Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему тақырыбы:Дислалия және оның түрлері

Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім1.Дислалия.2. Дислалияның түрлері. III Қортынды
ДислалияДислалия Жоспар I Кіріспе II Негізгі «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін Акустикалық-фонематикалық дислалиядыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып Қорытынды: Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс
Слайды презентации

Слайд 2
Жоспар

Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім1.Дислалия.2. Дислалияның түрлері. III Қортынды

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Дислалия.
2. Дислалияның түрлері.
III Қортынды


Слайд 3 «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс

«Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер

университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан

монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады. В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды. 20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған. Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).

Дислалия

сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы.


Слайд 4
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың

Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі

сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры

және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина). Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова). Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі. Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады. Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады. Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді. Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін (фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.



Слайд 6 Акустикалық-фонематикалық дислалия
дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша

Акустикалық-фонематикалық дислалиядыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының

дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің

жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі.


Слайд 8
Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан

Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - артикуляторлы позициялары дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар

болған бұзылыстар. Дыбыстар бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды

тастап кетуі мүмкін.Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
1.дыбысты мүлдем айтпауы;
2.дыбысты алмастырып айтуы;
3.дыбысты бұзып айтуы;
4.дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %
2. ротоцизм (р-р′) – 26 %
3. ламбдацизм (л-л′) – 10 %
4. каппацизм (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %
5. йотоцизм (j) – 1,5 %
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш,
г-ғ, к-қ) Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі. 7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р. Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм -71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 %; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады.

  • Имя файла: prezentatsiya-taқyrybydislaliya-zhәne-onyң-tүrlerі.pptx
  • Количество просмотров: 243
  • Количество скачиваний: 0