Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды
алмай.
«Келе ғой,қошақаным, өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай. Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
Ф.Оңғарсынова
1939-2014 ж.