жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. . Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» кітабы бойынша фильм түсірілді. Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті.. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды. Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.Менің сүйікті жазушым