Слайд 2
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Жедел
ішек инфекциясы.
2. Жедел ішек инфекциясының жұғу жолдары.
3. Жедел ішек
инфекциясының асқынулары
4. Жедел ішек инфекциясының емі алдын алуы шаралары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Жедел
ішек инфекциялары (ЖІИ)
Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты-патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен шақырылатын, адамдардың
инфекциялық ауруларының үлкен тобы.
ЖІИ қоздырғыштары негізінен ішекте орналасады.
Слайд 4
көбейген тағам өнімдерімен ас қорыту жолына түскен токсиндер
тудырады) болатын 30-дан аса нозологиялық формалар белгілі.
Ішек инфекциялары аурушаңдық бойынша
тек қана тұмау мен жедел респираторлы инфекциялардан кем түсіп,әсіресе балалық шақта инфекциялық аурулардың жалпы құрылымында негізгі орындардың бірін алады.
Инфекциялық аурулардың құрылымындағы үлесі 20% құрайды.
БДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1-1,2 млрд дейін диареялық аурулар тіркеледі, 5 млн жуық балалар жыл сайын ішек инфекцияларынан және олардың асқынуларынан көз жұмады.
Қазіргі уақытта қоздырғыштары бактериялар, вирустар мен қарапайымдар, сонымен қатар бактериялардың токсиндері (бұл жағдайда диареяны бактериялардың өздері емес, қоздырғыш
Слайд 5
Жедел ішек инфекциясының этиологиясы
ЖІИ тобы
полиэтиологиялы болып табылады.
Қоздырғыш ретінде болуы мүмкін:
бактериялар (патогенді және шартты-патогенді);
вирустар;
қарапайымдылар.
Белгілі
мәліметтер:
Жағдайдың 30-40%-да инфекциялық диарея вирустармен тудырылады;
Жағдайдың 20% –да патогенді бактериялармен (шигеллалар, сальмонеллалар, т.б.) шақырылады;
Жағдайдың 40% -да қоздырғышты анықтау мүмкін емес.
Жұғу механизмі – фекальді-оральді.
Таралу факторлары:
-тағам өнімдері;
су;
тұрмыс заттары (ыдыс-аяқ, т.б.)
Слайд 6
Жұғу механизмі күрделі, уақыт пен кеңістіктегі кейбір үзілулермен
жүзеге асырылады, ал бұл үшін қоздырғыш сыртқы ортада өте
төзімді болу керек.
Инфекция көзі мен табиғи резервуарға байланысты ЖІИ жатады:
антропоноздарға;
зооноздарға;
сапроноздарға.
Инфекция көзі:
адам:
Ауру немесе бактериятасымалдаушы: сау (транзиторлы тасымалдаушы), ауырып болған (дизентерия, тырысқақ, сальмонеллез және т.б.)
жануарлар:
ауылшаруашылық (сальмонеллез);
кеміргіштер (иерсиниоздар).
Таралу жолдары:
алиментарлы немесе тағамдық (дизентерия, АТИ (ПТИ), сальмонеллез );
Су арқылы (тырысқақ, дизентерия және т.б.);
Контактілі- тұрмыстық (дизентерия, сальмонеллез
және т.б.)
Слайд 7
Ішек инфекциясы кезінде кіру қақпасы ас қорыту жолдарының шырышты
қабаты болып табылады.
Патологиялық процесстің орналасуы ас қорыту жүйесінің әр
түрлі бөлімдеріндегі шырышты қабаттың (энтероциттердің) қоздырғышпен таңдамалы түрде зақымдалуына байланысты, яғни қоздырғыштың троптылығына байланысты.
Қоздырғыштың және оның токсиндерінің әсерінен түрлі сипаттағы қабыну процессі дамиды:
катаральді;
катаральді-эрозивті;
катаральді-геморрагиялық;
катаральді-жаралық.
Слайд 8
Сол қабыну нәтижесінде дамиды:
Ас қорыту жүйесінің функциялық бұзылыстары
Ас
қорыту процессінің бұзылуы.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары бүкіл ас қорыту трактісін
зақымдамай,тек қана оның белгілі бір бөліктерін зақымдайды.
Орналасуына байланысты зақымданулар бөліндеді:
гастрит — асқазанның қабынуы,
дуоденит — он екі елі
ішкетің қабынуы,
энтерит — жіңішке ішектің қабынуы,
колит — тоқ ішектің қабынуы.
Жедел ішек инфекциясының
асқынулары
Слайд 9
ЭНТЕРИТ
Энтерит - аш ішектің қабынуы. Оның өзі жедел
және созылмалы түрлерге бөлінеді.
Жедел энтерит - аш ішектің жедел
қабынуы.
Этиологиясы. Жедел энтерит бүзылған тамақпен уланғанда, сальмонеллез, ботулизм, стафилакокк токсиндері организмге түскенде, улы саңырауқүлақтар, балық токсиндерінің және өртүрлі
химиялық заттар (қорғасын, сынап, фосфор препараттары) әсерінде тез дамиды. Бүл патология тырысқақ, іш сүзегі, вирустық инфекциялардың клиникалық көрінісі есебінде де пайда болады.
Патологиялық анатомиясы. Жедел энтеритте қабыну катараль-ды, фибринозды, ірінде және некрозды түрде өтеді. Катаралды қабынуда ішектің щырышты қабаты ісініп қызарып оның бетін сарысулы-шырышты, сарысулы-іріңді экссудат жабады. Микроскопией қарағанда ішектің шырышты қабатында лейкоциттер мен лимфоциттерден түратын сіңбе көрінеді. Эпителий арасында бокал тәрізді жасушалар көбейіп, десквамация қүбылысы күшейеді, осыған байланысты кейде
эрозиялар пайда болады.
Слайд 10
Фибринозды қабыну ішектегі некрозға байланысты дамып, осы жерде
ақшыл-сүр түстегі перде түзіледі, олар көшіп түскенде ор-нында жара
қалады.
Іріңді (флегмонозды) қабынуда ішектің барлық қабаттарына ірінді экссудат сіңіп қалады. Қабыну ішастарға өтіп кетсб перитонит дамиды.
Некрозды қабыну іш сүзегінде, сепсисте, ауыр металдармен уланғанда кездесіп, некроз ошақтарыньщ орнында кейін жаралар пайда болады.
Жедел энтериттің және бір ерекшелігі ішектің өзіндегі және регионалдық лимфа бездеріндегі лимфоид тінінің гиперплазиясы, бүл өзгерістер әсіресе іш сүзегінде жақсы көрініп, иммундық жүйенің қабыну үрдісіне тікелей қатысуының белгісі болып саналады.
Энтериттің асқыну түрлеріне ішектен қан кету, ішек қабырғасының тесіліп (перфорация) перитонит дамуы, ішек қызметі бүзылып, іш кетуі нәтижесінде организмнің сусыздануы жатады.
Слайд 11
СОЗЫЛМАЛЫ ЭНТЕРИТ
Патологиялық анатомиясы. Ішектеіі морфологиялық өзгерістер негізінде эпителидің
қалпына келуінің бүзылуы, дистрофия және қабыну қүбылыстары жатады. Қабынудың
алғашқы кезеңінде ішек бүрлеріне лимфоидты, плазмалы жасушалардан, эозинофилді лей-коциттерден қүралған сіңбелер сіңіп, олардың көлемі үлкейеді. Кейінірек эпителий жасушаларьшың дистрофиясына байланысты ішек бүрлері бірте-бірте қысқарып, өз пішінін жоғалтып, кейде бүгіндей жойылып созылмалы атрофиялы энтерит дамиды. Лимфа тамырлары склерозданып лимфа фолликулалары үлғаяды, кейде көптеген майда кисталар пайда болады. Созылмалы энтерит нәтижесінде ішек бездерінің шығару жолдары жабылып ол жерде секрет жиналып қалады. Осыған байланысты кистозды энтерит дамиды. Егер қабыну үрдісінен кейін пейер табақшалары мен жеке фолликулалар ісініп, үлкейіп кетсе оны фолликулалы энтерит деп
атайды.
Слайд 12
ПЕРИТОНИТ
Жедел ішек инфекциясының асқынулары салдарынан перитонит дамиды.
Перитонит -
іш пердесінің қабынуы. Перитониттер негізінен қүрсақ қуысында орналасқан ағзалардың
патологиясына байла-нысты дамиды. Перитониттің клиникалық белгілеріне қарап жедел және созылмалы түрлерін, көлемі бойынша шекараланган және таралган түрлерін ажыратады.
Слайд 13
Патологиялық анатомиясы. Іш қуысыңа жиналған экссудаттың сипатына қарап
перитониттің: серозды, фибринді-ірінді, іріңді түрлерін ажыратады. Перитонитте іш пердесінің
қабаттары қызарып, кейде көмескіленіп, онда қан қүйылу ошақтары көрінеді. Фибринді қабынуда фибринді жіпшелер, перделер пайда болып, ішектер бір-біріне жабысып қалса, іріңді перитонитте ішектердің арасында шекараланған іріндіктер пайда болады. Ал қабыну экссудаты өз салмағымен қүрсақ қуысының төменгі бөліктеріне жинала бастайды. Әдетте ішек қабырғасы болбыр, тез жыртылғыш, іші газ бен сүйықтыққа толы болады.
Егер науқас перитонитте үзақ айыга алмаса қабыну ошақтары дәнекер тінмен алмасып осы жерде жабыспалар пайда болады. Кли-никада жабыспалы ішек түйілуі белгілері дамиды. Перитониттің бүл түрін созылмалы жабыспалы перитонит деп атайды. Соңгы патология кейде ішектің, жыныс агзаларының туберкулезіне байланысты дамиды. Бүл кезде ІШ пердесінде үсақ ақшыл түсті туберкулез төмпешіктері көрініп, микроскоппен қараганда
туберкулезге тән гранулема табылады; оны туберкулездік
перитонит деп атайды.
Слайд 14
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден,
мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала
пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Жұғу жолдары
Ағымының циклділігі;
Аурудың жедел, кейде аяқ-астынан басталуы;
Ұзақтығы әр түрлі қызба
(холерадан басқа);
Интоксикация синдромы (холерадан басқа);
Әр түрлі деңгейде ас қорыту жолының зақымдалу синдромы (гастрит, энтерит, колит);
Сусыздану синдромы (холера кезінде ең айқын).
Интоксикация синдромы аурудың басында дамып, мына симптомдармен сипатталады:
әлсіздік;
адинамия;
Тәбетінің төмендеуі;
Бас ауыруы;
Бас айналу және т.б.
ЖІИ клиникасына тән:
Слайд 16
Ас қорыту жүйесінің зақымдалуы төмендегілермен көрініс береді:
Гастрит – эпигастрийдегі
ауырсыну, жүрек айну, құсу (жиі көп рет);
Энтерит – оң жақ
мықын аймағында кіндік маңында толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айну, көп рет құсу, диарея – жиі, сұйық, көп мөлшерлі қорытылмаған тағам қалдықтарымен нәжіс иісі мен түсінің өзгеруімен;
Колит (дистальді колит) – толғақ тәрізді сол жақ мықын аймағында ауырсыну, тенезмдар, жалған шақырулар, нәжісі жиіаз мөлшерде, нәжістік сипатын тез жоғалтады, патологиялық қоспалармен (қан, шырыш).
Жедел ішек инфекциясы кезінде сусызданудың (дегидратация) 4 дәрежесін бөледі: (В.И. Покровский, 1978):
I дәрежеде дене массасын жоғалту 1-3% құрайды;
II дәрежеде дене массасын жоғалту 4-6% құрайды;
III дәрежеде дене массасын жоғалту 7-9% құрайды;
IV дәрежеде дене массасын жоғалту 10% -дан жоғары.
ЖІШ емі:
ЖІИ аурыған науқастарды госпитализациялау
жүргізіледі:
Емі кешенді:
төсек тәртіп;
Қоздырғыштардың сезімталдығын ескеріп, этиотропты препараттар;
дезинтоксикациялық препараттар;
Регидратациялық ерітінділер;
симптоматикалық препараттар;
сорбенттер;
эубиотиктер.
Слайд 18
Дизентоксикациялық және регидрациялық терапия аурулардың 85-95%
ауыз арқылы, тек 5-15%- көктамыр арқылы жүргізіледі. Организмге жіберілетін
сұйықтықтың көлемі оның сусыздануына және салмағына байланысты шешіледі, ауыр түрінде 60-120мл/кг, орташа ауырлықта – 55-75 мл/кг. Сұйықтарды көктамырды минутына 70-90 мл. және 60-80 мл.жылдамдықта жібереді.
Слайд 19
Тағамдық рационды шектеу
және өзгеру, сут қышқылды өнімдерді қолдану, қорғау принциптерін сақтау.
Перистальтикан азайтатын, құрамында таниннің мөлшері өте жоғары, өнімдерін қолдану (қаражидек, мойыл, ашты шәй) тұтқыр консистенцияль тамақтар (шырышты көжелер, езілген ботқалар, сүзбе және айран кисельдер) кепкен нан; индифференттік тағамдар – буға пісірілген арық ет және балық. Қуырылған және семіз тамақтардан, шикі көкөністер мен жемістерден бас тарту керек.
Диета.
Слайд 20
Жедел ішек инфекцияларының профилактикасы
Вакцинация (кейбір аурулар кезінде).
Елді мекендерде
сумен қамтамасыз ету мен санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде санитарлы-гигеналық
шараларды жүргізу .
Күнделікті эпидемиологиялық бақылау.
Слайд 21
Ішек инфекциялары көбінесе қолды таза ұстамағандықтан
және үй жануарларынан санитарлық гигиеналық талаптарды орындамағандықтан жұғады. Біз
күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз. Сол үшін алдын алу ережелерін білу керек және қатаң түрде сақтау керек.Сол үшін «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан да өз маңызын жоймайды.
Қорытынды.