АТТЕСТАТТАУ ЕМТИХАНЫ
Бағалау мақсаты
Мақсаты – білім алушылардың оқу үдерісінде
алған білімі мен білігін анықтау.Оқу бағдарламасымен байланысы
11-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын бағалайды және 10,11-сыныптың оқу бағдарламаларындағы оқу нәтижелерімен анықталады.
Бағалау төмендегі оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылды:
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10,11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10,11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).