Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Слайд 5
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында
комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер,
Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған.
Слайд 6
Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
Слайд 7
Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары
1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының
биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Слайд 8
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі
«Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы
бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
“Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.