Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеулердің мақсаты - эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында жұқпалы аурулардың пайда болу мен таралуы туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
Слайд 2
Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеулердің мақсаты - эпидемиологиялық тексеру мен
қадағалау барысында жұқпалы аурулардың пайда болу мен таралуы туралы
диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
Слайд 3
Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеу әдісінің екі түрі бар:
«оқиға-бақылау» түрінде
зерттеу; когортты зерттеу;
Слайд 4
«Оқиға-бақылау» түрінде зерттеу екі топтағы адамдар туралы мәліметті
салыстыру нәтижесіне негізделеді. Бірінші топ – жұқпалы аурумен науқасталған
адамдар (оқиға), екіншісі – осы инфекциямен ауырмаған адамдар тобы (бақылау), бірақ осы екі топтағы адамдар қауіп-қатер факторының әсеріне бірдей ұшырайды.
«Оқиға-бақылау»
Слайд 5
Когортты зерттеу (бақылау) – бұл эпидемиологиялық белгілері бар топтарды
білу. Когортты зертеу – белгілі бір зерттеу уақытында қауіп-қатер
факторының әсер еткен және әсер етпеген топтарында (когортта) сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткішін анықтау.
Когортты зерттеу (бақылау)
Слайд 6
Эпидемиологиялық диагностикада когортты зерттеуді пайдалынып, жиналған сырқаттанушылық көрсеткішін
ретроспективті эпидемиологиялық талдау деп атайды. Зерттеуде сырқаттанушылық динамикасын бағалау
түрі жедел эпидемиологиялық талдау барысында анықталады. Көп жағдайда зерттеу әдісін екі қатар пайдаланылуы мүмкін, олар бір-бірін толықтырады. Когорттық зерттеудің нәтижесі арқылы тікелей және салыстырмалы қауіп-қатер анықталады. Тікелей қауіп-қатер деп қауіп-қатердің әсері тиген және тимеген адамдардың сырқаттанушылығы көрсеткіштерінің айырмашылығын айтады. Салыстырмалы қауіп-қатер деп қауіп-қатердің әсері тиген және тимеген адамдардың сырқаттанушылық көрсеткіштерінің қатынасын айтады.