білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай,
өмірге ілесе білу.В.Н.Терешкова
Бақыттың мәні – парасаттылықта әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби
Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
В.Г.Короленко
Бақыт – өз басың үшін көксейтін игілік... Бақытқа жеткізетін еркін әрекет тамаша әрекет.
Әл-Фараби
Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде, әрекет негізінде келеді.
Д.И.Писарев
Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – ақымақтық.
Г.Мопассан