Слайд 2
Жоспар:
1) Онтология туралы ілім
2) Болмыстың пайда
боуы мен дамуы
3) Үлес қосқан ғалымдар
4) Болмыстың негізгі түрлері
5) Кеңістік және уақыт
Слайд 3
Онтология термині грек тілінде екі
сөз тіркесінен тұрады: ontos – болмыс, logos – ілім.
Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда болу деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы болмыс болып табылады.
Слайд 4
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі
мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол,
«болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар.
Слайд 5
Болмыс туралы философиялық ілімнің ұзақ
тарихы бар. Осы ұғымды тұңғыш рет көне грек философы,
ақыны Парменид ұсынған болатын ("Табиғат туралы" деген поэмасында). Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Слайд 6
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың
бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от
пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста.
Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар.
Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.
(Әулие Августин, Фома Аквинский, Дж. Бруно, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған, Шеллинг)
Слайд 7
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге
болады:
Реалды болмыс - кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие,
қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі.
Идеалды болмыс - мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді.
Слайд 8
Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі
заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс,
тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.
Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.
Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.
Слайд 9
Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі
жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі
бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі.Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.
Слайд 10
Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани
іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып
табылатын әлеуметтік болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.).
Слайд 11
Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық
- өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға
ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын тапқан сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі.
Слайд 12
Рухани болмыс екіге бөлінеді:
Индивидуальдық – жеке адаммен
байланысты болмыс. Бұл адамның сезімі, ойы, өнер, дін және
ғылым саласында іс-әрекеттері.
Обьективтіленген рухани болмыс – бұл адамнан тыс өмір сүретін кітаптар, ғылыми жаңалықтар, өнердің шығармалары.
Слайд 13
Кеңістік және уақыт — материяның
маңызды атрибуттары.
- Кеңістік — материя болмысының объективті, жалпы,
заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды.
- Уақыт — әр түрлі жүйелердің жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының объективті, жалпы және занды формасы.
Слайд 14
Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым
сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла
береді.