дегенмен есептеу машинасының бүкіл жабдығының 80%-ке жуығы әр түрлі
еске сақтау құрылғылары мен ЭЕМ-нің басқа блоктарымен байланыс жасау құралдары. ЭЕМ өнімділігі көбіне еске сақтау құрылғыларының әрекет тездігімен анықталады. Еске сақтау құрылғыларының негізгі қызметі – информацияны есте ұстау және сақтау. Машина жадында көптеген түрлі-түрлі информациялар орналасады: бүтін және нақты сандар, графиктік кескіндер мен текстік хабарлардың кодтары. Осы еске сақтау құрылғыларыда есеп шығару процесінде мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыратын программа да сақталады.Еске сақтау құрылғылары жадылық элементтерден тұрады. Жадылық элемент ретінде белгілі, мысалға, магниттік немесе электрлік қасиеттері бар физикалық ортаның кішігірім бөлігін немесе триггер сияқты қарапайым құрылғыны пайдалануға болады. Жадылық элементтері де, регистрлердің триггерлерден құрастырылатыны сияқты, ұяшықтар етіп біріктіреді.