Слайд 2
Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни
тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы
шешім қабылдауға үйрету.
- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.
Слайд 3
СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске
асады
Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт
Шығармашылықпен көкейкесті ойлау
Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз
ойлау, шикізатты өңдеу
Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру
Үйрету – түсінуіне көмектесу
Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу
Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу
Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу
Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу
Слайд 4
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенді,
біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады. Бүгінгі мектеп
оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту”.
СТО-ды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
СТО дегеніміз-
не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау.
Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.
Слайд 5
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау –
оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін
сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады
Слайд 6
Сын тұрғысынан ойлау әдістері
Слайд 7
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша тәсілдерінің мәліметтер кестесі:
Слайд 8
Миға шабуыл стратегиясы
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық
талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір
проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
Слайд 9
ДЖИК СО немесе Бедерлі
пышқы стратегиясы
ДЖИК СО немесе
Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы
мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен білім алушыларды 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді топ аттарын құрады, яғни мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.
Слайд 10
Куббизм стратегиясы
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің
алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір
затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.
Слайд 11
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы -
Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар.
Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы
- Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.
Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
Венн диаграммасы стратегиясы
Слайд 12
Қорытынды
Тақырыптың нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.