Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Портфолио. Педагогикалық тәжірибеден

Содержание

«Атамекен» концептісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІТІЛ ЖӘНЕ «Атамекен» концептісі «Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» жəне «мекен» сөздерінің ассоциативті мағыналары арқылы І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «туған жер» сөзіне мынадай анықтама беріледі: «Туған Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «атамекен» концептісі «дала», «туған жер» ұғымдарымен сипатталады. «Атамекен» Екіншіден, «атамекен» – тыныштық, мәңгілік орын. Дала лексемасының көркем мәтінде берілген мәні Үшіншіден, «атамекен» – «рухани кеңістік». Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік – Қазақ ақын-жазушыларының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпаған қаламгер болмаған шығар. Сондай Оқырманның санасына тез сіңіп, тез жатталатын өлеңдерінің бірі - «Туған жер». Кəкімбек Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде: Ақ қайың елі жайдары, Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге анализ жасау кезінде атамекен тақырыбымен біріктелген тоқсан үш паремия Тілдік материалдың мағыналы анализі паремияның ең ауқымды тобын отанға деген сүйіспеншілік құрайды. Сан критериясы бойынша келесі топты кіндік қаны тамған, туып-өскен жер көрсеткіші құрайды. Көлемі бойынша келесі көрсеткіш тобы туған жер қадірі. Барлығы 14 бірлік. 1. Паремияның 8 бірлігі Отанына опасыздық жасау көрсеткішін құрайды. 1. Елінен безген оңбайды, Ел мен ер байланысы көрсеткіші бойынша алтыншы топты 7 мақал-мәтел қамтиды. 1. Жетінші топты бірлік, ынтымақтастықты білдіретін 4 мақал-мәтел құрады. 1. Орағың өткір болса, Орыс тілінің паремиологиялық қоры тақырыбы родина лексемасымен берілген 176 мақал-мәтелдерді құрайды. Ең Туған ел үшін жан пида көрсеткіші бойынша екінші топ 41 бірліктен тұрады. Үшінші топты 20 бірліктен тұратын Отанға деген сүйіспеншілік көрсеткіші құрайды. 1. Без Келесі топ Отанды анаға теңеу көрсеткішімен берілген 18 бірлікті қамтиды . 1. Кіндік қаны тамған, туып-өскен жер көрсеткіші бойынша бесінші топ 12 мақал-мәтелден Бірлік, ынтымақтастық тобына 8 мақал-мәтел жатады. 1. Если дружба велика - будет Ағылшын тіліндегі паремияны талдау кезінде homeland тақырыбына сай 11 мақал-мәтел сараланып алынды. Талдауға қорытынды жасасақ, әр халық өзінің туған жерін бағалайды, жақсы көреді, сақтайды, Назарларыңызға  көп рахмет!
Слайды презентации

Слайд 2

«Атамекен» концептісі

«Атамекен» концептісі

Слайд 3
«Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» жəне «мекен»

«Атамекен» ұғымы осы тіркестердің құрамындағы «ата» жəне «мекен» сөздерінің ассоциативті мағыналары

сөздерінің ассоциативті мағыналары арқылы да объективтенеді. Ата - «ата-баба»

мағынасында əрі «ежелгі» мағынасында алынады, мекен – «тұрақ, өмір сүретін, өсіпөнетін территория». Сонда атамекен «ата-бабаларынан мекен етіп, өркен жайып келе жатқан жер» деген ұғымды береді.

Слайд 4
І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «туған жер» сөзіне

І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» «туған жер» сөзіне мынадай анықтама беріледі:

мынадай анықтама беріледі: «Туған ел – торғын беісік. Туған

жер. Отан, өз елі, кіндік кесіп туып-өскен жері. Осындағы «Отан» деп отырғанымыз – қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай кезеңде де, əсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге ерте кейінгі орта ғасырларда, айталық, ХІІІ-ХVІІ ғасырларда белгілі бір этникалық, территориялық тұтастықтарға бөлініп өмір сүрген, оның іріірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды Отан, мемлекет, хандық деп атамай, ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт, ел күн деген сөздермен білдірген».

Слайд 5
Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «атамекен» концептісі «дала», «туған

Ілияс Жансүгіров көркем дискурсында «атамекен» концептісі «дала», «туған жер» ұғымдарымен сипатталады.

жер» ұғымдарымен сипатталады. «Атамекен» біріншіден, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Себебі,
Тудым,

өстім, есейдім,
Ен далам — анам, мен — балаң.
Ен далам — анам, мен — балаң
Туған, өскен есейген,
Еңбек тулы ел — балаң
(«Дала» поэмасынан).

Слайд 6
Екіншіден, «атамекен» – тыныштық, мәңгілік орын. Дала лексемасының

Екіншіден, «атамекен» – тыныштық, мәңгілік орын. Дала лексемасының көркем мәтінде берілген

көркем мәтінде берілген мәні – жалпы адамзаттың өмір сүріп,

тіршілік етер ортасы. Дала лексемасының ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесінен маңызды орын алатын «қасиетті, киелі мекен» деген ұғымы ақын дискурсында одан әріге тереңдеген. Мысалы,
«Қарындас пен қара орын
Қалғаннан соң, дариға,
Қара көзден мөлтілдеп
Жас келеді» деген күн
(«Дала» поэмасынан).
Академик Р.Сыздық бұл өлең жолдарындағы «қара орын» сөзін М.Қашғари сөздігіне сүйене отырып, «ағайын-туыстар мен ата-бабаның сүйегі жатқан жер» деп түсіндіреді.


Слайд 7
Үшіншіден, «атамекен» – «рухани кеңістік». Көшпенді түркі халықтары

Үшіншіден, «атамекен» – «рухани кеңістік». Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік

үшін рухани кеңістік – дала. Ақын танымында дала кеңдік

эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. Ақын қолданысында дала лексемасы кең дала, қу дала, ен дала, боз дала, сар дала, кер дала, жапан дала, кеңесті дала, құм дала сынды бейнелі тіркестермен келіп, «атамекен» концептісінің маңына шоғырланған тілдік бірліктер ретінде танылады. Ақын поэзиясында «атамекен» концептісі «Жердің құты», «Құтты қоныс мекен», «Қара орын» мәдени фон мен мәдени семаға ие болған стереотиптік бірліктер арқылы танылған. Ақын поэзиясы тіліндегі «атамекен» концептісіне қатысты «ауыл», «жайлау» «құтты қоныс», «құтсыз қоныс» ұғымдары көшпелі халықтың таным әлемімен байланысты көрініс тауып, «атамекен» концептісін танытудағы өзек концептілер болып табылады.


Слайд 8
Қазақ ақын-жазушыларының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпаған

Қазақ ақын-жазушыларының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпаған қаламгер болмаған шығар.

қаламгер болмаған шығар. Сондай ақындардың бірі – Сəкен Сейфуллин.

Туған жер, ел тақырыбында ақын қаламынан туындаған өлеңдері бірнешеу. Мəселен, «Туған жерім – өз елім». Бұл өлеңін Сəкен ағамыз шет жерде жүргенде жазған болатын. Өлеңде ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі тамаша бейнеленген.
Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,
Қаны қашты, əм сарғайды ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншектей қайғы шер.
Ұйықтасам да еш шықпайсың түсімнен,
Тұрсам-дағы сен кетпейсің есімнен.
Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Бəсеке қып, жұмыртқа алған ну көлім, - дей келе шет елде жүргенмен, туған жерін сағынатынын, күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтіндігін айтады.

Слайд 9
Оқырманның санасына тез сіңіп, тез жатталатын өлеңдерінің бірі

Оқырманның санасына тез сіңіп, тез жатталатын өлеңдерінің бірі - «Туған жер».

- «Туған жер».
Бұл жарыққа аяқ басып

тұрған жер,
Кіндік кесіп,кірім сенде жуған жер.
Жастық-алтын,қайтіп келмес күнімде,
Ойын ойнап,шыбын-шіркей қуған жер,
- деген өлең жолдарында ақиық ақын Мағжан Жұмабаев туған өлкесіне деген сағынышын, балалық шағы өткен ауылына деген перзенттік махаббатын білдіреді.

Слайд 10
Кəкімбек Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде:
Ақ

Кəкімбек Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде: Ақ қайың елі жайдары,

қайың елі жайдары,
Сарыарқа алтын айдары.
Абылай

ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы, -
дей келе Кəкімбек Салықов солтүстік өңір табиғатының сұлулығын жырға қосқан. Небəрі осы бір шумақтың арқасында ол біздің өңірдің ақ қайыңдар өлкесі екендігін, мұнда хан Абылайдың отау тіккендігін, өз туған жерінің қаншалықты тарихи маңызды, құнды екендігін жеткізе алды.

Слайд 11
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге анализ жасау кезінде атамекен тақырыбымен

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге анализ жасау кезінде атамекен тақырыбымен біріктелген тоқсан үш

біріктелген тоқсан үш паремия іріктелініп алынды. Тіл бірліктерінің бір

тақырыпқа бірлестіру себебі келесідей түйін сөздер мен сөз тұлғалардың бар болуы: түйінді концепт атамекен және оның синонимдері атақоныс, Отан, туған жер, ел лексемалары. Мысалы: Отан – оттан да ыстық. Туған жердің ауасы да шипа. Атақоныс — алтын мекен. Атамекен — анаң екен, қысылғаңда панаң екен. Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан. Әркімнің өз жері жұмақ. Үйде оңбаған, түзде де оңбаған.

Слайд 12
Тілдік материалдың мағыналы анализі паремияның ең ауқымды тобын

Тілдік материалдың мағыналы анализі паремияның ең ауқымды тобын отанға деген сүйіспеншілік

отанға деген сүйіспеншілік құрайды. Барлығы 31 бірлік .
1.

Әркімнің өз жері жұмақ. 2. Әркімнің өз жері — Мысыршаһары. 3. Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар? 4. Туған елің болмаса, тумай-ақ қойсын күн мен ай. 5. Туған жерге туың тік. 6. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 7. Туған жер — тұғырың, Туған ел — Қыдырың. 8. Атақоныс — алтын мекен. 9. Ел іші алтын бесік. 10. Өз елің – алтын бесігің.

Слайд 13
Сан критериясы бойынша келесі топты кіндік қаны тамған,

Сан критериясы бойынша келесі топты кіндік қаны тамған, туып-өскен жер көрсеткіші

туып-өскен жер көрсеткіші құрайды. Барлығы 20 бірлік . 1.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. 2. Мал екеш мал да от жеп, су ішкен жеріне тартады. 3. Бақа батпағына, балық көліне. 4. Дуадақ шөлін мақтайды, көкалаказ көлін мақтайды. кемеңгер елін мақтайды, дихан жерін мақтайды. 5. Ер елінде, гүл жерінде. 6. Бақа көлінде патша, балық суында патша. Жігіт елінде патша. 7. Кімнің жерін жерлесең,соның жырын жырларсың. 8. Атамекен туған жер: кір-қоңыңды жуған жер, кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер. 9. Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі. 10. Дарақ бір жерден көгереді.

Слайд 14
Көлемі бойынша келесі көрсеткіш тобы туған жер қадірі.

Көлемі бойынша келесі көрсеткіш тобы туған жер қадірі. Барлығы 14 бірлік.

Барлығы 14 бірлік. 1. Басқа жердің отынан туған жердің

түтіні артық. 2. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен Туған елдің түтіні де тәтті екен. 3. Жат жерде жаның қиналса — ел қадірін білерсің. Жұтым суға зар болсаң —көл қадірін білерсің. 4. Жат жердің қаршығасынан, өз жеріңнің қарғасы артық. 5. Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре. 6. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол. 7. Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 8. Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі. 9. Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы. 10. Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол.

Туған ел үшін жан пида көрсеткішін паремияның 10 бірліктен тұратын төртінші тобынан байқаймыз.
1. Отан үшін отқа түс – күймейсің, арың үшін – алыссаң өлмейсің. 2. Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.
3. Ерінбеген елге жетеді. 4. Ел болам десең, бесігіңді түзе. 5. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.
6. Құртақандай торғай да,Өз ұясын қорғайды. 7. Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан. 8. Ерден аспақ болса да,Елден аспақ жоқ. 9. Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. 10. Өз інінде көртышқан да батыр.


Слайд 15
Паремияның 8 бірлігі Отанына опасыздық жасау көрсеткішін құрайды.

Паремияның 8 бірлігі Отанына опасыздық жасау көрсеткішін құрайды. 1. Елінен безген

1. Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды. 2. Елінен

безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас. 3. Егілмеген жер жетім, елінен айрылған ер жетім.
4. Отанға опасыздық еткенің,Өз түбіңе өзің жеткенің. 5. Есің барда елің тап.
6. Ерінен айрылған көмгенше жылайды, елінен айрылған өлгенше жылайды.
7. Еркектің жаманы, қатынын жамандар. елдің жаманы, батырын жамандар.
8. Аңқау елге – арамза молда.

Слайд 16
Ел мен ер байланысы көрсеткіші бойынша алтыншы топты

Ел мен ер байланысы көрсеткіші бойынша алтыншы топты 7 мақал-мәтел қамтиды.

7 мақал-мәтел қамтиды. 1. Ердің көркі – елімен, Отан

көркі – жерімен. 2. Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті. 3. Ердің сыншысы – ел. 4. Алтын алма, алғыс ал, алтын деген – жер сыйы, алғыс деген – ел сыйы. 5. Ел ағасымен жарасады, киім жағасымен жарасады. 6. Жері байдың елі бай.
7. Елуінде ер дана, елужылда ел жаңа.


Слайд 17
Жетінші топты бірлік, ынтымақтастықты білдіретін 4 мақал-мәтел құрады.

Жетінші топты бірлік, ынтымақтастықты білдіретін 4 мақал-мәтел құрады. 1. Орағың өткір

1. Орағың өткір болса, қарың талмайды. Отаның берік болса,

жауың алмайды. 2. Іргесі берік елді жау ала алмас. Ауызы бір елді, дау ала алмас. 3. Ынтымақсыз елді — Ұрысы билейді. Ынтымақты елді — Дұрысы билейді. 4. Ел даусыз болмайды, ер жаусыз болмайды.

Слайд 18
Орыс тілінің паремиологиялық қоры тақырыбы родина лексемасымен берілген

Орыс тілінің паремиологиялық қоры тақырыбы родина лексемасымен берілген 176 мақал-мәтелдерді құрайды.

176 мақал-мәтелдерді құрайды. Ең бірінші топты туған жер қадірі

көрсеткіші қамтиды. Барлығы 61 бірлік . 1. В родном краю сокол, в чужом — ворона. 2. В своем болоте и лягушка поет, а на чужбине и соловей молчит. 3. В своем дому и стены помогают. 4. Всюду хорошо, а дома лучше. 5. Всякому мила своя Родина. 6. Где кто родится, там и пригодится. 7. Где птица ни летает, а свое гнездо знает. 8. Живешь на стороне, а свое село все на уме. 9. За горами хорошо песни петь, а жить дома лучше. 10. За морем и светлее и теплее, а все своя сторона милее.

Слайд 19
Туған ел үшін жан пида көрсеткіші бойынша екінші

Туған ел үшін жан пида көрсеткіші бойынша екінші топ 41 бірліктен

топ 41 бірліктен тұрады.
1. В бою за Родину

и смерть красна. 2. В тылу, как в бою, защищай Родину свою. 3. Воевать — Родину защищать. 4. Врагу смерть неси — не позорь Руси. 5. Где не жить — родине служить. 6. Для отчизны не жаль жизни.
7. Для родины своей ни сил, ни жизни не жалей. 8. Если Родина дорога — бей врага.
9. Живем не тужим, своей Родине служим.
10. Жить — родине служить.

Слайд 20
Үшінші топты 20 бірліктен тұратын Отанға деген сүйіспеншілік

Үшінші топты 20 бірліктен тұратын Отанға деген сүйіспеншілік көрсеткіші құрайды. 1.

көрсеткіші құрайды.
1. Без любви к человеку нет любви

к родине. 2. Кто Родину любит, тому она в долгу не будет. 3. Кто с пользой для Отечества трудится, тот с ним легко не разлучится. 4. Кто служит Родине верно, тот долг исполняет примерно. 5. Любовь к Родине на огне не горит и в воде не тонет. 6. Любовь к Родине побеждает смерть. 7. Любовь к родине сильнее смерти. 8. Золоту — старости нет, Родине — цены нет. 9. Ни на что не променять Веру, Родину и Мать! 10. Родина для нас дороже глаз.

Слайд 21
Келесі топ Отанды анаға теңеу көрсеткішімен берілген 18

Келесі топ Отанды анаға теңеу көрсеткішімен берілген 18 бірлікті қамтиды .

бірлікті қамтиды . 1. Береги землю родимую, как мать

любимую. 2. За Москву-мать не страшно и умирать. 3. За Родину-мать не страшно умирать. 4. Как мать одна, так и Родина одна. 5. Матушка Москва белокаменная, златоглавая, хлебосольная, православная, словохотливая. 6. Москва всем городам мать. 7. Предать родину — опозорить мать и отца. 8. Родина — всем матерям мать. 9. Родина — мать, а за мать не жалей и жизни отдать. 10. Родина — мать, умей за нее постоять.

Слайд 22
Кіндік қаны тамған, туып-өскен жер көрсеткіші бойынша бесінші

Кіндік қаны тамған, туып-өскен жер көрсеткіші бойынша бесінші топ 12 мақал-мәтелден

топ 12 мақал-мәтелден тұрады. 1. Без корня и

полынь не растет. 2. Все мы — дети земли Русской.
3. Где сосна взросла, там она и красна. 4. Глупа та птица, которой гнездо свое немило. 5. Если нет у меня родины - пусть не всходят для меня луна и солнце. 6. Кабы куст был не мил, соловей гнезда бы не вил. 7. Кто где родился, там и пригодился. 8. Человек без родины — соловей без песни. 9. Человек без родины не живет.
10. Человек без родины, что семья без земли.

Слайд 23
Бірлік, ынтымақтастық тобына 8 мақал-мәтел жатады. 1. Если

Бірлік, ынтымақтастық тобына 8 мақал-мәтел жатады. 1. Если дружба велика -

дружба велика - будет Родина крепка. 2. Если народ

един — он непобедим. 3. За наше Отечество все человечество. 4. Земляка повидать — как дома побывать. 5. Москва, что гранит, — никто Москву не победит. 6. Нашему народу Родина всего дороже. 7. Нет такой силы, которая бы наш Союз победила.
8. Постоим горой за свой край родной.

Слайд 24
Ағылшын тіліндегі паремияны талдау кезінде homeland тақырыбына сай

Ағылшын тіліндегі паремияны талдау кезінде homeland тақырыбына сай 11 мақал-мәтел сараланып

11 мақал-мәтел сараланып алынды. Соның ішінде 8 бірлік Отанға

деген сүйіспеншілікті білдірсе (East or West, home is best. There is no place like home. The wider we roam, the welcome home. Dry bread at home is better than roast meat abroad. Home is home though it be never so homely. Every bird likes its own nest. Every cook praises his own broth. He has no home whose home is everywhere.); қалғаны (An Englishman’s house is his castle. Every dog is a lion at home. Every dog is valiant at his own door.) қорғанышты білдіреді. Көп жағдайда мақал-мәтелдерде басқа тілдік бірліктерге қарағанда адам ойлауының лингвокогнитивті потенциалын шағылыстыратын субъективті адамдық факторды және қарым-қатынастың ерекше түрінің ауқымды потенциалін (ұрпақ арасындағы) көрсетеді.

Слайд 25
Талдауға қорытынды жасасақ, әр халық өзінің туған жерін

Талдауға қорытынды жасасақ, әр халық өзінің туған жерін бағалайды, жақсы көреді,

бағалайды, жақсы көреді, сақтайды, бірақ бұл махаббаттың әр халық

үшін маңыздылығы әр түрлі екеніне көзімізді жеткіземіз. Бұған дәлел ретінде, анализ жасау үшін жіктелініп алынған мақал-мәтелдердің арасында ағылшын мақал-мәтелдерінде “fatherland, motherland” сияқты сөздер кездеспейді. Ал қазақ және орыс мақал-мәтелдерінде мұндай сөздер баршылық. Патриоттық сезім мен көзқарастар түрлі факторлар ықпалынан қалыптасады және бір жағынан тұлғаның жеке басының компоненті, басқа жағынан оның әлеуметтену нәтижесі болыт табылады. Ынтықтық сезімі мен туған жерге деген махаббат әркімге өзіне жекеше. Әдетте патриоттық сезім нысаны бәріне ортақ, ол отан болып саналады. Сонымен қатар, бұл атаудың бірнеше бейнесі бар: туған жер – ол елің де, атамекенін де, туып-өскен жерін де және өзіне жақын адамдар мен достары өмір сүріп жатқан жер бола алады. Жоғарыда айтылғанның барлығын қорытындылай келе, атамекен концептісі қазақ тіл мәдениеті, орыс тіл мәдениеті мен ағылшын тіл мәдениетінде бірдей берілмеген деп айтуға болады. Қазақ және орыс тілдерінің мақалдар қорына назар аударсақ, қазақтың да, орыс халқының да патриоттық сезім деңгейі өте жоғары деген қорытындыға келуге болады. Қазақ немесе орыс халқының адамы өзін жат жерде бөтен сезініп, отанын жақсы көріп, қорғап, қолдап жүреді. Қазақ халқы мен орыс халқы үшін Отан, туған жер әрқашан өте маңызды, құнды болған; бұл онсыз өмір сүре алмайтын, өзін одан тыс елестете алмайтын мән береді. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерге анализ жасау кезінде мұндай махаббат сезімі байқалмады. Әлбетте, ағылшын тіл мәдениетінің халқының туған елінің патриоттары, бірақ оларда қазақ халқы немесе орыс халқымен оның отанды біріктіретін ынтықтық сезімі жоқ.
 

Слайд 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. Нұрдəулетова Б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрдəулетова Б.

Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі: ф.ғ.к, докторы... авторефераты. - Алматы., 2008. - 47 бет.
2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1977. - 712 бет.
3. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. - Алматы: Арыс, 2009. - 272 бет.
4. Мейлах Б.С. Философия искусства и художественная картина мира// вопросы философии. - М., 1987. - № 7. - С. 54-61 бет.
5. Бекбауова С. С.Сейфуллин шығармаларындағы «туған жер, ел» концептісі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы білім жəне ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б. 262-264 бет.
6. Əділбекова Л. І. Жансүгіров прозасының идеялық-көркемдік ерекшеліктер: ф.ғ.к., диссер. - Алматы, 1988 - 111 бет.
7. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы: Мектеп, 1980. – 126 бет.
8. http://eesa-journal.com/wp-content/uploads/2016/05/EESJ_7_2_126-130.pdf сайты.

  • Имя файла: portfolio-pedagogikalyқ-tәzhіribeden.pptx
  • Количество просмотров: 98
  • Количество скачиваний: 0