Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында
туған жерінде қайтыс болған. Әйгілі қазақ ақыны, сазгер. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған. Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады.