Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар

ЖОСПАР:КіріспеДенсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру принциптері. Денсаулық сақтау салсындағы ақпараттандырудың обьектілері мен субьектілеріҚР денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуыҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер
Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтауТакырыбы:Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар ЖОСПАР:КіріспеДенсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру принциптері. Денсаулық сақтау салсындағы ақпараттандырудың обьектілері мен субьектілеріҚР КіріспеБүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі дәрілік заттар туралы ақпараттың сапасы мен Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері: 1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері: 1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – ақпаратты жинау, өндеу, Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету: 1. Денсаулық сақтаудың жеке ЭЫҰД елдерімен салыстырған ҚР денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуыДенсаулық сақтаудың әлемдік даму беталысы Әдебиеттер:1. Лисицин Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение. – 2-е изд., перераб. и
Слайды презентации

Слайд 2 ЖОСПАР:
Кіріспе
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру принциптері.
Денсаулық сақтау салсындағы

ЖОСПАР:КіріспеДенсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру принциптері. Денсаулық сақтау салсындағы ақпараттандырудың обьектілері мен

ақпараттандырудың обьектілері мен субьектілері
ҚР денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3 Кіріспе
Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі дәрілік заттар

КіріспеБүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі дәрілік заттар туралы ақпараттың сапасы

туралы ақпараттың сапасы мен объективтілігіне көп көңіл бөлуде. Осыған

байланысты 2011 жылы еліміздің барлық аймақтарында Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтар ашылды. Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады

Слайд 4 Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында

Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың

бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

Слайд 5
Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының

және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды. Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс- қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр. Осған орай бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін- өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйесінің дамуы, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау ұйымдарындағы заманауи ІТ-инфроқұрылымының құрылуы мәселелері қарастырылды.

Слайд 6 Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері:
1) басқарудың барлық

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері: 1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді

деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың

бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;
2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;
5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

Слайд 7 Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері:
1.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері: 1. Денсаулық сақтаудың электрондық

Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық

қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.

Слайд 8 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – ақпаратты жинау,

– ақпаратты жинау, өндеу, біріктіру және талдау бірыңғай рәсімдері

негізінде денсаулық сақтауды басқарудың біртұтас құрылымын қамтамасыз ететін ортақ идеологиясымен, әдістермен, жіктегіштермен және басқа да құралдармен біріктірілген, деректерді беру тәсілдерімен бірге байланыстырылған бағдарламалық-техникалық құралдар мен технологиялар кешені.


Слайд 9 Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету:

Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету: 1. Денсаулық сақтаудың


1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді

қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы оларды жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.
2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) денсаулық жағдайы туралы мәлімет беру жеке тұлғаның (пациенттің) келісімімен жүзеге асырылады.
3. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай міндет персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жібергенге не дерексіздендіргенге дейін немесе осы деректер өзіне тиесілі адамнан оларды жария етуге келісім алынғанға дейін сақталады.
4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетімділігі жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиіс.

Слайд 10 ЭЫҰД елдерімен салыстырған ҚР денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуы
Денсаулық

ЭЫҰД елдерімен салыстырған ҚР денсаулық сақтау жүйесінің ақпараттандырылуыДенсаулық сақтаудың әлемдік даму

сақтаудың әлемдік даму беталысы IT-технологиялардың дамуымен тығыз байланысты. ЭЫҰД

елдерінде дәрігер мен пациент арасындағы ӛзара қарым-қатынасты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа коммуникативтік технологияларды ендірудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Смарт-медицинаны дамыту сала дамуының басты трендіне айналып отыр. Қазақстанда, салаға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы едәуір ілгерілеуге, бірқатар порталдар жасауға, компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді жақсартуға қарамастан, әзірленген және енгізілген веб-қосымшалар тек денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың жекелеген мәселелерін шешуге ғана бағытталған. Қолданыста бар дерекқорлар біріктірілмеген, ол денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлері мен қызметінің интеграциясы мен сабақтастығына кедергі жасайды. Саладағы компьютерленген жұмыс орындарының үлесі тӛмен күйінде қалып отыр. 2010 жылы БАДСЖ енгізу бойынша пилоттық ӛңірлерде бұл кӛрсеткіш: Ақмола облысы – 84%; Астана қаласы – 68%; Алматы қаласы – 36%-ды құрады. 2014 жылы жұмыс орындарының саны 87 729-ды құрады, оның ішінде ақпараттық технологиялармен жарақтандырылғаны – 57 537, осылайша, орташа жарақтандырылу 65,58%-ды құрады – яки медицина қызметкерлерінің үштен бірінің жұмыс орнында компьютерге қолжетімділігі жоқ.

  • Имя файла: densaulyқ-saқtaudaғy-aқparattyқ-tehnologiyalar.pptx
  • Количество просмотров: 129
  • Количество скачиваний: 0