Сан аномалиялары
Бүйректің
агенезиясы мен аплазиясы органның туа болмауымен немесе дамуының тоқтауымен сипатталады. Әдетте, бұл патология несепағар мен оның сағағы болмауымен қабаттасады.Бүйрек аплазиясының диагностикасы қазіргі уакытта цистоскопия, экскреторлық урография, ультрадыбыстық сканирлеу, компьютерлік томография және бүйрек ангиографиясы негізінде жүзеге асырылады. Бұл патология кезінде әдетте контралатеральдық бүйректің викарлық гипертрофиясы байқалады.
Туа біткен екі жақты бүйрек аплазиясы өмірмен үйлеспейді, сондықтан өте сирек ұшырасады.
Бүйректің қосарлануы неғұрлым жиі кездесетін сан аномалиясы болып табылады. Бүл патология кезінде бір-бірімен қатынаспайтын бөлек екі шүмекше, екі несепағар, екі тамыр бумасы және паренхиманың екі бөлек үлесі болады. Қосарланған бүйрек ұзындығы бойынша қалыпты бүйректен үлкен, жоғарғы және төменгі бүйректердің арасында ажыратпа жүлге болады.