Слайд 2
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан
жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Слайд 3
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары
қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай
диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.
Слайд 4
Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық
- инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында
мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.
Слайд 5
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың
әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің
негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Слайд 6
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді. Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Слайд 7
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады.
Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның гармониялық даму
негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Слайд 8
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі
мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар
факторларға байланысты:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Слайд 9
Әлеуетті өсім – бұл экономиканың мүмкіндігінен
өсу алу жылдамдығы.
Әлеуетті өсімді қамсыздандыра алатын негізгі факторларға:
- ресурстардың
көбеюі – табиғи ресурстар, сондай-ақ еңбекті және капиталды;
- нәтижеліктің көбеюі, бұнымен қосатехнологиялық прогресттің ресурстары қолданылады, жұмыс күші квалификациясының жоғарлауы немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының жақсаруы.
Слайд 10
Экономикалық өсу - қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын
көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі болып саналады.
Экономикалық
өсу өндірістің көлемінің ұдайы өсімі және экономикалық, технологиялық, әлеуметтік өсімімен қатарласып ұласатын мінездемелерге негізделеді. Ал стратегиялық тұрғыдан экономикалық өсу ЖІӨ мен ЖҰӨ көлеменің жан басына шаққандағы көлемінен көрініс табады.
Слайд 11
Экономикалық өсу өзіне экономикалық өсудің 3 факторын қосады:
-ұсыныс
факторы (адами, табиғи ресурстар, негізгі капитал, технологиялардың деңгейі)
-сұраныс факторы
(баға деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, экспорттын таза көлемі)
-үйлестіру факторы (өндірістегі рационалдылық пен ресурстардын толық қолданылуы, экономикалық өсуге қатысушы ресурстардың тиімділігі)
Слайд 12
Экономикалық өсуге жататын факторлар төмендегідей:
1.жұмыс күші
2.өндірістік ресурстар
3.табиғат
4.технология
Экономикалық өсу
халық шаруашылығына елеулі өзгерістер әкеледі. Көптеген елдер үшін төмендегі
даму сызбасы сәйкес келеді:
1.барлық тауар өндірісінде ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі төмендейді, бұл жағдай жұмысбастылық құрылысында да орын алады.
2.алғашқыда өндіріс қарқыны көбейіп, кейін қызмет көрсету саласы да жақсарады.
3.урбандалу орын алады.
Экономиканы реттеу жағынан экономикалық реттеу мәселесі мынаған тәуелді:
-өсудің негізі болып саналатын салаларды айқындау
-инвестициялардың оптималды шегін анықтау
-өндірістік-техникалық инновациялардың экономикалық өсуге әсерін есептеу
-экономикалық өсуге ықпал ететін саяси, әлеуметтік және институционалдық құрылымдардың қалыптасуына жағдай жасау.