ғылыми мекеменің қажеттігін, ал ондай орталық Абай музейі бола
алатынын арнайы мәселе етіп көтерді. Ғалым-ақынның абайтану ғылымында, әсіресе, «Қазақ лирикасы тарихынан» деген монографиялық еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбектің 2-тарауы түгел дерлік Абай лирикасын зерттеуге арналған. Ғалым Абай лирикасын бірнеше тақырыпқа бөліп талдау үстіңде оның жеке шығармаларына тоқталады, ақын шығармашылығының бүгінгі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жалғасын сөз етеді, Абай поэзиясының әлеуметтік қуатын, қоғамдық жүгін, жаңа поэзиясының бастауы ретінде тудырған жаңалықтарын ортаға салады, оған ілесе шыққан С. Торайғыров бастаған ізбасарларының: С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов т. б. ақындар шығармаларындағы сабақтастықты, үндестікті дәлелдейді.
izden.kz