Слайд 2
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы
20 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда № 6976 тіркелді
Слайд 3
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін
ұйымдастырудың қағидалары
1.
Жалпы ережелер
1.Ұлттық білім берудің
оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
3. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.
4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады.
5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
Слайд 4
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар :
академиялық кезең (Теrm) -
үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен
белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
Слайд 5
қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде
жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім
алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
Слайд 6
оқу пәніне жазылу (Enrollment) - білім алушылардың оқу
пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;
оқу
үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
Слайд 7
оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан
әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен
жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін текс
Слайд 8
транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген
пәндердің тізбесі бар құжат;
тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;
эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.
Слайд 9
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
Кредиттік оқыту
технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1)
білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
Слайд 10
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан
және практикалардан тұрады.
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр
үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта.
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
Слайд 11
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең.
Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық
сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.
Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі.
Слайд 13
Оқыту процесі
Оқыту процесі - бұл оқытушы мен білім
алушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға
білім беру міндеттерін шешу.
Слайд 14
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері :
Мақсат.
Педагог
Оқушы,
білім алушы.
Оқыту әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру түрі.
Алған білімді
өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика.
Слайд 15
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін,
тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы.
Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Слайд 17
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе
оқыту процесі
- бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс.
Слайд 18
Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті
(шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге
болады. (В.И.Загвязинский).
Слайд 19
Лекция
Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын
меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай
ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Слайд 20
Лекцияға қойылатын талаптар:
Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік
(гуманистік) жағы;
Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі)
Дәлдігі мен дәлелділігі;
Түсіндірудің эмоционалдық жағы;
Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру;
Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы;
Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу;
Тірек ұғымдарды бөліп алу, түсіндіру;
Қорытындылау;
Тілінің түсінікті және анық болуы;
Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу;
Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. )
Слайд 21
Лекцияның соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияның
құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады.
*Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қағидалар ортақ болады.
Слайд 22
Лекцияның үш түрі болады:
І.Кіріспе.
2. Ағымдағы лекция.
3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы.
Слайд 23
Кіріспе лекция
Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты,
ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі,
мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн.
Слайд 24
Ағымдағы лекция
Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде
жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Слайд 25
Қорытынды немесе шолу лекция
Қорытынды немесе шолу лекция
- бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде
жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.
Слайд 26
Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді
жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек. Конспект
мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайындалуда тірек материалдары ретінде көмек береді. Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студенттерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіп жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет.
Слайд 27
Лекцияны бағалау критерилерінің негізгі түйіндері:
оның мазмұны, әдісі,
студенттер
жұмысына жетекшілік,
лекторлық дарын,
лекцияның нәтижелілігі.
Слайд 28
Лекцияның мазмұны:
Ғылымилығы - қазіргі кездегі ғылымның дамуына,
жетістігіне сәйкестілігі; саяси бағытгылығы - дүниетанымдық идеяларды бөліп алу,
жекелеу, әдіснамалық сұрактарды ажырата біліп, оларды түсіндіру; ойлаудың белсенділігі - мәселелік сұрақтар қою және пәнаралық байланыстарды анықтау; Лекция мен окулық арасындағы байланыс, яғни оқулықта жоқ материалдар беріле ме, әлде оқулық бойынша айтылып жатыр ма? Қиын сұрақтарды талдау, ерекше токталу, жекеленген метериалдың бөлімдері бойынша студенттерге өз бетінше тапсырма беру. Пәнішілік және пәнарлық байланыстар.
Слайд 29
Оқытудың әдісі
Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымы, қисыны (логикасы),
жоспары, әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді беру, жаңа терминдер, дәлелділігі
мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытыңдылар, оларды ажырата білу, көрнекілік құралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану. Қорытындылауда сұрақтарды қайталау, бақылау, тексеру сұрақтары, лекцияның соңында бүкіл лекция материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау.
Слайд 30
Студенттер жұмысына басшылық - лекция, конспектілерді жазуды талап
ету, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру. Конспектілерді семинар сабағында, лекцияның соңында
тексеріп отыру. Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану.
Слайд 32
Лекторға қойылатын талаптар:
пәнді жетік білуі,
идеялық сенімділік,
көңіл-күй,
дауысырғағы,
сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы,
демалысы,
сырт көрінісі,
өзін-езі
аудиторияда ұстай білуі,
аудиторияны "көре" және "сезе " білуі, аудиториямен байланыста болуы.
шешендік шеберлігі.
Слайд 33
ЖОО оқытушысы қандай болуы керек?
Слайд 34
Лекцияның нәтижесі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа
жетуі.
Лекция оку барысындағы лектордың міндеті: - студенттердің танымдық
жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау; материалды өңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау
Слайд 35
Семинар
Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан.
Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде
өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды.
Слайд 36
Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық
және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол
студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.)
Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы.
Слайд 37
Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің
пікірі бойынша):
Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту;
Танымдық мотивтер;
Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану.
Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді.
Слайд 38
Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3
типін ажыратуға болады:
Ағымдағы семинар
Жекеленген семинар
Арнайы семинар
Слайд 39
Ағымдағы семинар
Ағымдағы семинар - бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты
-студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар
көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу.
Слайд 40
Арнайы семинар
Арнайы семинар - белгілі бір ғылым саласы
бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса,
онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.
Слайд 41
Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді
терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру,
құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау.
Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді.
Слайд 42
Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен
студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір
әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді.
Слайд 43
Көптеген жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер ұйымдастырылады
(мамандыққа байланысты).