Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Ата - анамен жумыс Оз балана улги бол

Содержание

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, орнатылған
21 ғасыр ата-аналарының  «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы  Республикалық ата-аналар Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне,  саналы өмірге бастау Мектепте алғаш білім алуына байланысты  бала өміріндегі өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді Үш «Б» заңы      Бейімделу, Бедел, Белсенділік	Баланың мектепте Баланың мектепте білім алуға бейімделуі	АТА-АНАҒА КЕҢЕС Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар ЕКІНШІ КЕҢЕС:  баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз,  оқуға ҮШІНШІ КЕҢЕС:  балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек беріңіз Балаңызбен Төртінші кеңес:  мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға БЕСІНШІ КЕҢЕС:  балаға құрдастарымен қарым-қатнас құрып,  өзін сенімді АЛТЫНШЫ КЕҢЕС:  Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз ЖЕТІНШІ КЕҢЕС:  балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге Екінші «Б» заңы Бедел  Ата-ана беделі  Балаңызбен тепе-тең құқықтағы серіктес Мұғалім беделі Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК   Отбасы мен мектептің белсенді Екінші қателік:  қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасыМектепке келу мәселесі «жайғдайдан жағдайға» ұласып не ҮШІНШІ ҚАТЕЛІК:  «ықпал етуші ортаның» бөлінуі Кей жағдайда ата-аналар баланың текматериалдық ТӨРТІНШІ ҚАТЕЛІК:  өзара әрекеттің негізі ретінде «басқарушы нұсқаулықтар» жүйесі, Бейімделу кезеңінің сәтті өткенін қалай білуге болады?  Сәтті бейімделудің белгілеріБірінші — білім Үшінші,  баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды белгісі Балаңыздың өз-өзіне сенімді, адекватты бағалауға ие, батыл және Ата-ананың негативті әдеттері 4. «Иттен қорқудан қалай ұялмайсың? Ата-ананың негативті әдеттері 7. «Менен басқа ешкімге сенбе! ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Бала өзіне үлкендер қалай қараса Болашақ бірінші сынып оқушылары –ұлдар мен қыздардың ата-аналары үшін нейро-психофизиологтардың Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, не үшін екенін білетіндей етіп Ойынның оң уәждемесін жасаудың әсерлі тәсілі.  Олар алуан түрлі болуы мүмкін. «Есім» ойыны НҰРЖАНН – нұрлыұ – ұқыптыР – ризашылЖ – жігерліА – адалН – намысшыл «Есім»ойыны АсемА – адалС – сезімталЕ – еркеМ – мейірімді «Есім» ойыны АжарА – арманшыл Ж – жағымдыА – ақылдыР- риясыз Маңызды сөздердің мағынасын табайық МЕКТЕП     М – мерген	Е Маңызды сөздердің мағынасын табайықСынып	С– сызғыш	Ы – ынта 	Н – назар	ы – ықылас	п – парта Қазақстан Республикасындағы орта білім беру  реформасының аясында білім Мектептерде піндерді 3 тілде берудің артықшылығы (үш тілділік) Партаға сіздің балаңыз отырады.  Бірақ Құрметті ата-аналар сізге де оқу керек! Құрметті ата-аналар!  Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік тілейміз! Бақытты болыңыздар!Сіздер
Слайды презентации

Слайд 2 Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау

өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып

өсетіні оның жетістіктеріне байланысты

Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?

Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, орнатылған ережелер мен тәртіпке бағыну.

Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау.
Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.


Слайд 3 Мектепте алғаш білім алуына байланысты бала өміріндегі өзгерістер

Мектепте алғаш білім алуына байланысты бала өміріндегі өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді

кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:
Бірінші сынып оқушылары

өте әсершіл болып қала береді;
Тез ашуланғыш келеді;
Тез шаршайды;
Олардың зейіні құбылмалы болады;
Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты

Егер де Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз мектепке бейімделу кезеңін оңай еңсереді.

Слайд 4 Үш «Б» заңы Бейімделу,

Үш «Б» заңы   Бейімделу, Бедел, Белсенділік	Баланың мектепте білім алуға

Бедел, Белсенділік
Баланың мектепте білім алуға БЕЙІМДЕЛУІ – ата-аналар міндеті:

бірінші сынып оқушысына эмоциялық және рухани қолдау көрсету, үйренбеген жағдайға бой үйретуге көмек беру, Мектепке бейімделу кезеңі 2 аптадан жарты жылға дейін жалғасуы мүмкін.
 
БЕДЕЛ– ата-аналар міндеті: ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы.

БЕЛСЕНДІЛІК – ата-аналар міндеті: Оқытушымен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі, үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз немесе қызыңыз өз ата-анасымен мақтана алады.

Слайд 5 Баланың мектепте білім алуға бейімделуі

АТА-АНАҒА КЕҢЕС

Баланың мектепте білім алуға бейімделуі	АТА-АНАҒА КЕҢЕС

Слайд 6
Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар

сұрақтар қойыңыз.
Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар

қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.
Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға бөлек уақыт бөліңіз.
Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады (поляк ұстазы , жазушы Януш Корчак).

Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

БІРІНШІ КЕҢЕС:
Сізге ең басты қажеттісі – балаңызға
көбірек көңіл бөліңіз.


Слайд 7 ЕКІНШІ КЕҢЕС: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын

ЕКІНШІ КЕҢЕС: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген

қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз
Мектептегі жағдайға және

балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.

Оның жетістіктерін атап оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.

Есте сақтаңыз: («Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!») сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.
 

Слайд 8 ҮШІНШІ КЕҢЕС: балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек

ҮШІНШІ КЕҢЕС: балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек беріңіз Балаңызбен

беріңіз
Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен

пайдалылығын түсіндіріңіз.
 
Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз. Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге , жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.

Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.
 
Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.

Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.

Слайд 9 Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты

Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға

сабырлы болуға тырысыңыз.
Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ

астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 
Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
Баланың қателесуге құқы бар. Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық.  

Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала
мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.


Слайд 10 БЕСІНШІ КЕҢЕС: балаға құрдастарымен қарым-қатнас құрып, өзін сенімді

БЕСІНШІ КЕҢЕС: балаға құрдастарымен қарым-қатнас құрып, өзін сенімді сезінуіне көмек

сезінуіне көмек беріңіз
Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның

мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.
Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.
Балаңызды достарына көрсете алуы үшін жаңа ойындарға үйретіңіз.
Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай қожайын қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.
 

Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.


Слайд 11 АЛТЫНШЫ КЕҢЕС: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты

АЛТЫНШЫ КЕҢЕС: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз

болуға үйреніңіз
Балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз. Әрине мектептегі жетістіктер

маңызды. Бірақ, бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.
Мектептегі баға — балаға берілген пән бойынша дәл қазіргі уақытқа қойылған баға. Баға баланың жеке басын сипаттай алмайды.
Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.
Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.
Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.


Есте сақтаңыз:балаңызға сіздің оған деген сеніміңіз, көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.


Слайд 12 ЖЕТІНШІ КЕҢЕС: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан

ЖЕТІНШІ КЕҢЕС: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге

тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.
Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға

отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз..
Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өзі жасағаны абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.
Қамтылмағанды қамтуға тырыспаңыз!! Балаларыңызды музыка, шет тілі, хауыз , мәнерлі сырғанау, сурет өнері сияқты қосымша йірмелерге беріп «зерек» бала жасауға талпынбаңыз. Мұндай жағдайда бала өз-өзіне иелік ете алмайды, ол үшін басқалар шешім қабылдайды және ол кей кезде баланың өзіндік қызығушылығы, қалауы мен күшіннен тыс болып жатады.
Сабақтардың уақыт бойынша және саны бойынша да тиімді дозасын табыңыз. Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып барлық нәрсені, үлкендердің нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім кедергі жасамайтын көшеге қашқысы келіп тұрады.

Қарапайым жауап: оны мәжбүрлеп немесе күштеп емес еліктіруге
және қызықтыруға тырысыңыз.


Слайд 13 Екінші «Б» заңы Бедел Ата-ана беделі
Балаңызбен тепе-тең құқықтағы

Екінші «Б» заңы Бедел Ата-ана беделі Балаңызбен тепе-тең құқықтағы серіктес деңгейінде

серіктес деңгейінде сөйлесіңіз және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың, тілдесудің

тәртіп үлгісін көрсетіңіз
Отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынастың біріңғай тактикасын таңдаңыз. Бала бар жерде көзқарастарыңыздың әрқилығын талқылаудың қажеті жоқ. Барлық келіспеушіліктер сыртта қалуы қажет.
Өз ойыңызды білдіріңіз, бірақ осы және басқа да мәселелерде балаға өз пікіріңізді таңбаңыз.
Ұмытпаңыз: бала өмірге деген өз көзқарасын сіздікінен қалыптастыруы мүмкін.
Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оның ауызша айту белсенділігіне еркіндік беріңіз.
Баланың оқудағы жетістігі көбінесе отбасы мен мектептің ынтымақ-тастығына байланысты, сол себепті, кез келген уақытта өз шаруаларыңызды тастап баламен айналысуға дайын болыңыз.








Слайд 14 Мұғалім беделі Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз

Мұғалім беделі Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу

баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.
Мектеп табалдырығын аттаған күнен бастап

балаңыздың өмірінде сізден де беделді адам пайда болды. Ол- мұғалім.
Бірінші сынып оқушысының ұстазы жайындағы пікірін сыйлаңыз.
Балаңыздың мұғалімдерімен бірге жұмыс жасаңыз , көмек ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Белсенді ата-аналары бар сыныпта байқалғандай балалар арасындағы қарым-қатынас тығыз және жақсы, өмір қызықты, көп мерекелер мен саяхаттар болады.
Ұмытпаңыз: ата-ана ретінде жеке өзіңізде мұғалімге деген сұрақтарыңыз немесе кейбір нәрселерді басқаша жасау керек деген пікірлеріңіз болса, мұндай қайшылықтар ересектер арасында қалуы қажет. Әйтпесе бала ата-анасына деген махаббат пен мұғалімнің беделі ортасында қалуға мәжбүр болады.
«Отбасы ортасында» мектеп немесе мұғалім жайлы негативті пікірлер өте зиянды, бұл баланың бейімделу кезеңін айтарлықтай қиындатады, баланың тыныштығын бұзады және ол үшін жақын адамдары арасында келісім мен қамқорлыққа сенімсіздігін туындатады.
Егер де сізге оқыту әдісі түсініксіз не қолайсыз болса, мұғалімнен бұл әдістің өзге тәсілдерден қандай айырмашылығы және қандай артықшылығы бар екенін түсіндіруін сұрауыңыз қажет. Кез-келген мұғалім бұл сұраққа қуана жауап береді, себебі , мұғалімге де сыншы емес көмекші ата-ана қажет.




Слайд 15 Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК   Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы

Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК   Отбасы мен мектептің белсенді

Ата-аналар жасайтын төрт негізгі қателік
Бірінші қателік:отбасы мен мектеп арасындағы

әрекеттердің келісілмегендігі

Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз.

Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз.

Мектеп әкімшілігі мен психологтардың, мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз.

«Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.


Слайд 16 Екінші қателік: қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасы
Мектепке келу мәселесі «жайғдайдан

Екінші қателік: қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасыМектепке келу мәселесі «жайғдайдан жағдайға» ұласып не

жағдайға» ұласып не болмаса төтенше жағдайдың болуына байланысты сиреп

кетпеуін қадағалаңыз.

Ата-аналар жиналысын және өзге шараларды елеусіз қалдырмаңыз.

Мектеппен қарым-қатынасыңыздың ауық-ауық және сирек болуының нәтижесі балаңыздың өмірі, оның достары мен қызығатын нәрселері, неге еліктейтіні жайлы өте аз білетініңіз болмақ.

Мұның барлығы түсініспеушіліктің көбеюі, ұстаздың, бала мен ата-ананың бір-бірінен алшақтауы мен ата-ананың ұстаздық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Осының салдарынан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаз көптеген қателіктер жіберуі мүмкін.


Слайд 17 ҮШІНШІ ҚАТЕЛІК: «ықпал етуші ортаның» бөлінуі
Кей жағдайда

ҮШІНШІ ҚАТЕЛІК: «ықпал етуші ортаның» бөлінуі Кей жағдайда ата-аналар баланың текматериалдық

ата-аналар баланың тек
материалдық қажеттіліктерін қамтама-сыз етуді мойнына алып, негізгі

тәрбиені мектеп беруі тиіс деп ойлайды.
Нәтижесінде бала өмірінде отбасылық тәрбиеден бос кеңістік пайда болады.
Бұл кеңістік теріс ықпалдарға толтырылып тәрбиелеуге қиындық тудыруы мүмкін.


Слайд 18 ТӨРТІНШІ ҚАТЕЛІК: өзара әрекеттің негізі ретінде «басқарушы нұсқаулықтар»

ТӨРТІНШІ ҚАТЕЛІК: өзара әрекеттің негізі ретінде «басқарушы нұсқаулықтар» жүйесі, отбасы

жүйесі, отбасы тарапынан мектеп ісіне араласудың ақталмауы
Мұндай жағдайда

ата-ана өз баласын өзінен басқа ешкім жақсы білмейтініне, оны қалай тәрбиелеуді өзі ғана білетініне сенімді, және баласын өзі ғана білетінін желеуретеді.

Нәтижесінде бала үлкендермен нашар қарым-қатынаста, кез-келген тәрбиелік әрекеттерге қарсылық білдіріп немесе өзін-өзі басқаруды дамытудан қалыс қалуы, шығармашылық қабілетіндегі ынтаның төмендеуі орын алады.

Слайд 19 Бейімделу кезеңінің сәтті өткенін қалай білуге болады?  Сәтті бейімделудің

Бейімделу кезеңінің сәтті өткенін қалай білуге болады?  Сәтті бейімделудің белгілеріБірінші —

белгілері
Бірінші — білім алу процесіне баланың қанағаттануы. Оған мектеп

ұнайды, ол сенімсіздік пен қорқынышты сезінбейді.

Екінші —бала мектеп бағдарламасын артық күш-жігерсіз игереді.
Егер әдеттегідай мектеп және бағдарлама дәстүрлі болып, ал, бала білім алу кезінде қиындықтарға тап болып жатса, оған қиын сәтте қолдау көрсету қажет. Бірінші сынып оқушысына алғашқы кезеңдерде жасуға жол бермей жетістікке жету сенімділігін сіңіру өте маңызды, «Қолымнан еш нәрсе келер емес» деген пікірге бойын үйретпеу керек. Әйтпесе мұндай селсоқтықпен ұзақ күресуге тура келеді.

Егер бағдарлама қиын және шет тілін үйрену болжамданса, онда бастауыш сынып мұғалімдері мен шет тілі пәні мұғалімдері және ата-аналар мұндай жүк бала үшін шамадан тыс болмауын қадағалауы тиіс. Дұрысы мұны өз уақытында түзету керек, әйтпесе артынша түрлі мәселелер көбінесе денсаулыққа байланысты мәселелер туындайды. Мүмкін бала сабағы жеңіл басқа сыныпта өзін жайлы сезінер?
Көбінесе ата-ана балаға бар ынтасымен көмек беріп жатады, бұл кері әсер туындатады: оқушы тапсырманы бірге орындауға үйреніп алады да өз бетінше жасағысы келмейді. Мұнда көмек шеңберіне шек қойып, оны ақырын азайту керек.





Слайд 20 Үшінші, баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды

Үшінші, баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды белгісі сыныптастары

белгісі сыныптастары мен мұғаліммен тұлғаішілік қарым-қатынастан қанағаттануы болып табылады.


Ата-аналар балаларын мектептен кеш келетіндігі үшін, оған достарының себепсіз телефон соғатыны үшін, оның көп уақыты серуендеумен өтетіні үшін жиі сөгіп жатады.
Алайда, осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас орнататынын, балалар арасында өзінің орнын іздейтінін, өзге балалармен бірге іс атқаруды үйреніп және олардың өзіне деген көмектерін қабылдауды үйренетінін ұмытпағанымыз жөн. Және осындай күрделі жұмыста оған көмек қажет!
Баланың әлеуметтік рөлдерді бөлу кезінде кандай текшеге орнығатыны оның мектепте білім алуы қаншалықты сәтті өтетініне байланысты.
Есімізге алайық, «сараң», «білгішсымақ» деген таңбадан құтылу қандай қиын, бір кездерде кішкентай баланың өзін лайықты деңгейде ұстай алмағаны үшін жасөспірім шағында көптеген мәселелер туындайды.


Слайд 21 Балаңыздың өз-өзіне сенімді, адекватты бағалауға ие, батыл

Балаңыздың өз-өзіне сенімді, адекватты бағалауға ие, батыл және ынталы

және ынталы болуы үшін өз сөздеріңізге мұқият болыңыз: сізде теріс

ықпалды сөйлемдердің бар-жоғына талдау жасаңыз, және оларды балаңызбен қарым-қатынаста қолданбаңыз.

Ата-ананың негативті әдеттері

1. «Сені желкемнің шұқыры көрсін!», «Маған сендей жаман бала керек емес», «Мені қанша рет абыржыттың»! (ата-ананың кінәлауы). Бала өзіне «Менің жоқ болғаным жақсы еді» деген тұжырым жасайды. Жасөспірім жасындағы кәмелетке толмаған жеткіншек үшін қауіпті және өршіткіш әрекет бұл себебі жасырын - суицид.
2. «Өзіңді неге жас баладай ұстайсың ?!" Берілген тіркес ересек кезінде адамдардың өзіне өте көп міндетті артып алуына себеп, оларда өз балаларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайды, себебі оларға баланың жағдайына енуден баланы өз жағдайына, өз іс-әрекеті мен қамына енгізу оңайырақ.
3. «Ақылгөйсіме», «Айтқанды істе", «Не істеу керек екенін мен жақсы білемін". Балалар өзінің зияткерлік қабілетіне сенімсіздік таныта бастайды, өзін қорғансыз және жұтаң сезінеді.



Слайд 22 Ата-ананың негативті әдеттері
4. «Иттен қорқудан қалай ұялмайсың?", «Әкеңе

Ата-ананың негативті әдеттері 4. «Иттен қорқудан қалай ұялмайсың?

ашулануға қалай дәтің барды?". Ашу, қорқыныш, өкпе сияқты сезімдерге

тиым салынады. Бұл сезімдер тұлғаның жан тыныштығын бұзатын күшке ие. Нәтижесінде адам өзінің сезімдерін сөзбен жеткізе алмайды.

5. «Болмашы жараға бола". Баланың түйсінуін елемеу. Болашақта қауіпсіздікке деген қабілетін жоғалтатын баланың физикалық ауруын, ауруды сезінуін ата-ана елемейді. Нәтижесінде дене-бітімін бақылауды жоғалтады (оның бір көрінісі ретінде – семіру)

6. «Сенен бәрібір түк шықпайды!" Баланың жетістікке жетуіне сенімсіздік. Бала еңбекқор және ынталы болса да ол өзінің жеткен жетістіктеріне лайық емеспін деп санайды. Балаға деген осындай қарым-қатынастың себебі ата-анадағы жасырын қызғаныш болуы да мүмкін.

Слайд 23 Ата-ананың негативті әдеттері
7. «Менен басқа ешкімге сенбе!", «Менен

Ата-ананың негативті әдеттері 7. «Менен басқа ешкімге сенбе!

басқа саған кім шынын айтады?". Берілген бұл тіркес, баланы

басқа адамдарға сенбеуге, кез-келген жақын қарым-қатынас ол үшін қауіпті деп санауға үйретеді. Нәтижесінде: адам өзгелерге сенуге болатынын анықтай алмайды, өтірікті сезінбейді немесе керсінше барлық нәрсеге күдікпен қарайтын болады.
8. «Өзің жасама қауіпті!", «Өзім жасаймын", «Әкел, мен көмектесейін", «Өзің жасама, мені күт! ". Ата-аналар ең кенже баласына немесе кеш туған баламен осылай сөйлеседі. Нәтижесінде: кез-келген жұмыс бастамасында қорқыныш сезімі пайда болып , кез-келген жұмысты артқа қалдыруды әдетке айналдырады. 9.«…ұқсауға тырыс (мәселен, «Сен бұдан да жақсы жасай аласың ", «Өз мұратыңа талпын!"). Бұл тіркестерде ата-аналар көңіл толмаушылықпен, балаларының басқа балалардан асып түсуін қалайтын ниетпен айтады. Нәтижесінде: адам өз-өзіне үнемі көңілі толмайды. Мұны түзетуші әрекет: Адамды нақты нәтижеге бағыттау, Әділ және оң баға беру.
10. «Сен сондай нәзік болсаң да тоқсанды жақсы бағамен бітірдің". Бала денінің сауығатынына сенбейді, оның өзін жақсы сезінуіне нақты тиым салынады. Ол ауруға таңылып тәрбие алады. Бала оған тек оның ауруының арқасында көңіл аударылатынына үйреніп алады, ал кез-келген әңгімеде ең басты екпін сырқатқа жүктеліп айтылады. Ол өзіндік бағасын көтере отырып өзгелердің өзін кінәлауын дамыта расымен де өзін жайсыз сезінеді.


Слайд 24 ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Бала өзіне үлкендер қалай қараса ол

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: Бала өзіне үлкендер қалай қараса ол

да солай қарайды. Негативті тіркестер баланы қанша жылға

алдын-ала жоспарлауға қабілетті. Көбінесе ата-ананың асығыста айтылған сөздері нұсқауға айналад (әрекетке, тәртіпке ойға бұйрық, ) сонан соң баланың ары қарай дамуын анықтайды. Сөз қорыңыздан балаңызға деген жылы сезімді, тәнтілікті білдіретін сөздер табыңыз. Балаға «Сені жақсы көремін»деп айтудың Отыз тәсілі

1. Жарайсың! 2. Жақсы! 3. Таң қаларлық! 4. Мен күткеннен де керемет. 5. Тамаша! 6. Таңғажайып! 7. Өте керемет! 8. Ұмыту мүмкін емес! 9. дәл осыны күткен едік. 10. Бұл менің жан дүниеме қатты әсер етеді. 11. Сен сондай жақсы айттың – қысқа әрі нұсқа. 12. Тапқырлық. 13. Ең жақсы. 14 . Талантты. 15. Сен бүгін көп шаруа бітірдің. 16. Бәрекелді! 17. енді жақсы. 18. Тамаша . 19. Таң қаларлық . 20. Сұлулық! 21. Ертегідегідей. 22. Өте анық. 23. Жарық, көрнекті. 24. Керемет бастама. 25. Сен дұрыс жолдасың. 26. Сен қтымды шештің ! 27. Сен мұны оңай жасайсың. 28. бұл нағы керекті нәрсе. 29. Ух!!! 30. Құттықтаймын!

Келесі Он сөз қандай? Сіз ұсыныңыз!


Слайд 25 Болашақ бірінші сынып оқушылары –ұлдар мен қыздардың ата-аналары

Болашақ бірінші сынып оқушылары –ұлдар мен қыздардың ата-аналары үшін нейро-психофизиологтардың

үшін нейро-психофизиологтардың ұсыныстары
Ешқашан сіздің алдыңызда жай ғана бала

емес өзіне тиісілі қабылдау ерекшеліктері, ойлау қабілеті мен сезімталдығы бар ұл немесе қыз тұрғанын ұмытпаңыз. Оларды тәрбиелеу, үйрету тіпті, әр түрлі жақсы көру керек. Бірақ өте қатты жақсы көру керек.

Ешқашан ұл мен қызды салыстырмаңыз, бірін-біріне үлгі етпеңіз: олар әртүрлі, биологиялық жас жағынан да қыз бала өзімен қатар ұл баладан үлкен болады.

Ұл бала мен қыз бала әр нәрсені өзгеше қабылдайтынын, өзгеше көріп, еститінін, түйсінетінін, кеңістікті әртүрлі қабылдап және сол бағытта бейімделетінін, ал, ең бастысы әлемдегі не нәрсеге тап болса соны әртүрлі зерделейтінін Ұмытпаңыз. Және әрине, ересектер сияқты емес.

Солақайды күшпен қайта үйретпеңіз. Мәселе қолда емес, мидың құрылымында.

Бала тәрбиесінде бірізді болыңыз.


Слайд 26 Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, не үшін

Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, не үшін екенін білетіндей

екенін білетіндей етіп оны жиі мақтаңыз
Баланың қиындықтары ол-

сіздің қиындықтарыңыз.
Қиындықтарды бірге жеңу оңай әрі жылдам!
Ақын айтқандай балаларыңызға шүбәсіз махаббат сыйлаңыз.
Біз сені себепсіз сүйеміз
Немере болғаның үшін,
Ұлымыз болғаның үшін,
Сәби болғаның үшін,
Өсіп келе жатқаның үшін,
Әкеңе, анаңа тартқаның үшін.
Бұл Махаббат өміріңнің соңына дейін
Сенің құпия сүйенішің (діңгегің) болады.

«Махаббатқа толы балалықпен бір ғұмыр кешуге болады.», дейді әйгілі ұстаз Г. Песталоцци.
 




Слайд 27 Ойынның оң уәждемесін жасаудың әсерлі тәсілі. Олар алуан

Ойынның оң уәждемесін жасаудың әсерлі тәсілі. Олар алуан түрлі болуы мүмкін.

түрлі болуы мүмкін. Оған қоса – «сөздер ойыны». Ойынды

ең маңызды сөздерден бастаған жөн. Мәселен, баланың есімінен.

«Есім» ойыны: ЖҰЛДЫЗ

Ж - жақсы
ұ – ұтқыр
Л – лайықты
Д – дос
Ы – ынталы
З – зерек


Слайд 28 «Есім» ойыны
НҰРЖАН
Н – нұрлы
ұ – ұқыпты
Р – ризашыл
Ж

«Есім» ойыны НҰРЖАНН – нұрлыұ – ұқыптыР – ризашылЖ – жігерліА – адалН – намысшыл

– жігерлі
А – адал
Н – намысшыл


Слайд 29 «Есім»ойыны
Асем
А – адал
С – сезімтал
Е – ерке
М

«Есім»ойыны АсемА – адалС – сезімталЕ – еркеМ – мейірімді

– мейірімді



Слайд 30 «Есім» ойыны
Ажар

А – арманшыл
Ж – жағымды
А

«Есім» ойыны АжарА – арманшыл Ж – жағымдыА – ақылдыР- риясыз

– ақылды
Р- риясыз


Слайд 31 Маңызды сөздердің мағынасын табайық
МЕКТЕП

Маңызды сөздердің мағынасын табайық МЕКТЕП   М – мерген	Е –

М – мерген
Е – еркін
К – кітап
Е –

ескертпе
А – ақылды


Слайд 32 Маңызды сөздердің мағынасын табайық
Сынып

С– сызғыш
Ы – ынта
Н

Маңызды сөздердің мағынасын табайықСынып	С– сызғыш	Ы – ынта 	Н – назар	ы – ықылас	п – парта

– назар
ы – ықылас
п – парта


Слайд 33 Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім

Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім берудің

берудің артықшылығы
Реформа ұлттық қазақ халық педагогикасы дәстүрін сақтай

отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибені ескеріп өткізіледі.
→ балалар білім алуды 6 жастан бастайды.
6 жастан білім ала бастаған балалар өздеріне қажетті білімді мидың ерекше белсенді даму кезеңінде алады: бала 5 жастан 6 жасқа дейінгі уақытта жаңа ақпараттарды оңай меңгереді және тез арада жаңа дағдылар ойлап табады. Бұл кезде олардың бейімделу мүмкіндіктері де жаңа кестені, жаңа қарым-қатынас және тәртіп ережелерін меңгеріп, қабылдауға жеткілікті деңгейде дамыған.

→ орта мектепте оқу мерзімі 12 жылға созылады.
Аталмыш концепция АҚШ, Канада, Германия, Франция және басқа да көптеген дамыған елдерде өзінің дәлдігін дәлелдеді. 12 жылдық білім алу ғана біздің балаларымыз үшін орындалмайтын артық физикалық жүк түсірмей қазіргі таңда барлық қажетті пәндерді және тәртіпті мектеп бағдарламасына сыйғыза алады.





Слайд 34 Мектептерде піндерді 3 тілде берудің артықшылығы (үш

Мектептерде піндерді 3 тілде берудің артықшылығы (үш тілділік)

тілділік)

Қазақ тілін үйретудегі жаңа әдістемені енгізу мен қазақ тілінің

мәртебесін күшейту елімізді мекендеген барлық ұлт өкілдеріне рухани ауызбіршіліктің, өзара түсіністік пен өзара сыластықтың біріңғай аясын құруға мүмкіндік береді. Қазақ халқы әрқашан да ықпалдастырушы болды; ол болашақта да Қазақстан қоғамын шоғырландырушы ядро болып қалуы тиіс. Әр қазақстандықтың қазақ тілін білуі мемлекеттіліктің негізін нығайтады, тарихи орын алған көп этникалылық пен көп конфессиялылықты ескере көпұлтты келісімнің құрылуына жаңа дем береді.

Орыс тілін білу – Қазақстан халқының бірігуінің негізгі маңызды факторы болып табылады. Орыс тілі – екінші орында: бұл Қазақстанның орыс халқының туған тілі (шамамен елдің 24% тұрғыны), сондай-ақ Қазақстандағы көптеген еуропа халықтары үшін е қарым-қатынас құралы.

21 ғасырдағы өмір шындығы сол(ағылшын тілі дүние жүзіне ең көп таралған тіл) - кез-келген кәсіби жетістікке, өзін-өзі кемелдендіруге және танытуға талпынған адам үшін ИТ технологияларда, құрал – және автокөлікжасау, биомедицина, кибернетика және басқа көптеген салалардағы жаңа деректерге қол жеткізудің шарты ағылшын тілін меңгеру болып отыр. Ағылшын тілін білу мамандықта да өмірде де жолыңды ашады – өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды аша, ой-өрісіңді дамыта, жағымды және ұмытылмас әсермен әлемге саяхат жасауға болады.

Слайд 35 Партаға сіздің балаңыз отырады. Бірақ Құрметті ата-аналар сізге

Партаға сіздің балаңыз отырады. Бірақ Құрметті ата-аналар сізге де оқу керек!

де оқу керек! Тәрбиелеу процесіндегі көптеген қарапайым емес сұрақтарға

Отбасылық Тәрбилеу Институтының екі тілде шығарылған «Отбасылық тәрбие: қалай жақсы ата-ана болу » кітабынан жауап таба аласыз www.ife.kz

Өзіңіздің педагогикалық мәдениетіңізді өздігіңізден баға беруге;
Жақсы ана мен әке қандай білімді, дағдыларды үйрену керектігін түсінуге;
Балаға деген талаптарды қалай дұрыс тұжырымдау керектігін білуге;
Қайшылықтарды позитивті реттеп, нәтижесінде бәрі жеңіске жететіндей етуді үйренуге
Бауырлар мен апалы-сіңлілернді бәсекелестіктен қорғауды үйренуге
Балалармен әсерлі қарымқатынастың тәртібін; баланы қалай дұрыс мақтау керектігін түсініп, жазалау қандай болатынын меңгеруге
мүмкіндік беретін, Кітапта керекті материалдар ұсынылған

Жақсы ата-ана міндетті түрде өзінің педагогикалық білімін арттыруға адамның қасиетті құқығының бірі әлемде туындаған дұрыс тәрбиеге құқықты сыйлағандығы үшін тырмысып бағады.


Слайд 36 Құрметті ата-аналар! Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік

Құрметті ата-аналар! Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік тілейміз! Бақытты болыңыздар!Сіздер

тілейміз! Бақытты болыңыздар!
Сіздер туралы «Қандай керемет отбасы»
деп айтқанын қалаймын

достар!

Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мынылар: Ең жақын адамдар- Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар... Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін,еремін! Мақтаншақ қой демегін!


  • Имя файла: prezentatsiya-ata-anamen-zhumys-oz-balana-ulgi-bol.pptx
  • Количество просмотров: 313
  • Количество скачиваний: 10