Слайд 2
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Слайд 3
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде.
Еліміз
бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Слайд 4
Біз қайда бара
жатырмыз?
Дамушы елдер арасында осы
клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.
Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:
Слайд 5
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
«Мәңгілік Ел
– ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы».
Н.Ә.Назарбаев.
«Мәңгілік Ел» идеясының үш негізі немесе үш тұғыры:
Слайд 6
«Мәңгілік Ел» идеясында Н.Ә.Назарбаев басты жеті құндылықты атап
көрсетті:
Слайд 7
«100 нақты қадам» ҰЛТ ЖОСПАРЫ
Слайд 8
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 5 президенттiк реформаны
жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды атап көрсеттi.
Есеп беретiн мемлекеттi қалыптастыру.
Слайд 9
1-қадам. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСIМДЕРIН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттiк қызметке
қабылдау ТӨМЕНГI ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиiс.
2-қадам. Төменгi лауазымдарға кандидаттарды реттеу
және одан әрi лауазымдық өсу IСКЕРЛIК ҚАСИЕТТЕР негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ АГЕНТТIГIНIҢ РӨЛIН АРТТЫРУ есебiнен мемлекеттiк қызметке алғаш рет қабылданушыларды IРIКТЕУ РЕСIМIН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы iрiктеу жүйесiн енгiзу.
4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданушылар үшiн МIНДЕТТI ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗIМI (тиiсiнше үш айдан кейiн және алты айдан кейiн сәйкестiлiктi межелiк бақылау).
5-қадам. Мемлекеттiк қызметкерлердiң жалақысын қызметiнiң нәтижесiне байланысты ӨСIРУ.
6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттiк қызметкерлер үшiн — жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттiк органдар үшiн — стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкiмдер үшiн — мемлекеттiк қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмiр сапасы, инвестиция тарту; Үкiмет мүшелерi үшiн — интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.
7-қадам. Мемлекеттiк қызметкерлердiң ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢIРЛIК ҮЙЛЕСТIРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРIН қосу
8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттiк қызметкерлерге лауазымдық мiндеттерiн атқару кезеңiнде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТIК ПӘТЕРЛЕРДI МIНДЕТТI ТҮРДЕ БЕРУ.
9-қадам. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДI ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКIТУ — үш жылда бiр рет олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру.
10-қадам. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДI МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШIН КОНКУРСТЫҚ НЕГIЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгi лауазымдағы мемлекеттiк қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негiзде жылжыту есебiнен меритократия қағидатын нығайту.
11-қадам. ШЕТЕЛДIК МЕНЕДЖЕРЛЕРДI, ЖЕКЕМЕНШIК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттiк қызметке жiберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл қадам мемлекеттiк қызметтi ашық және бәсекеге қабiлеттi жүйе етедi.
12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДI ЕНГIЗУ. Мемлекеттiк қызметтiң жаңа Этикалық кодексiн жасау. Этика мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi өкiл лауазымын енгiзу.
13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТI КҮШЕЙТУ, сонымен бiрге, жаңа заңнамалар әзiрлей отырып, Мемлекеттiк қызмет iстерi және жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелi түрде алдын алу және сауықтыру үшiн жемқорлыққа қарсы арнайы бөлiм құру.
14-қадам. Барлық мемлекеттiк органдарға, оның iшiнде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлерiне қатысты МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.
15-қадам. Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейiн IС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДI КЕШЕНДI АТТЕСТАТТАУДАН өткiзу, кәсiби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу.
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛIГIНЕ ҚОЛЖЕТIМДIЛIГIН ЖЕҢIЛДЕТУ ҮШIН СОТ ЖҮЙЕСI ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСIНЕН (бiрiншi, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бiрiншi, апелляциялық, кассациялық) сот төрелiгi жүйесiне көшу.
17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ IРIКТЕУ ТЕТIКТЕРIН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БIЛIКТIЛIК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ. Мiндеттi түрдегi талап — сот iстерiн жүргiзуге қатысудың 5 жылдық өтiлi. Кәсiби дағдысы мен iскерлiгiн тексеру үшiн ахуалдық тестiлер жүйесiн енгiзу. Судьялыққа үмiткерлер СОТТАРДА стипендия төленетiн БIР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтедi. Бiр жылдық тағылымдамадан кейiн судья БIР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗIМIНЕН өтедi.
18-қадам. Оқуды және сот тәжiрибесi арасындағы өзара байланысты күшейту үшiн СОТ ТӨРЕЛIГI ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлiнуi керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс iстеп, қызмет бабындағы судьялардың бiлiктiлiгiн тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететiн болады.
19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТIБIН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСIН жасау, соның негiзiнде азаматтар судьялардың әрекеттерi бойынша елiмiздiң Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.
20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРIНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН мiндеттi түрде енгiзу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкiндiгi болмауы тиiс.
21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МIНДЕТТI ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық iстердiң категорияларын анықтау қажет.
22-қадам. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТIН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТI ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIЛIКТI тергеу судьясына бiртiндеп берудi ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРIМДI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ IСТЕРIН ЖҮРГIЗУДI құру. Жоғарғы Сотта iрi инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшiн ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
24-қадам. Дубай тәжiрибесi бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.
25-қадам. Шетелдiк және халықаралық соттардың ҮЗДIК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ IСТЕРIН ЖҮРГIЗУДI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШIН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДI ШЕТЕЛДIК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша Жоғарғы Сотқа кеңес берiп отырады.
Слайд 10
26-қадам. Сот ресiмдерiн оңайлату және сот процестерiн жеделдету
үшiн азаматтық-құқықтық даулар жөнiндегi соттарға ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық
iс жүргiзу кодексiне тиiстi өзгертулер енгiзу.
27-қадам. Жекеменшiк сот орындаушылар институтын одан әрi дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТIН БIРТIНДЕП ҚЫСҚАРТУ.
28-қадам. Полиция қызметкерлерiн IСКЕРЛIК ҚАБIЛЕТТЕРI НЕГIЗIНДЕ IРIКТЕУ ЖҮЙЕСIН ЖАҚСАРТУ Кәсiби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерiн тексеру үшiн iс басындағы полиция қызметкерлерiн және қызметкерлiкке кандидаттарды тестiлеудiң арнайы жүйесiн енгiзу.
29-қадам. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСIНЕ ҚОСУ. Әрбiр құқық қорғау қызметiнiң ведомстволық ерекшелiктерiне сәйкес бiрыңғай қызмет ету ережесiн енгiзу.
30-қадам. Жергiлiктi атқарушы органдарға және жергiлiктi қоғамдастыққа есеп беретiн ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТIН құру. Жергiлiктi полиция қызметiнiң өкiлеттiлiгi: қоғамдық тәртiптi қорғау мәселелерi, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметi, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушiлiк. Жол-бақылау полициясының қызметкерлерi полиция қызметкерлерiнiң жұмыс ауысымы кезiнде атқарған iсiнiң барлығын жазып отыратын бейнетiркегiштермен қамтамасыз етiледi.
31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретiн полицейлердiң iс-әрекеттерiне ШАҒЫМДАНҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНIНДЕГI ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСIН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДIҢ МӘРТЕБЕСIМЕН ӨКIЛЕТТIЛIГI ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКIТIЛЕТIН БОЛАДЫ.
32-қадам. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесi негiзiнде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл картада елiмiзде 1 аптадан әрi кетпейтiн мерзiмде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тiркелетiн болады. Бұл ҚОҒАМҒА IШКI IСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИIМДIЛIГIН БАҚЫЛАУҒА МҮМКIНДIК БЕРЕДI.
33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметiне тiркелген азаматтарды әлеуметтiк оңалтудың тиiмдi жүйесiн қалыпқа келтiру. Осындай азаматтар үшiн АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДI СТРАТЕГИЯСЫН жасау.
34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШIК СЕРIКТЕСТIГIН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРIНДЕ пенитенциярлық инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелердi салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшiк секторды тарту жөнiнде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжiрибенi зерттеу.
III. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСIМ
35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРIН тиiмдi пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгiзу. ЖЕР КОДЕКСIНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТIЛЕРIНЕ өзгерiстер енгiзу.
36-қадам. ЖЕР ТЕЛIМДЕРIН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРIН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресiмдерiн жеңiлдету. Ауылшаруашылық жерлерiн пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргiзу. Барлық пайдаланылмай жатқан жердi алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУ ҮШIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРҒА БЕРУ.
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресiмдерiн оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгiсiндегi бiркелкi тауарлар тобы шеңберiнде «0-5-12» моделi бойынша Бiрыңғай кеден тарифi кедендiк мөлшерлемесiн қысқарту.
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсiмдерiнен өту кезiнде «БIР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгiзу. Электронды жария ету жүйесiн дамыту (тауарларды кедендiк тазалауға автоматтандырылған жүйенi енгiзу). Экспорт және импорт үшiн құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРIН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кiрген кезеңнен бастап оны сатқанға дейiн бақылауға алынады.
40-қадам. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДIК ТАЗАЛАУ РЕЖIМIН ЕНГIЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкiндiк беру.
41-қадам. МҮЛIКТI ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСIМДЕРIН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгiзу.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттiк қызметкерлер үшiн, одан әрi барлық азаматтар үшiн КIРIСТI ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГIЗУ.
43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДIҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛIСIН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушiлердiң электронды құжаттарының бiрыңғай мұрағатына кiру мүмкiндiгiне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДI БАСҚАРУ жүйесiн енгiзу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешiм қабылдау үшiн тәуекел санаттарына бөлiнетiн болады. Жариялауды бiрiншi рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзiмде қайта тексерiстен өтпейтiн болады.
44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТIКТЕРIН ЖЕТIЛДIРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгiзу мәселесiн жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кiрiске және шығысқа салық есебiн мiндеттi түрде енгiзу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖIМIН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгiзiледi. Бiрiншi саты — архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтiнiш берiлген күннен кейiн 30 күн iшiнде жүзеге асырылады. Екiншi — эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау — 20 күнге дейiн, үшiншi — рұқсаттың өзi — 10 күн iшiнде.
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткiзуге байланысты МЕМЛЕКЕТТIК МОНОПОЛИЯДАН БIРТIНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелестi ортаға тапсыру.
48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДIСIН ЕНГIЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдiсiн енгiзу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкiндiк бередi, сонымен бiрге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтiк базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етедi.
49-қадам. Кеңестiк кезеңнен берi қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКIРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРIНIҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСIН ЕНГIЗУ. Жаңа нормативтердi қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметi нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, сонымен бiрге құрылыс саласындағы шетелдiк қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкiндiк бередi.
50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, «БIРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛIН ЕНГIЗУ. Бұл өңiрлер арасындағы электр энергиясының әртүрлi тарифтерiн реттеуге мүмкiндiк бередi.
Слайд 11
51-қадам. ӨҢIРЛIК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) IРIЛЕНДIРУ. Бұл энергиямен
қамтамасыз етудiң сенiмдiлiгiн арттырады, өңiрлерге электр энергиясын таратудың шығынын
төмендетедi, тұтынушылар үшiн электр энергиясының ақысын азайтады.
52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГIЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленедi: күрделi шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндiрiсiнiң ауыспалы шығындарын жабу үшiн пайдаланылатын электр энергиясы үшiн төленетiн ақы белгiленетiн болады. Бұл «шығынды өтеу» әдiсi бойынша тарифтердi бекiтетiн қазiргi ахуалды өзгертуге мүмкiндiк бередi.
53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДIРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметтi жаңғырту еркiн бәсекелестi дамытуға бағыт.
54-қадам. КӘСIПКЕРЛЕРДIҢ МҮДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ ҮШIН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестiң және Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi кiредi.
55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДIК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШIН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСIБIНЕ ЕҢ КЕМIНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкiндiктерi туралы халықаралық бизнестi ақпараттандыру.
56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкiрлiк инвесторлармен» — халықаралық стратегиялық серiктестермен («Эйр Астана», «Теңiз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерiн шығару жөнiндегi зауыт үлгiсi бойынша) БIРЛЕСКЕН КӘСIПОРЫНДАР құру. Шетелдерден жоғары бiлiктi мамандар тарту үшiн АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГIСI БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШI-ҚОН РЕЖIМIН қалыптастыру.
57-қадам. ТУРИСТIК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДIК ТӘЖIРИБЕСI БАР стратегиялық (зәкiрлiк) инвесторлар тарту.
58-қадам. ЖОЛ-КӨЛIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕ БIРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшiн стратегиялық (зәкiрлiк) инвесторлар тарту.
59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТIК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негiзгi мiндетi: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешендi қызмет көрсету үшiн жекеменшiк энергия сервистiк компанияларды дамытуды ынталандыру және iс жүзiнде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.
60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНIМДЕРI ӨНДIРIСIН ДАМЫТУ ҮШIН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негiзгi мiндет: үш жыл мерзiмде ТМД елдерi нарығына шығарылатын өнiмдерiнiң жартысына дейiнгi экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтiк өндiрiстi дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгiсiмен ұйымдастырылды.
61-қадам. ЕТ ӨНДIРIСI МЕН ӨҢДЕУДI ДАМЫТУ ҮШIН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негiзгi мiндет шикiзат базасын дамыту және өңделген өнiмдердi экспорттау.
62-қадам. Экономиканың шикiзаттық емес салаларындағы орта бизнестiң нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДIЛIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансферi үшiн бiлiктiлiк орталықтарын құру мүмкiндiгiн бередi.
63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТIН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗI РЕТIНДЕ ЕКI ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДI ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бiрлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етедi. Нақты өндiрiстiк жобаларды жүзеге асыру үшiн инновациялық технологиялар паркi жергiлiктi және шетелдiк жоғары технологиялы компанияларды тартады
64-қадам. ӨНДIРIСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГIЗУ ЖӨНIНДЕГI ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТIКТЕРI бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерiн коммерцияландыру туралы» Заң әзiрленедi. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасының қажеттiлiгiне орай қайта бағытталады.
65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛIК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕН-ТАЛДЫҚ ДӘЛIЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДIК КӨЛIК ДӘЛIЗIН ҚҰРУ жөнiндегi жобаны iске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитiн кедергiсiз жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Көлiк дәлiзi: бiрiншi бағыт — Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрi Еуропаға өтедi. Екiншi бағыт — Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейiн, одан әрi Каспий теңiзi мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкiн тарту.
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы iргесiнен ӘЛЕМДIК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТIН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.
67-қадам. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН IРI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТIНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнiң негiзгi қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөнiндегi жоспарымен үйлестiрiледi, бұл жүктердi жеткiзу құнын екi еседен астам төмендетуге мүмкiндiк бередi.
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитiнiң тартымдылығын арттыру үшiн ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ТИIМДIЛIГIН жақсарту. Азаматтық авиация комитетiнiң қызметi британ азаматтық авиациясы мемлекеттiк агенттiгiнiң және ЕО авиация қауiпсiздiгi агенттiгiнiң үлгiлерiне бағдарланатын болады.
69-қадам. Астананы зерттеушiлердi, студенттердi, кәсiпкерлердi, барлық өңiрлерден туристердi тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ IСКЕРЛIК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бiрге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазiргi замандық халықаралық көлiктiк-логистикалық жүйе құрылады.
70-қадам. ASTANA EXPO — 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АIҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесiн Конституцияда бекiту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияның барлық өңiрлерiнiң елдерi үшiн ҚАРЖЫ ХАБЫ ретiнде қалыптастыру. ӨЗIНДIК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСIЗ СОТ ЖҮЙЕСIН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет iстейтiн болады. Судьялар корпусы шетелдiк мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНIҢ 20 АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУI ТИIС.
71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзiрлеу. Элиталық қаржы қызметiнiң жаңа түрлерiн, соның iшiнде private banking активтердi басқару саласындағы қызметтердi дамыту. Орталыққа либералды салық режiмiн енгiзу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкiн. Дубайдың үлгiсi бойынша инвестициялық резиденттiк қағидатын енгiзу.
72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тiл ретiнде ағылшын тiлiн енгiзу. Орталықтың дербес заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТIЛIНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиiс.
73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көлiктiк қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Қаржы орталығының ЖЕТЕКШI ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛI ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесiн құру.
74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНIНДЕ ЕСЕП БЕРУДIҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСIН ЕНГIЗУ арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдiрлiгi мен болжамдылығын арттыру.
75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi үшiн үздiк әлемдiк тәжiрибенi пайдалана отырып, КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДIСIН енгiзу.
Слайд 12
76-қадам. ЭЫДҰ елдерi стандарттарының негiзiнде адам капиталының сапасын
көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БIЛIМ БЕРУДI кезең-кезеңiмен ЕНГIЗУ, функциялық сауаттылықты
дамыту үшiн мектептегi оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгiзу, табысты мектептердi ынталандыру жүйесiн құру.
77-қадам. Экономиканың алты негiзгi саласы үшiн ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА бiлiктi кадрларды әзiрлеу, кейiннен бұл тәжiрибенi елiмiздiң басқа оқу орындарына тарату.
78-қадам. Назарбаев Университетi тәжiрибесiн ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТIГIН кезең-кезеңiмен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшiк ЖОО-ларын халықаралық тәжiрибеге сәйкес трансформациялау.
79-қадам. Бiлiм беру жүйесiнде — жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тiлiнде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТIК ҚАБIЛЕТIН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БIЛIМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТIН КӨТЕРУ.
80 -қадам. МIНДЕТТI ӘЛЕУМЕТТIК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГIЗУ. Мемлекет, жұмыс берушi және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершiлiгi қағидаты негiзiнде денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшiн ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
81-қадам. ЖЕКЕМЕНШIК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТIК БАСҚАРУДЫ ЕНГIЗУ. Бәсекелестiк есебiнен қызметтiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтiк медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтiк көмектi қаржыландыру — бәсеке есебiнен медициналық ұйымдардың корпоративтiк басқару қағидаттарына көшуiн қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк медициналық ұйымдарды жекешелендiрудi ынталандыру, мемлекеттiк емес ұйымдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн берудi кеңейту.
82 -қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ДАМУ МИНИСТРЛIГI ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БIРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудiң алдыңғы қатарлы стандарттарын енгiзу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзiрлеу, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетiмдiлiктi бақылау).
83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСIН әзiрлеу.
84-қадам. ӘЛЕУМЕТТIК КӨМЕКТI ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтiк көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады.
85-қадам. «МӘҢГIЛIК ЕЛ» патриоттық актiсi жобасын әзiрлеу.
86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ — ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДI ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың бiртектiлiгiн нығайтады және азаматтық қоғамның бүтiндiгiн қалыптастыру үшiн жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының туристiк саласын дамытудың 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын (iшкi туризмдi дамытуды қоса есептегенде) және «Астана — Еуразия жүрегi», «Алматы — Қазақстанның еркiн мәдени аймағы», «Табиғат бiрлiгi және көшпелi мәдениеттер», «Алтай iнжулерi», «Ұлы Жiбек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңiрлiк мәдени-туристiк кластерлерiн құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.
87-қадам. Азаматтық бiртектiлiктi нығайтудың «МЕНIҢ ЕЛIМ» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын iске асыру қарастырылатын болады. Соның бiрi — «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДI ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ — ӘРБIР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДIК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБIРЕК БIЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдiң тарихы мен мәдениетi, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмiрi туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бiр есептен елдiң «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушiсiне, қызықты азаматтар үшiн ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналады.
88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөнiндегi ұлттық жобаны әзiрлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екiншi бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсiздiк жылдарында мемлекеттiк саясаттың арқасында еңбек, кәсiпкерлiк, ғылым мен бiлiм және басқа да кәсiптiк қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткiзген қазақстандықтардың (бiздiң заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН IЛГЕРIЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттiк саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсiптiк-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.
89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру. Мектептiк бiлiм берудiң қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГIЛIК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГIЗУ.
90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегi, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтiк желiлердегi қазақстандық бiртектiлiк идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ IЛГЕРIЛЕТУ.
91-қадам. Мониторингтiң, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресiмдерi аясында МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУҒА КӨШУ. Тәртiптiк бақылау жүйесi тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткiзудi бақылауға негiзделуi тиiс. РЕСIМДIК СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. Мемлекеттiк органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткiзу жөнiндегi қызметiнде дербестiк берiледi.
92-қадам. МЕМЛЕКЕТТIК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСIН ҚҰРУ. Жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттiк бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ, мемлекеттiк органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негiзгi мақсатты индикаторлар бөлiгiнде ҚАЙТА ПIШIНДЕУ.
93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСIН енгiзу. Мемлекеттiк бағдарламаларды бағалау үш жылда бiр рет жүргiзiлетiн болады. Мемлекеттiк органдардың нәтижелiлiгiн бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитетi бiрiншi сыныпты әлемдiк аудиторлық компаниялардың модельдерi бойынша жұмыс iстейтiн болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетедi.
94-қадам. «Ашық үкiметтi» енгiзу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТIМДIЛIК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗIРЛЕУ, ол мемлекеттiк органдар иелiгiндегi тек мемлекеттiк құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етедi.
95-қадам. Мемлекеттiк органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКIШТЕРIНЕ ҚОЛ ЖЕТКIЗIЛГЕНДIГI ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерiн ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжiрибеге енгiзу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтерi туралы оқушылар, жұмыс берушiлер, қоғам өкiлдерi мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерiн тәжiрибеге енгiзу.
96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәлiметтерiне ОНЛАЙН-қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету. Барлық бюджеттiк және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитiнiң нәтижелерi, мемлекеттiк саясат тиiмдiлiгiн бағалау қорытындылары, мемлекеттiк қызметтiң сапасын қоғамдық бағалау нәтижелерi, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.
97-қадам. Өзiн-өзi реттеу мен жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРIСIНЕ ҚАТЫСУ МҮМКIНДIГIН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДI БӘСЕКЕЛЕСТIК ОРТАҒА және өзiн-өзi реттеушi ұйымдарға беру. Үкiмет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтердi қысқарту есебiнен неғұрлым ықшам бола түседi.
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейiнде ЖЕРГIЛIКТI ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТI ЕНГIЗIЛЕТIН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиiстi бюджеттiк жобаларын талқылауға қатысуының тетiктерi жұмыс iстейдi.
99-қадам. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ӘКIМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДIҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттердi, есептердi, мақсатты индикаторларға қол жеткiзудi, азаматтардың құқықтары мен еркiндiктерiн қозғайтын нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлiгiндегi рөлдерiн күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДIҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI мен мәртебесiн заңмен бекiту, мемлекеттiк шешiмдердi қабылдау ашықтығын арттыру.
100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгiсi бойынша МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕРДIҢ БIРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРIНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШIН ҮКIМЕТ» МЕМЛЕКЕТТIК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттiк корпорация халыққа қызмет көрсететiн барлық орталықтарды бiр жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕРДI БIР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттiк қызметтi САПА МЕНЕДЖМЕНТI ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.
Слайд 14
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет
басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік бағдарламаның мына бағыттарының іске асырылуына жауап береді: шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй инфрақұрылы-мын нығайту, отандық өндірушілерді қолдау.
Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды іске асыру және басқа іс-шаралар өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта тұрақты өрлеуге алғышарт болады.
Слайд 15
бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы
бағдарламасының іске асырылуы
бағдарламасының серіктестері