сыныпқа көшкенмін. Бірде есеп сабағынан «бір» деген баға алып
қалдым. Ұят-ай!.. Жылауға шақ қалып отырмын. Басым салбырап кеудеме түсіп кеткен.- Әй, - деп, Балта бүйірімнен түртеді. –Саспа, қазір қайтарда жөндеп берем.
Балта «екі» алса да, «бір» алса да, еш қынжылмайды. Қиналғанын көрген емеспін.
- Қалай жөндейсің?
- Көресің ғой,- деп, Балта жымың-жымың етеді.
Сабақ аяқталды. Балалар тарады.Сыныпта екеуден екеуміз.
- Дәптеріңді бер, -деді ол. Портфелінен біл қалам алды. Қызыл қалам.
- Әкемнің қаламы, - деді де, дәптерімдегі «1» деген сызықты лезде «4» қылып жөндеді де берді. – Енді ата-анаң білмейді.
- Мұғалима көреді ғой.
- Ертең жаңа дәптер баста.
- Қу екенсің – ау!