Слайд 6
«БАЙСЕРКЕ-АГРО» ЖШС
ЖШС "Байсерке-Агро" – Панфилово племзовод негізінде құрылған
тәуелсіз ұйым. Басында жетекші сала ретінде: өсімдік шаруашылығы және
мал шаруашылығы болды. Кейінірек 2006 жылы өңдеу және астық сақтау атты- үшінші бағыты , 2013 жылы оқыту, яғни төртінші бағыты пайда болған. Бүгінде "Байсерке-Агро" Қазақстан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары арасында көшбасшы болып табылады.
ЖШС "Байсерке-Агро" шаруашылығының жер көлемі – 43774,5 га, соның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары – 43332,3 га, оның ішінде егістік – 3365,8 га, көпжылдық екпелер - 114,5 га, шабындық – 29,9 га, жайылым – 39822,1 га, басқа да жерлер – 442,2 га. Сондай-ақ, 5 комбайн, 30 трактор, 60 бірліктен астам ауыл шаруашылығы машиналары бар. 90% - дан астам ауыл шаруашылығы машиналарын шетелдік жетекші фирмалар құрайды , мысалға Италия, Германия, АҚШ, Канада, Англия, Франция.