Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Жаратылыстану сабағы Дәрілік өсімдіктер

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның
Дәрілік өсімдіктер Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін Қара пышақ, күшәла(эминиум). Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Жалбызтікен(проскурняк) – құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін бойлап Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов) 2.
Слайды презентации

Слайд 2 Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік

өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады.

Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді. Тұнба жасау: 50 г майдаланған шикізатты 0, 5 л 40 %- тік спиртке қосып 2 апта қараңғы, жылы жерге қойылады. Сусамырмен ауыратын науқас 20-30 тамшыдан тамақ алдында 3 рет қабылдауы керек. Фармацевтикалық өндірісте жасалатын сұйық экстрактын 5-10 тамшыдан 3 рет тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдаған дұрыс. Ем қабылдау мерзімі 10-20 күн. Сусамырмен науқастанып қалған адам ем қабылдағаннан кейін сергектеліп, жыныстық мүше функциясының артып, полиурия (шыжыңдық) кемігенін байқауы тиіс.

Слайд 4 Адыраспан.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы

Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап

мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық

емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Арша.Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3, 5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Слайд 5 Ащы мия.
Оны ақ мия деп те атайды.

Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп

Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы

дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жараларға; қышыма, бөріткен, ескілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет. Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.

Слайд 6 Арпа.
Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында

Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін

бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек

ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.

Слайд 7 Дәрмене жусан.
Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен

Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық

үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған.

Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Слайд 9 Женьшень.
Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак

Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын

туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей,

тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеннің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Тамырдың жиналатын кезі август-сентябрь айлары. Өсімдік 5-8 жылдық болғаны дұрыс. Женьшеньді: атеросклероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберкулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады. Мойыл. Биіктігі 3, 5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

Слайд 11 Марал шөп тамыры.
Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің

Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып

тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры

деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Слайд 12 Қара пышақ, күшәла(эминиум).

Қара пышақ – биіктігі 20-40

Қара пышақ, күшәла(эминиум). Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп

сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік,

гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзекше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.

Слайд 13 Тобылғы.
Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес

Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының

өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің,

жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.

Слайд 14 Орман бүлдіргені.
Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде,

тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай

қоры.Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем. Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген. Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар. Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

Слайд 15 Жалбыз.
Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық,

Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір

кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар.

Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Слайд 16 Шетен.
Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты,

Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы

көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын

емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Слайд 18 Жалбызтікен(проскурняк)
– құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп.

Жалбызтікен(проскурняк) – құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін

150 сантиметрге дейін бойлап өсетін ұзын сабақты көпжылдық өсімдік.

Дәрілік жалбызтікен маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты. Әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасқан түйнекше дәні бар. Жалпы саны 15-20 жемістен құралған. Жалбызтікеннің тамыры да дәрілік шикізат. Оның құрамында 37 пайызға шамалас крахмал, 10, 2 пайызға дейінгі қант, сондай-ақ пектин, май, түрлі дәрумендер топтамасы бар. Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлі-шырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну ауруларына ем. Жөтелді бәсеңдетеді, қақырық түсіреді. Жүйке жүйесін тыныштандыруда таптырмайды. Асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады. Қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада жалбызтікен іш жүргізу, түрлі инфекциялардан арылтуда, асқазан жарасын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Тіс түбі еттерінің босап, алқым бездері ісігі асқынғанда таптырмайды. Жалбызтікеннің тұнбасымен ауыз қуысы, тамақты үнемі шайып жүрсе, бірден-бір ем екен.

  • Имя файла: zharatylystanu-sabaғy-dәrіlіk-өsіmdіkter.pptx
  • Количество просмотров: 141
  • Количество скачиваний: 0