, қар қабатымен жамылған жолда қозғалыс
жылдамдығын арттыру үшін қуатты арттыру қажет, яғни құрғақ таза
бетпен қозғалысқа қарағанда артық энергия шығындалады.
Слайд 11
Автожолдарды мұз бен тығыздалған қардан тазалау жұмыстарын орындау
үшін мұз жарғыш машиналар қолданылады. Берілген машиналар тығыз қар
мен мұзды жаратын жұмыс мүшелерімен жабыдқталған. Негізінен трактор мен арнайы шассиге ілінеді.
Слайд 12
Тығыздалған қарды жоюға арналған машиналардың жіктелімі
Слайд 13
МҰЗЖАРҒЫШТАРДЫҢ ЖҰМЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ СХЕМАЛАРЫ
а) ПЫШАҚ; б) фреза; в)
вибрОБАЛҒА
а) нож; б) фреза; в) молот.
Слайд 14
МТЗ 80/82 ТРАКТОРЫ БАЗАСЫНДАҒЫ ПЫШАҚТЫ ЖҰМЫС МҮШЕСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН
МҰЗЖАРҒЫШТАР КЕҢІНЕ ТАРАЛҒАН.
Слайд 15
МҰЗЖАРҒЫШ МАШИНАЛАРДЫҢ СХЕМАСЫ
1-СОҚА; 2-трактор;3-МҰЗЖАРҒЫШ ЖАБДЫҒЫ; 4-цилиндрЛІК ЩЕТКА
Слайд 16
ЖҰМЫС ЖАБДЫҒЫНЫҢ СХЕМАСЫ
1- ТАРАҚ ТӘРІЗДЕС
ПЫШАҚ; 2-плита; 3 – ЩЕТКАНЫ ИТЕРУШІ;
4-рама; 5-гидроцилиндр; 6-АРҚАЛЫҚТАР.
Слайд 17
ЖҰМЫС ЖАБДЫҒЫ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТРАКТОРЫ ОСТЕРІ АРАСЫНДА
ОРНАТЫЛАДЫ. ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ ТАРАҚ ТӘРІЗДЕС ПЫШАҚТАР ҚАРДЫ ЖАРЫП, ЩЕТКАНЫ
ИТЕРУШІЛЕР ОНЫ ЖАНЫНА ҚАРАЙ ИТЕРЕДІ. ҚАР МЕН МҰЗДЫ ЖАРУ ЖОЛАҒЫНЫҢ ЕНІ 600 ММ-ГЕ ТЕҢ, АЛ ҚАЛҒАН ҚАР ПАРАЛЛЕЛЬ ӨТУ АРҚЫЛЫ ТАЗАЛАНАДЫ.
Слайд 18
ҚОЗҒАЛМАЛЫ ТІРЕУДІҢ ҚОЗҒАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РАМАНЫ ЖҰМЫС КҮЙІНЕ ТҮСІРУ
КЕЗІНДЕ ПЫШАҚТАР ЖОЛ БЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ КҮЙІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. ЕКІ
ПЫШАҚТЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ РАМА БОЙЫНША ҚОЗҒАЛАТЫН ПЛИТАДА ОРНАТЫЛҒАН.
Слайд 19
ПЛИТА ЖҰМЫС КҮЙІНДЕ ПЫШАҚПЕН БІРГЕ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН
ҰСТАТЫЛАДЫ. ПЫШАҚТАРДЫҢ ФормаСЫ ТАРАҚ ТӘРІЗДЕС. БҰЛ ТЫҒЫЗДАЛҒАН ҚАРДЫ ЖАРУҒА
АРНАЛҒАН ҚАЖЕТТІ КҮШТІҢ АЗАЮЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ. ҚАРДЫҢ БЕРІКТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘРБІР ПЫШАҚ МАШИНАНЫҢ ЖЕТЕКШІ ДОҢҒАЛАҚТАРЫ АЛДЫҢДАҒЫ ЖОЛАҚТА ҒАНА ҚАРДЫ ЖАРАДЫ.
Слайд 20
ЖАБДЫҚ КЕЛЕСІ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ: ЖАРТЫЛАЙ РАМАЛАРДЫҢ РЕТТЕГІШ
БҰРАНДАЛЫ МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ КӨМЕГІМЕН ПЫШАҚТАРДЫ КЕСКІШ ЖИЕКТЕРІ ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫСЫНАН 2-3
ММ БИІКТІКТЕ ОРНАЛАСТЫРДЫ
Слайд 21
САҚТАНДЫРҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ СЕРІППЕСІН РЕТТЕЙ ОТЫРЫП, ПЫШАҚТЫ ПЛИТАМЕН ҚОСА
ЖҰМЫС КҮЙІНДЕ ҰСТАП ТҰРАТЫН КҮШТІҢ ШАМАСЫН ОРНАТАДЫ. ПЫШАҚ КЕДЕРГІЛЕР
НЕМЕСЕ ТЕГІССІЗ ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫЛАРЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ПЫШАҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН КҮШТЕР АРТАДЫ.
Слайд 22
Мұзжарғыш машиналардың есебіне:
- машинаның тарту есебі,
-
әртүрлі қасиеттері бар тығыздалған қарды жару кезінде пайда болатын
күштерді анықтау,
- орнықпаған режимдегі машина қозғалысының шарттары
- машина жұмысының орнықтылығының шарттары.
МҰЗЖАРҒЫШ МАШИНАЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Слайд 23
1. Мұз жарғыш машинамен қозғалған кезде жұмыс режимінде
жалпы кедергі келесіге тең:
Wр = Gск·f1 + Gр.о .μ2 + kр·Вз·hср, Н ,
мұндағы Gск – мұз жаратын машинаның салмағы, Н;
f1 – доңғалақтың тербеліс кедергісінің коэффициенті, жамылғы типіне байланысты алынады; қарлы жамылғылар үшін 0,025-тен 0,03-ке дейін;
μ2 – қардың болатқа үйкелесу коэффициенті, μ2 = (0,02 - 0,07), аз мәні жатып қалған қарлар үшін алынады.
kр – қарды кесудің меншікті кедеріг коэффициенті,
kр = (7,5 – 13,0 )кН/м² - жатып қалған қарлар үшін , kр = (30 – 50 )кН/м² - мұз үшін.
Вз – қармау ені, м;
hср – кесілетін қардың немесе мұздың орташа биіктігі, 0, 005-тен 0, 01 м дейін алынады.