Слайд 2
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес
елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Слайд 3
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте
заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері
сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Слайд 4
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде
адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың
ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Слайд 5
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында
негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу
болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Слайд 6
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да,
сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана
емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Слайд 7
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама
(трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында
шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді.
Слайд 8
Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің
мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта,
кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік,
Майданда озса жүйрікке есептелік.
Орта жүз түгел білген Ырысжанмын
Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, –
деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ,
Алты арысқа білінген екен менмін, –
деп, асқақ жауап қатады.
Слайд 9
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту,
тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына,
сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.