Слайд 2
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,сабақтың ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті:
“Ойша
орманға серуен” әдісін жүргізу.(оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі)
Слайд 3
Үй тапсырмасын сұрау:
Г.Андерсеннің “Қызыққа толы қас қағым” атты
мәтінінен түйгендерін сұрау.
(ИОТ-интербелсенді оқыту технологиясы әдісін пайдалану)
“Ортақ тұжырым” тәсілі
бойынша оқушылар топ ішінде үй жұмысы бойынша бір мәселені таңдап алып,оны талқылап,ортақ тұжырымды постерге жазады.Жариялау уақыты 1,5 минут.Басқа топтың оқушылары қорғаушының жұмысы туралы өз ойларын ортаға салады.
Слайд 4
Дәйексөз:
«Адам боп оңай туғанмен,адам болып қалу көп
қиын».
Қ.Мырза әлі.
Оқушылар дәйексөз туралы өз ойларын айтады.
Слайд 5
Әңгімелеу (ұстаз сыйы)
«Екі бақа туралы аңыз»
Слайд 6
Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі.Әр топқа тапсырма беріледі.
Бірінші топ
“Адам не үшін өмір сүреді?” тақырыбында эссе жазады
Екінші топ
“Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?” тақырыбы бойынша ауызша жауап береді.
Үшінші топ бейнебаян туралы өз ойын ортаға салады.
Слайд 7
Топпен ән айту:
«Өміріңе немқұрайлы қарама» әні орындалады.Сөзі:С.Сейітман,Әні:С.Дәрібаев
Тыңда, досым,
мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе
немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң –дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақса басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де,досым,қанша шаттыққа.
Өміріңе немқұрайлы қарама.(2 рет қайталанады)
Тұсау салып, бастатқызбай кеш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың,
Өміріңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Слайд 8
Үйге тапсырма:
27 сабақ Қ.Толыбаевтың “Шаңырақ” атты әңгімесін оқып
келу. 173 бет
Слайд 9
Қорытынды: Өмір жолы
көшкен керуен соқпағы тәрізді.Оның бұлтарысы да,жазығы да көп.Асуы қиын
асқарымен қатар,төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады.Керуен жолы кейде ұзақ,кейде қысқа келеді.Бірақ қауіп-қатерсіз,қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып,сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып,бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра,кенет сарылдай аққан,өткел бермес,долы өзенге айналады,көшті бөгейді.Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп,өзінің деген жеріне жетеді. Өмірді сенің көмегіне мұқтаж болып,іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескенің.Өмірді бағалы киіммен,соңғы шаш үлгісімен,терісінің түсімен,ата-тегімен байланыстыратындар ,сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен,қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар.Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар.Бірақ өмір дегеніміз бұл емес.
Өмір дегеніміз-дос-жаранға қамқор болу,санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің.Қызғаныштың отын бүркіп,сенім үдесінен шыға білу.Уәделі сөздеріне берік болу,кісінің сыртқы емес,ішкі болмысына үңіліп қадірлеу.Ең бастысы,өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
Слайд 10
Кері байланыс:
Оқушылардың сабақ туралы пікірлерін
келесі сұрақтар арқылы айқындау.
1.Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңыздар?
2.Бір-бірімізге көмек
бердік пе?
3.Бүгінгі сабақтан үйренгендеріміз өмірде қажет болады ма?