Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему №8 дәріс. Наркотикалық анальгетиктер

Содержание

АНЫҚТАМАСЫАНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басуАУЫРУ СЕЗІМІ – бұл ағзаның зақымдалу үрдісіне қорғанышты реакциясы (ауыру сезімі- «денсаулықтың күзетшісі»).АУЫРУ СЕЗІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ:– Жедел ( 2-3 айға дейін)Зақымдалу ошағынан тыс жерге берілуі мүмкін – Созылмалы( 2-3 айдан жоғары)Анальгетиктердің әсерінің төмендеуі–
НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕР№8 дәріс АНЫҚТАМАСЫАНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басуАУЫРУ СЕЗІМІ – бұл ағзаның зақымдалу үрдісіне қорғанышты Ауыру сезімінің түрлері:– Соматикалық ауыру сезімі(тірек-қимыл аппараты, тері, шырышты қабат) Тыныштық кезінде Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін тежемей, ауыру сезімін таңдамалы НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. Адам ағзасында эндогенді пептидтер (эндорфиндер және Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):μ (мю) – мет-энкефалинді және β–эндорфинді 2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған рецепторлар. Агонист –Дельторфин, Антагонист 3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые рецепторыАгонисттар – Кетоциклазоцин, Налбуфин МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Морфиннің ОНЖ-не әсері Морфин ОНЖ-нің қызметін өзгертпейтін мөлшерде анальгетикалық Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет енгізгеннен кейін дисфория, мазасыздық, МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ n. Vagus орталығының нейрондарының белсенділігін жоғарылатып, Ішектің МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІАуыру шогының даму қаупі бар жедел ауыру сезімі: МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ дисфория іш қатуауыздың кебуіойлаудың бұзылуыбас айналу, лоқсу және құсутыныстың Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдеріМОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар. Әсер ету ұзақтылығымен (22-24 МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге қарағанда тезірек дамиды (30-60 МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУКЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. Науқастың жағдайы өте ауыр. МОРФИНМЕН СОЗЫЛМАЛЫ УЛАНУ ПСИХИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК : эйфория, науқастың сыртқы ортаның өзін қобалжытатын
Слайды презентации

Слайд 2
АНЫҚТАМАСЫ
АНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басу
АУЫРУ СЕЗІМІ – бұл

АНЫҚТАМАСЫАНАЛЬГЕЗИЯ – ауыру сезімін басуАУЫРУ СЕЗІМІ – бұл ағзаның зақымдалу үрдісіне

ағзаның зақымдалу үрдісіне қорғанышты реакциясы (ауыру сезімі- «денсаулықтың күзетшісі»).
АУЫРУ

СЕЗІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ:

– Жедел
( 2-3 айға дейін)
Зақымдалу ошағынан тыс жерге берілуі мүмкін
– Созылмалы
( 2-3 айдан жоғары)
Анальгетиктердің әсерінің төмендеуі

– 0-ден 10 баллға дейін
визуальды-аналогты шкала бойынша (ВАШ):
Айқындылығы орташа

Ұзақтылығына байланысты

Ауыру синдромының қарқындылығына байланысты

0

10

5


Слайд 3
Ауыру сезімінің түрлері:
– Соматикалық ауыру сезімі
(тірек-қимыл аппараты, тері,

Ауыру сезімінің түрлері:– Соматикалық ауыру сезімі(тірек-қимыл аппараты, тері, шырышты қабат) Тыныштық

шырышты қабат)
Тыныштық кезінде азаятын, тұрақты ауыру сезімі тән.
–Висцеральды

ауыру сезімі
(ішкі мүшелер)
Ұстамалы ауыру сезімі тән (коликалар). Дене қалпының өзгеруі ауыру синдромының қарқындылығын өзгертпейді.

- Травмалық
- Қабынулы
- Ишемиялық
Спастикалық
- Онкологиялық

орналасуы бойынша:

себебі бойынша:


Слайд 4 Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін

Анальгетиктер – сананы тоқтатпай және сезімталдықтың басқа түрлерін тежемей, ауыру сезімін

тежемей, ауыру сезімін таңдамалы басатын заттар. Наркотикалық анальгетиктер –

бұл морфин тобының препараттары: Морфин, омнопон, фентанил, промедол, морадол, трамал Осы топтың препараттары төмендегі белгілермен сипатталады:

1) анальгетикалық белсенділігі өте күшті, сондықтан оларды жоғары әсерлі ауыру сезімін басатын зат ретінде қолдануға болады;

2) бұл заттар наркоманияны, яғни құштарлықты, дәріге тәуелділікті туғызуы мүмкін, ол осы препараттардың ОНЖ-не ерекше әсер етуімен байланысты
3) бұл заттарды шамадан тыс қолданған кезде терең ұйқы дамиды, кейіннен ол наркозға, комаға ауысады және соңында тыныс орталығының қызметінің тоқтауымен аяқталады. Сондықтан олар- наркотикалық анальгетиктер деп аталады.


Слайд 5 НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ.
Адам ағзасында

НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. Адам ағзасында эндогенді пептидтер (эндорфиндер

эндогенді пептидтер (эндорфиндер және энкефалиндер) бөлінеді, олар опиоидты рецепторлардың

лигандалары болып табылады.
Ауыру сезімі пайда болған кезде қалыпты жағдайда энкефалинергиялық нейрондардың ерекше жүйесі белсендіріледі, олар антиноцицептивті (ауыру сезіміне қарсы) жүйе деп аталады, сосын нейропептидтер бөлінеді де, нейрондардың ауыру сезімі жүйесіне ( ноцицептивті) тежегіш әсерін көрсетеді. Эндогенді пептидтердің опиоидты рецепторларға әсерінің соңғы қорытындысы ауыру сезімталдылық табалдырығының жоғарылауы болып табылады.
Егер антиноцецептивті жүйенің жеткіліксіздігі (энкефалинергиялық ауыру сезіміне қарсы) байқалса, ал ол ұзақ немесе шамадан тыс айқын зақымдаушы әсер еткенде байқалады, осы кезде ауыру сезімін басатын заттардың - анальгетиктердің көмегі арқылы басуға болады.
Наркотикалық анальгетиктер ОНЖ-де және басқа мүшелерде орналасқан опиоидты рецепторлармен байланысады.
Бұл препараттар ауыру сезімін басумен қатар, оларға деген эмоциональді реакцияларды тежейді, нәтижесінде ауыру сезімімен байланысты жүрек-қантамыр жүйесі қызметтерінің бұзылуының, қорқыныш, қайғыру сезімінін алдын алады.

Слайд 6 Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):

μ (мю)

Опиоидты рецепторлардың 3 түрі ( G-белогымен байланысты):μ (мю) – мет-энкефалинді және

– мет-энкефалинді және β–эндорфинді рецепторлар (тип тармақтары - μ1,

μ2 және μ3). Агонисттер – морфин, α-метил-фентанил (морфинге қарағанда 600 есе наркогенді болып келеді). Антагонист – CTOP (8 АМК)
Белсену әсерлері – аденилатциклазаны тежеу (↓ цАМФ) және К+ каналдарының ашылуы →
μ1 - Супраспиналды анальгезия (эмоциональды қабылдаудың өзгеруі, «ауысу»). Пролактиннің бөлінуі ↑.
μ2 – Спиналды анальгезия. Обстипация (іш қату).
өсу гормонының бөлінуі ↑. Тыныстың тежелуі.
μ3 – Супраспинальды және спинальды анальгезия.

Мю-рецепторлардың 3 тип тармақтары келесі әсерлерді шақырады:
Жылу-реттелу орталығының тежелуі (дене t төмендеуі),
Тегіс салалы бұлшық еттердің тонусының жоғарылауы (миоз),
Седативты әсер (ұйқы),
эйфорияның дамуы (психикалық тәуелділік),
эндорфиндердің бөлінуінің тежелуі (физикалық тәуелділік)



Слайд 7
2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған

2. δ (δ1, δ2, дельта) –динорфин А-ға арналған рецепторлар. Агонист –Дельторфин,

рецепторлар.
Агонист –Дельторфин, Антагонист – Налтриндол

Дельта-рецепторлардың 3 тип тармақтары

келесі әсерлерді шақырады :
дисфорияны, галлюцинацияны, іш қату, артериялық қысымды ↓
Танымдылық қызметтін бұзады, көңіл-күй, иіс сезу, қозғалу белсенділігін

Слайд 8 3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые

3. κ (κ1, κ2, κ3, каппа) – лей-энкефалиновые рецепторыАгонисттар – Кетоциклазоцин,

рецепторы
Агонисттар – Кетоциклазоцин, Налбуфин (ГЭТ арқылы өтпейді !).
Антагонист –

нор-биналторфимин (Nor-BNI)


Белсену әсерлері:
Са2+ каналдары жабылады →
κ1 – Спинальды анальгезия. Диурездің күшеюі.
κ2 – Спинальды және супраспинальды анальгезия. Диурездің ↑.
κ3 – Супраспинальды анальгезия.

Каппа-рецепторлардың 3 тип тармақтары келесі әсерлерді шақырады:
Тегіс салалы бұлшық еттердің тарылуы (миоз), іш қату.
Ішу және тағамдық мотивацияны өзгертеді.

Слайд 9 МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Морфиннің ОНЖ-не әсері

Морфин ОНЖ-нің

МОРФИННІҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Морфиннің ОНЖ-не әсері Морфин ОНЖ-нің қызметін өзгертпейтін мөлшерде

қызметін өзгертпейтін мөлшерде анальгетикалық әсер көрсетеді.
Морфинмен шақырылған анальгезия

сөйлеудің бұзылуына, қозғалыстық координацияның бұзылуына, сипап-сезуге, вибросезімталдылыққа және есту мүшесіне әсер етпейді.
Морфинді жиі бұлшық етке, тері астына еңгізеді, сонымен қатар көк тамырғада еңгізуге болады. Әсері 4-6 сағатқа созылады.
Ауыру сезімі 2 компоненттерден құралады:
а) Науқастың ауыру сезімталдылық табалдырығына сай ауыру сезімін қабылдау;
б) ауыру сезіміне психикалық, эмоциональды реакцияның пайда болуы.
Морфин осы ауыру сезімінің 2 компонентін де тежейді
Тыныштандырғыш және ұйықтатқыш әсері. Ұйқышылдықтың, естің шамалы өзгеруімен және логикалық ойлау қабілетінің бұзылуымен көрінеді.

Слайд 10 Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет

Морфиннің көңіл-күйге әсері. Сау адамдарда морфинді бірінші рет енгізгеннен кейін дисфория,

енгізгеннен кейін дисфория, мазасыздық, теріс эмоциялар, өзін-өзі жаман сезіну,

көңіл күйінің болмауы байқалады. Ал морфинді қайталап енгізгенде эйфория дамиды: көтеріңкі көңіл-күй, ішкі дүниенің жайлануы, өзін-өзі жақсы, жеңіл сезіну, жағымды эмоциялар. Пайда болған ұйқышылдықтың әсерінен физикалық белсенділіктің төмендеуі, зейін қою концентрациясының қиындауы, қоршаған ортаға немқұраушылықтың пайда болуы сипатталады.


Жылу реттелу орталығын тежейді, морфинмен уланған кезде дене температурасының күрт төмендеуі байқалады.
АДГ бөлініп шығуын ынталандырады, ол зәрдің шығуын тежейді, қиындатады.
Тәбет төмендейді.
Тыныс орталығының тежелуі әсіресе балаларда жиі дамиды.
Жөтел рефлекстерінің орталық звеноларын тежейді жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар.
IY қарыншаның түбінде орналасқан триггерлі (жібергіш) аймақтың хеморецепторларының нейрондарын ынталандыру – лоқсуды және құсуды шақырады.
Морфиннің жоғары мөлшері құсу орталығын тежейді.


Слайд 11 МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ
n. Vagus орталығының

МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ n. Vagus орталығының нейрондарының белсенділігін жоғарылатып,

нейрондарының белсенділігін жоғарылатып,
Ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінінің күшті

спазмын шақырады және АІЖ-ның перистальтикасын төмендетіп оның қозғалтқыштық белсенділігін азайтады. (морфиндік обстипация).
Өт қапшығының тонусын жоғарылатады,
Жатырдың, несепағардың және қуықтың тонусын жоғарылатады,
Бронхтардың және бронхиолалардың тонусын жоғарылатады.

Слайд 12 МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Ауыру шогының даму қаупі бар жедел

МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІАуыру шогының даму қаупі бар жедел ауыру сезімі:

ауыру сезімі:
түтікті сүйектердің сыңуы,

күйіктер, оташалаудан кейінгі кезенді жеңілдету үшін қолданады.
Миокард инфарктісінде, өкпе артериясының эмболиясы кезінде, жедел перикардитте, пневмоторакста.
Өлімнің алдында жатқан адамдардағы ауыру сезімін басу үшін
Наркоз кезінде, наркозға дейін премедикация жасау үшін
Науқастың өміріне қаіпті жөтел кезінде, жөтелге қарсы зат ретінде қолданады (үлкен оташалауда, кеуде қуысының жарақатында)
Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілікте, яғни жүректік демікпе кезінде (ОЖЖ-нің қозуын және патологиялық ентікпені төмендетеді).


Слайд 13

МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ

дисфория
іш қату
ауыздың кебуі
ойлаудың бұзылуы
бас

МОРФИННІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ дисфория іш қатуауыздың кебуіойлаудың бұзылуыбас айналу, лоқсу және

айналу, лоқсу және құсу
тыныстың тежелуі
тез шаршағыштық, парестезиялар
брадикардия.
кейбір жағдайларда

сандырақ ,тремор және аллергиялық реакциялар сияқты әсерлер кездеседі
Дәрiнi ұзақ уақыт қолданғанда: толеранттылық, дәрiге тәуелдiлiк (психикалық, физикалық)

МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУҒА ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ (салыстырмалы)
ерте балалық шақ ( 3 жасқа дейін) – тыныстың тежелу қауіпі бар;
жүкті әйелдерде (әсіресе жүктіліктің соңғы айларында, босаңу кезінде);
тыныс жетіспеушілігінің барлық түрінде (өкпе эмфиземасы, бронхиалды демікпе);
бастың ауыр жарақатында (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы кезінде; бұл кезде морфин бас сүйекішілік қысымды жоғарылатып, құсуды шақырады; ал құсу болса, өз кезегінде бас сүйекішілік қысымды жоғарылатады).

Слайд 14 Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдері
МОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар.

Наркотикалық анальгетиктердің басқа өкілдеріМОРФИЛОНГ Құрамында морфин гидрохлориді бар. Әсер ету ұзақтылығымен

Әсер ету ұзақтылығымен (22-24 сағат) және үлкен қарқынды әсерімен

ерекшелінеді. Жанама әсерлері айқын емес, Әсері ұзартылған ауру сезімін басатын зат ретінде қолданады: оташалаудан кейінгі кезеңде;
айқын көрінетін ауыру синдромы.

ОМНОПОН – құрамында 48-50% морфин және 32-35% басқа фенантрен және изохинолин (папаверин) қатарының алкалоидтары бар. Әлсіз спазмогенді әсер көрсетеді. Қолднау көрсеткіштері морфиндікіндей.

ПРОМЕДОЛ синтетикалық препарат. Жансыздандыру қабілеті бойынша морфиннен 2-4 есе төмен. Әсер ету ұзақтылығы 3-4 сағат. Лоқсуды және құсуды сирек туғызады, тыныс орталығын аз дәрежеде тежейді.
Морфиннен ерекшелігі несепағардың және бронхтың тонусын төмендетеді, жатыр мойынын босансытады және жатырдың қабырғасының жиырылуын аздап белсендіреді. Осыған байланысты колика кезінде қолайлы болып келеді.
Босандыру кезінде қолдану мүмкін (көрсеткіштерге сай, себебі морфинге қарағанда ұрықтың тынысынын тежелуін және жатыр мойынының босаңсуын сирек шақырады).

Слайд 15
МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге

МОРАДОЛ анальгезиялық белсенділігі жоғары деңгейде және анальгезия морфинге қарағанда тезірек дамиды

қарағанда тезірек дамиды (30-60 мин. соң, ал морфин -

60 мин. соң). Әсері 3-4 сағатқа созылады.

Жанама әсерлері аз және ең бастысы физикалық тәуелділік даму қаупі өте төмең. Сонымен қатар ұзақ уақыт қолдануға болады, себебі эйфория сирек дамиды.
ФЕНТАНИЛ анальгезиялық белсенділігі өте жоғары, белсенділігі жағынан ол морфиннен 100-400 есе күшті. Оның айырмашылығының ерекшелігі ауру сезімін қысқа уақытқа басуы (20-30 минут). Әсері 1-3 мин кейін дамиды.
Нейролептанальгезия үшін нейролептик дроперидолмен ( таломонал) бірге қолданады. Осындай анальгезияның түрін науқас сана-сезімінде болуын қажет ететін жағдайларда қолданады, мысалы миокард инфарктісінде.

КОДЕИН (Codeinum, 0, 015 табл). Анальгетик ретінде морфиннен айтарлықтай әлсіз. Жөтелге қарсы әсері морфиннен әлсіз, бірақ тәжірибеде айтарлықтай жеткілікті.

Слайд 16 МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУ
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ.

МОРФИН ЖӘНЕ МОРФИН ТӘРІЗДІ ПРЕПАРАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУКЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. Науқастың жағдайы өте

Науқастың жағдайы өте ауыр. Басында ұйқы пайда болады, кейіннен

наркоз кезеңіне өтіп, сосын кома дамып, тыныс алу орталығының салдануына әкеп соқтырады.
Өлім тыныс алу тежелуі немесе шоктың, өкпе ісігінің және екіншілікті инфекция салдарынан болады.

АРНАЙЫ КӨМЕК ШАРАЛАРЫ морфиннің арнайы антагонистерін еңгізумен байланысты. Ең жақсы антагонист - бұл НАЛОКСОН (наркан), сонымен қатар жартылай антагонист - НАЛОРФИН.
Олар опиатты рецепторларға морфиннің және оның препараттарының әсерін тежейді және ОЖЖ қалыпты қызметін қалыпына келтіреді.

АРНАЙЫ ЕМЕС КӨМЕК ШАРАЛАРЫ әлі сңбеген уды шығару. Морфинді парентеральды жолмен енгізген кезде де асқазанды шаю қажет, себебі оның АІЖ кілегей қабатымен шығарылуы жартылай ішек қуысында жүреді. Науқасты жылындыру қажет, егер тырысу синдромы дамыса, онда тырысуға қарсы заттар қолданады. Тыныстың терең тежелуі кезінде жасанды өкпе вентиляциясын жүргізеді.

  • Имя файла: n8-dәrіs-narkotikalyқ-analgetikter.pptx
  • Количество просмотров: 144
  • Количество скачиваний: 0