Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Педагог мәртебесі туралы заң және оның негізгі бағыттары

27 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады.
«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды: Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға Заң аясында қосымша ақы төленеді: Тәлімгерлік үшін - 1 базалық лауазымдық жалақы, 3. Педагог міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін Халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы
Слайды презентации

Слайд 2 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" заң

27 желтоқсанда Мемлекет басшысы

жобасына қол қойды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

2020 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады.

Слайд 3 Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:

Педагог мәртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:

Слайд 4 Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған.
Біріншіден, 2020

Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25

жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде

екі есе арттыру көзделген.
Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады.

Сонымен қатар, енді педагогтерді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады. Үлгілік оқу жоспарлары төмендеуі есебінен 2021 жылдан бастап оқу жүктемесінің
18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендейді. Заң бойынша педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.
Заңда педагогтердің еңбек демалысын кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзарту көзделген.


Слайд 5 Заң аясында қосымша ақы төленеді:
Тәлімгерлік үшін -

Заң аясында қосымша ақы төленеді: Тәлімгерлік үшін - 1 базалық лауазымдық

1 базалық лауазымдық жалақы, яғни 17 мың теңге төленеді.


Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы енгізіледі.
Халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге үш лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді.
Магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы енгізілмек.
Сонымен қатар, педагогтер сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін қосымша ақы алады.
Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына білік санаты үшін жалақы арттырылады.
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы үшін педагогтерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.


Слайд 6

15-бап. Педагогтің міндеттері мен

15-бап. Педагогтің міндеттері

мен жауапкершілігі

1. Педагог:
1) өз қызметі саласында тиісті кәсіби құзыреттерді меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттыруға (растауға);
4) педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауға;
5) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша дағдыларын, құзыреттерін арттыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге;
7) қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге;
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
9) балаларды заңға, адамның (азаматтың) құқықтары мен міндеттеріне, жоғары адамгершілікке, отансүйгіштікке, ата-анаға, үлкендерге құрмет көрсетуге, отбасы құндылықтарына, елдің мәдени-тарихи құндылықтарына, оның мемлекеттік құрылымы мен рәміздеріне, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

Слайд 7
3. Педагог міндеттерін бұзғаны және

3. Педагог міндеттерін бұзғаны және педагог атағына кір келтіретін

педагог атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылады.
4. Педагогке қатысты қызметтік талқылаулар, тәртіптік тергеп-тексерулер және олардың негізінде қабылданған шешімдер тек оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
5. Тәртіптік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде педагогке:
1) оған қойылатын кінәрат-талаптар туралы және осы кінәрат-талаптар үшін негіздемелер туралы ақпаратты жазбаша түрде алу;
2) осы іс бойынша барлық материалдармен танысу;
3) қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт бере отырып, өз таңдауы бойынша өзі немесе өкілі арқылы қорғалу;
4) ісі бойынша қабылданған шешімдер, сондай-ақ осы шешімнің себептері туралы жазбаша түрде ақпарат алу;
5) білім беруді басқару органдарына апелляция беру немесе шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта шағым жасау құқықтарына кепілдік беріледі.
6. Педагогтің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауаптылық шарасы туралы шешімді қабылдау кезінде білім беру ұйымының басшысы білім беру сапасындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қызметін жүзеге асыратын педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескереді.

  • Имя файла: pedagog-mәrtebesі-turaly-zaң-zhәne-onyң-negіzgі-baғyttary.pptx
  • Количество просмотров: 607
  • Количество скачиваний: 76