Слайд 6
Енді қиын ситуацияларға жауап беріп көрелік Тақтаның алдында жауап
бергенде ... (мен қандай боламын?); Маған біреу айғайлап сөйлегенде ...
(мен не істеймін?); Сынып алдында сөйлегенде ... (мен қандаймын?); Бөтен адаммен сөйлескенде ... (мен өзімді қалай ұстаймын?).
Слайд 7
Жаттығу тапсырмасы: Бір неміс шаруасы көктемде 600 маркіге ат
сатып алды. Жаз бойы жер жыртып, күзде атын 700
маркіге сатып жіберді. Келесі көктемде қайтадан жер жыртуға ат керек болып, базардан 800 маркіге ат сатып алуға тура келді. Күзде жолы болып сол атты 900 маркіге қайтадан сатып жіберді. Сұрақтар: Шаруа ұтты ма? Қаншалықты? Ұтылды ма? Қаншалықты? Ештеңе ұтып немесе ұтылып қалған жоқ па?
Слайд 8
Жауаптарына қарай оқушылар
3 топқа бөлінеді:
1. 100 марка
ұтты;
2. 100 марка ұтылды;
3. “Ештеңе ұтқан да, ұтылған да
жоқ”
Слайд 9
Әр топ берілген уақыт ішінде өз шешімдерінің дұрыстығын
дәлелдеп, басқа топтың оқушыларын өз жағына тартып алуы керек.
Оқушыларға өз пікірлерін өзгертіп, басқа топқа өтулеріне болады. Ойланғаннан кейін барлық оқушылар бір топ болып, дұрыс жауапты беру керек.
Слайд 10
Топ екіге бөлініп, осы ситуацияда көрінген өзіне сенімділіктің
тізімдерін жасайды
Слайд 11
Сонымен ең негізгі 7 қасиеттерді негіздеп көрелік. Осыған
келісесіздер ме? Дауыстап сөйлеу; Сөзіңді ұқтыруға талпыну; Өз ойын дәлелдеу; Сыныптастарының әрқайсысымен сөйлесу; Сыныптасының
дәлелдерін тыңдау; Басқалардың сөзін бөлмеу; Түсінікті, анық сөйлеу. Ұялмау, қысылмау.