Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем (әдеби-музыкалық композиция)

Тақырыбы: Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем. Мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден
Кештің тақырыбы: «Наурызым-мерекем, Тақырыбы: Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем.  Мақсаты: 1. Халқымыздың І бөлім.Оркестр ойналып тұрады. «Наурыз думан» әні. Ортаға екі жүргізуші шығады.1-жүргізуші:«Алаш! Алаш!» 1-жүргізуші:Осындай той – думанды тамашалауға келген , армысыздар халқым менің!2-жүргізуші:Армысыздар, ақ ниетті Жиренше:Көргенге қуанасың таза ауаны,Құлаққа естілгенде жаз әуені Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,Наурызым Наурыз:Бүгін Тазша бала көрінбейді ғой. Мен оның тапқырлығын және ақылды бала екендігін 2-жүргізуші:     Тіліміз Мәртебе алды, тұсауы шешілді. Енді аяғымызды
Слайды презентации

Слайд 2 Тақырыбы: Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем. Мақсаты: 1. Халқымыздың

Тақырыбы: Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем. Мақсаты: 1. Халқымыздың

ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы

– Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру. 2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді біліп қана қоймай, қолдана білуге баулу; халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу. 3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу. Түрі, формасы: Мерекелік кеш. Әдіс-тәсілі: Сахналық көріністер, сұрақ-жауап әдісі, ұлттық ойындар, түсіндіру, мәнерлеп оқу, интерактивті әдістер. Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар, ұлттық аспаптар мен кимідер үлгісі, үнтаспалар. Қолданылған әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті //2007ж №3 Сыныптағы тәрбие. 2005ж, №5 Шаңырақ. Энциклопедия, 2005ж. Қазақ әдебиеті. 9-сынып. 2001ж.

Слайд 3 І бөлім.
Оркестр ойналып тұрады. «Наурыз думан» әні. Ортаға

І бөлім.Оркестр ойналып тұрады. «Наурыз думан» әні. Ортаға екі жүргізуші шығады.1-жүргізуші:«Алаш!

екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:
«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ,

«Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан ,сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақ, кейінгі кеңес дәуірінде кетеуі кетіп, бүкіл барынан да, нарынан да айырылып, жадап-жүдеген, жарлы қазақ енді қайтып амалдаймын, аман қалам ба, қалмаймын ба ел қатарына қалай қосылсам, мені жарылқап жебейтін жарық әлемде кім бар деп қамыққан да, талпынған да қарайған талының бір бұтағын Ұлыстың ұлы күні тіршілік басы, исі түркі халықтарына ортақ әрі төл мейрамымыз Наурыз болды емес пе?
Ендеше, Наурыз бізге сонысымен де нұрлы,шуақты,ыстық. Ол тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартар түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрам.

2-жүргізуші:
Мұсылман қауымы жыл басы деп мәртебе берген бұл күннің ұлылығы сонда, ол көктемгі жасарған табиғат құбылысы мен тіршіліктің оянуымен үндес, төл өргізіп, егін егуге кірісер уақыттағы бейбіт еңбекпен мәндес достыққа, бірлікке, елдікке шақыратын уағыздарымызбен мағыналас. Наурыз мейрамының тағы бір қасиеті түркі халықтарының, жалпы мұсылман қауымының туыстығын еске салып, түп тарихымызды жадымызда жаңғыртып, жердің алыс жақындығына қарамай арадағы шекара белдеулерін де елемей, Ұлыстың ұлы күнін пір тұтқан елдер де, жерлер де үлкен той думанмен аталып өтілетіндігінде. Бұл тарапта қазаққа жат ешнәрсе жоқ, оның бауырмашылдығы, жомарттығы, дархандығы, құшағының айқара ашықтығы әлемге аян.

Слайд 4 1-жүргізуші:
Осындай той – думанды тамашалауға келген , армысыздар

1-жүргізуші:Осындай той – думанды тамашалауға келген , армысыздар халқым менің!2-жүргізуші:Армысыздар, ақ

халқым менің!
2-жүргізуші:
Армысыздар, ақ ниетті асыл жандар,бүгінгі кештің қонақтары!
1-жүргізуші:
Гүл көктемнің

кешінде,
Өр Алтайдың төсінде
Наурыз думан тойымен
Құттықтаймыз сіздерді.
2-жүргізуші:
Қырдан бүгін бу ықты,
Қуды жерден суықты
Құтты болсын мереке
Наурыз айы туыпты
Әне, Наурыз келеді,
Құлпырады жер енді.
(Шаттық биін билеп Наурыз ортаға шығады.)
Наурыз:
Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір
Кел, наурызға пейілін көр қазақтың
Бұл күні, біле-білгенге ғажап түн!
(Әжелер шашу шашады. Ортаға Жиренше шығып көпшілікке
тағзым жасайды.)

Слайд 5 Жиренше:
Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл

Жиренше:Көргенге қуанасың таза ауаны,Құлаққа естілгенде жаз әуені Жыл сайын тойланатын мәңгі

сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!
1-жүргізуші:
Дана халқымыз

«Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекей, Наурыз тойының ақ батасын сұрайық. (Көрермендер арасынан Асан ата шығады.)

Асан ата:
Қош келіпсің арманым!
Арман тойы ананың
Қуанышы ғаламның!
Ардақтаңдар атаны
Тойсаңдар тасып, бөспеңдер
Ал,тыңдаңдар, батамды
Топастық істі кешпеңдер
Ананың сүтін ақтаңдар,
Ар-ұятты сақтаңдар.
Жалқаулық жаудан жаманды
Аңқу ғып бұзар наданды,
Жеңіңдер мұны күреспен
Жеңіске жетер бірлескен,
Кең пейіл,дархан халқымыз,
Кеңейсін дәстүр-салтымыз!
Бәрі бірігіп «мың жасаңыз Асан ата!»-дейді.
Ән: «Наурыз тойы»

Слайд 6 Наурыз:
Бүгін Тазша бала көрінбейді ғой. Мен оның тапқырлығын

Наурыз:Бүгін Тазша бала көрінбейді ғой. Мен оның тапқырлығын және ақылды бала

және ақылды бала екендігін естіп, тілдесейін деп едім.(Жиренше қолын

көлегейлеп көрермендер жаққа қарайды)
Жиренше:
Әз, Наурыз өзіңіз күткен тапқыр балаңыз келе жатыр.
(Ортаға әндетіп Тазша бала шығад, бәрімен амандасады.)
Наурыз:
Қош келдің, бауырым!(Тазша бала қолын кеудесіне қойып, Наурызға тағзым жасайды.)
Мен бүгін сенің тапқырлығыңды сынайын деп едім. «Наурызша» дегеніміз не?
Тазша бала:
Айтқаныңыз болсын, Наурызша-наурыз қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай, қылайлап жауған жұқа қар.
Наурыз:
Екінші сауалым: «Отамалы» дегеніміз не?
Тазша бала:
Отамалы – он бесінші наурызда кіріп он жетінші наурызда шығатын амал. Бұл амалдың жақсылық пен жамандыққа бағынуын қарай халқымыздың «Отамалы от алғанша, керегінің басынан шот алғанша» «Отамалы отамалыдан қалған ата амалы»
Наурыз:
Тазша бала мен сенің тапқырлығыңа,ақылдылығыңа өте ризамын.Енді менімен бірге басқа да ауылдарды аралап өз тапқырлығыңды көрсет.( Екеуі сахна төрінен шығып кетеді.)

  • Имя файла: nauryzym-merekem-nauryzym-berekem-әdebi-muzykalyқ-kompozitsiya.pptx
  • Количество просмотров: 166
  • Количество скачиваний: 0