Слайд 2
Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру
Білімділік: оқушыларға құрақтың
тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық
экономикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын сұрау:
“ Ұлттық колөнердің түрлері “.
«Сөз мерген» сайысы:
1 топ: «Шебер қолдар»,
2 топ: «Өнерпаздар»
Бұл сайыстың ережесі қазақ халқында көп қолданылатын сөздерге түсінік беру, сол сөзге мақал –мәтел құрап, түсіндіру.
Слайд 4
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті,шыдамдылықты
қажет ететін қолөнер түрі .
Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың
бір түрі.
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.
Слайд 5
— Құрақ туралы түсінік
Ертеден келе жатқан қолөнердің
бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық
арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
Слайд 6
Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр
ұлт әрқалай атайды:
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері — құрақ
Орыс тілінде
құрақ құрау өнері — лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері — сашико деп аталады.
Слайд 8
Қажетті құрал-жабдықтар
АРТҚА
Слайд 9
Құрақ бөлшектеріндегі геометриялық
фигуралар.
АРТҚА
Шаршы
Алтыбұрыш
Трапеция
Тең бүйірлі
Үшбұрыш
Пирамида
Ромб
Тіктөртбұрыш
Параллелограм.
Түстер
Негізгі түстер
Жылы
және суық түстер
АРТҚА
Қазақ халқының сәндік өнеріндегі басты бояудың түрі – көк түс. Шоқан Уалихановтың айтуы бойынша, бұл түстің заттық мағынасы бар.
Қызыл – оттың, күннің рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс – оңтүстікті, қара – солтүстікті, ақ – батысты, көк – шығысты білдіреді.
Қара – жердің түсі, берекенің белгісі.
Ақ та қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. Ақ – сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі іспеттес.
Сары түс – негізінен ақыл-парасаттың белгісі деп есептелінеді.
Жасыл түс – жастық пен көктемнің белгісі.
Құрақ түрлері
* Геометриялық
* Зооморфты
* Өсімдіктес
* Тұрмыстық
*
Космогоникалық
АРТҚА
Слайд 13
Құрақта қолданылатын мата.
АРТҚА
Қамқа –алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіппен тоқылған жібек мата.
Қатипа –жол-жолы бар, жұқа жібек мата.
Барқыт,шыт.
Торқа-ең қымбат жібек мата.
Мақпал- тығыз тоқылған , жұмсақ,түкті барқыттың бір түрі.
Парша- алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқыған жылтырақ жібек мата.
Қыжым- сапалы жүннен тоқылған түкті мата, плюш.
Слайд 14
Тұрмыста қолданылуы
АРТҚА
Панно.
Жапқыш.
Көрпе.
Көпшік.
Пайдасы
АРТҚА
Қоржын.
Аяққап.
Жастық.
Жерге төсеуіш.
Қауіпсіздік ережесі:
-Қол инесімен жұмыс:
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Инені арнаулы қобдишада сақтау керек
Ине жібін тіспен үзуге болмайды
Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс
Инені жіпсіз тастауға болмайды
— Қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды
— Үтікпен жұмыс:
1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
Үтікті арнайы тіреуішке қою керек
Үтікті тұтқасынан ұста
Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады
Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды
Слайд 20
Сөзжұмбақ
1.Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай?
2.Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата.
3. Европа
халқында құрақ құрау қалай аталады ?
4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ?
5.Гүлдің атына байланысты құрақ атауы .
Слайд 21
Тест
1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А.4
Б.2 Ә.5 В.3
2.Құрақ өнері
қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А. 19-20 Б.17-18 Ә. 15-16 В. 16-17
3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А.Зооморфты Б. Геометриялық Ә.Космогоникалық В. Тұрмыстық
4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
А.Word Б.Paint Ә.Power Paint B. Exsel
5.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?
А.Өсімдік тектес Б.Космогоникалық Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық
6.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
А.Печворк Б.Лоскутная техника Ә. Patchwork В. Сошико
7.Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
А. Үлгісіне Б.Тігісіне Ә. Көлеміне В. Орындалуына
8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
А. Қызғалдақ Б. Аққу Ә.Жұлдызша В.Иықты
9.Құрақ құрау қандай ма териалдан жасалады?
А.Былғары Б. Мата Ә. Тері В. Полиэтилен
10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А. 15-20мм Б.2-3 мм Ә. 20-25мм В. 5-10мм
Слайд 22
Дұрыс жауаптар:
1.
ә
2. а
3. ә
4. б
5. а
6.
в
7. а
8. а
б
в
Слайд 23
Мақалдың жалғасын тап:
1.Еңбектің наны тәтті, …
(жалқаудың
жаны тәтті)
2.Еріншектің …
(ертеңі таусылмас)
3.Көз қорқақ, …
(қол батыр)
4.Еңбек
етсең …
(емерсің)
5.Өнерлі …
(өрге жүзер)
6.Ата көрген оқ жонар, …
( ана көрген тон пішер)
7.Жеті рет өлшеп, …
(бір рет кес)
8.Өнерлінің қолы алтын, …
(өлеңшінің сөзі алтын)
9.Еңбеке үйренемін десең ерінбе, …
(өнерге үйренемін десең жерінбе)
10.Талаппен бастап ….
(талғаммен аяқта)
Слайд 24
IV. Қорытындылау.
Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді.
Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз
қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігумен айналысқан жөн.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: құрақты тігіп аяқтау, батикке матасын дайындап келу, құралдар.