Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Содержание

МАЗМҰНЫКІРІСПЕСҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ1.1 Ақынның өмір жолы мен шығармалары2 СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ2.1 Лирикасы2.2 Поэмалары2.3 Мақала – очерктері2.4 Романдары3 СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІҚОРЫТЫНДЫПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыбы:  Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігіОрындаған: Құсанова Б.Қ. МАЗМҰНЫКІРІСПЕСҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ	ӨМІРБАЯНЫ1.1 Ақынның өмір жолы мен шығармалары2 СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ2.1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жазушының төңкеріске дейінгі жарық көрген шығармаларын шартты түрде екі Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан облысының	Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 С.Торайғыровтың лирикасы сан алуан: мазмұны терең, тақырыбы бай. Өзінің лап етіп жанып, Ақынның оқшау тұрған шығармасының бірі – «Шәкірт ойы»деп аталатын шағын өлеңі. Бұл ПоэмаларыАдасқан өмір   Кедей   Таныстыру    Айтыс С.Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі «Кім жазықты?» - сол кездегі қазақ өмірін жан-жақты көрсетуге ұмтылған кесек Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы - көркем әдебиетіміз тарихында сол роман жанрының С.Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігі		Сұлтанмахмұт шығармаларын түгелдей алып қарасақ, араб-фарсы, орыс, татар сөздері Сұлтанмахмұт әңгіме, очерк, мақала жазғанда, негізінде, халық тілін кеңінен С.Торайғыров өлеңнің сыртқы түрінен гөрі ішкі мазмұнына, терең сырынакөбірек көңіл бөлген. Мысал С.Торайғыров шығармаларының тілі жалпыға бірдей түсінікті, таза, әрі қарапайым, жатық, әрі бейнелі, Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Біз оны ХХ ғасырдың Назарларыңызға  рахмет!
Слайды презентации

Слайд 2 МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ӨМІРБАЯНЫ
1.1 Ақынның өмір жолы мен шығармалары
2

МАЗМҰНЫКІРІСПЕСҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ	ӨМІРБАЯНЫ1.1 Ақынның өмір жолы мен шығармалары2 СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДЕБИ

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
2.1 Лирикасы
2.2 Поэмалары
2.3 Мақала – очерктері
2.4

Романдары
3 СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Слайд 3 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жазушының төңкеріске дейінгі жарық көрген

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жазушының төңкеріске дейінгі жарық көрген шығармаларын шартты түрде

шығармаларын шартты түрде екі салаға бөлсек дейміз. Бірінші: ақынның

өзі біраз уақыт қызмет істеген «Айқап» журналы бетінде жарияланған өлеңдері мен мақалалары; екінші: «Қазақ», «Сарыарқа»газеттері мен «Абай» журналында басылған өлеңдері және басқа материалдары. Бұл арада ескерте кететін бір жағдай бар. Сұлтанмахмұт Торайғыров әдебиет майданына араласа бастаған кезде қазақ тілінде шығатын газет-журналдар мүлдем аз еді, оларды саусақпен санауға болатын-ды. Сондықтан өзінің көздеген мақсаты мен ұстаған бағытына сай баспа орнын таңдап алуға ақынның ешбір мүмкіншілігі болған жоқ, «бармен базар етуге» тура келді. Алайда, Сұлтанмахмұттың 1917-1918 жылдары біраз уақыт «Алашорда» ықпалында жүрген кезінде ұлтшылдық сарында шығармалар («Алаш ұраны», «Таныстыру» т. б. ) жазғанын, әрине, кездейсоқ нәрсе деп қарауға тағы болмайды. Бұл жерде тарихи шындықты бүркемелеуге, яки оған көз жұмып қарауға орын жоқ. Сондықтан ақынның әдеби мұрасы; жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін айқындау жұмыстың өзектілігі болып отыр.
Зерттеудің мақаты мен міндеттері. Бұл жұмыста Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасының көркемдік сипатын, жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты талдау, жинақтау мақсат етілді.
Зертеудің негізгі міндеттері ретінде мынадай мәселелерді қарастыру көзделді.
- Ақынның өмір жолы мен шығармашылығын жинақтау;
- лирикалары мен поэмаларын талдау;
- прозалық шығармаларын саралау;
- көркемдік ерекшеліктерін айқындау.

Слайд 4 Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

Слайд 5 Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов

Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан облысының	Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың

ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында анасы қайтыс болып, 6

жасына дейін
әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, 1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазады. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысады. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. 1920 жылғы 21 мамыр күні Сұлтанмахмұт Торайғыров тіршілік дүниесімен біржола қош айтысады.

Слайд 6 С.Торайғыровтың лирикасы сан алуан: мазмұны терең, тақырыбы бай.

С.Торайғыровтың лирикасы сан алуан: мазмұны терең, тақырыбы бай. Өзінің лап етіп

Өзінің лап етіп жанып, өрттей лаулаған қысқа өмірінде ақын

талай-талай кезеңді белестерден өтті; басын тауға да ұрды, тасқа да соқты, тыным таппай болмыс шындығын іздеп шарқ ұрды, халқына адал қызмет ету жолында кей сәтте сара жолдан адасты да, бірақ ұзаққа алыстап кетпей, өз ортасына тез оралып, қараңғы түнекте жатқан елінің көгіне «Өрмелеп шығып күн болуды» арман етті. Сонымен С.Торайғыров поэзиясының ішіндегі ең бір мол саласы әлеуметтік сарыны басым өлеңдері деуге болады. Бұл топқа: «Түсімде» (1913), «Бұлар кім?» (1913), «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» (1913), «Бір балуанға қарап» (1913), «Ендігі бет алыс» (1914), «Тұрмысқа» (1914), «Айт» (1914), «Көшу» (1914), «Бір адамға» (1914) тәріздес шығармаларды қосуға болар еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кездегі ең күрделі мәселелердің бірі - әйел теңдігі. «Қыз сүю», «Гүләйім», «Жан қалқам” Сұлтанмахмұт өзінің көңіл-күйін: қуанышы мен қайғысын, мұңы мен назын, сүйінуі мен күйінуін өте шебер және нәзік етіп шерте білетін сыршыл, лирик ақын. Ақынның «Лағнат бұлты шатырлап», «Келді хатың мен шаршап», «Алты аяқ», «Күңгірт түспен ойға батып», «Ей, махаббат, ей, достық», «Дүниедегі қызықтың» деп аталатын өлеңдері де оның әр жағдайдағы көңіл күйін білдіреді.

Лирикасы


Слайд 7 Ақынның оқшау тұрған шығармасының бірі – «Шәкірт ойы»
деп

Ақынның оқшау тұрған шығармасының бірі – «Шәкірт ойы»деп аталатын шағын өлеңі.

аталатын шағын өлеңі. Бұл өлең Сұлтанмахмұттың осы
алуандас тақырыпқа жазған

бір топ шығармаларының жиынтық
қорытындысы деуге болады. Өйткені ақынның оқып, білім
алып,есейген шағында өзінің алдына қойған негізгі арманына
қорыынды жасағанын мына бір жолдардан айқын көреміз.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
1913 жылы жазған шағын бір өлеңінің тағы бір шумағын оқып
көрелік:
Мен – балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.

Слайд 8 Поэмалары
Адасқан өмір Кедей Таныстыру

ПоэмаларыАдасқан өмір  Кедей  Таныстыру  Айтыс

Айтыс


Слайд 9 С.Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз

С.Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан

поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін

бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. «Айтыс» поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары - XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл.

Слайд 10 «Кім жазықты?» - сол кездегі қазақ өмірін

«Кім жазықты?» - сол кездегі қазақ өмірін жан-жақты көрсетуге ұмтылған

жан-жақты көрсетуге ұмтылған кесек шығарманың бірі. Автор қазақ әдебиетінде

бұрын болмаған дәстүрді бастап, сол қазақ даласының «жақсы» жақтарымен бірге, ондағы толып жатқан қайшылықтарды, еңбекшілердің өміріндегі ауыр жағдайды ашып көрсете білген. Қазақ елі қайсібір ақындар суреттегендей еркін дала, мол байлық, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» идиллия емес, онда да тап күресі, теңсіздік, жәбір-жапа бар екенін қонымды көрсеткен. Сондықтан біз «Кім жазықтыны» өлеңмен жазылған романның басы демесек те, сол кездегі қазақ өмірін бейнелейтін кесек шығармалардың бірі деп тануымыз қажет. Мүмкін, жас ақын асыққан болар немесе бізге келіп жеткен текстерде көптеген кемістіктер де бар шығар, қалай да «Кім жазықтының» зор шабытпен жазылған әсем жолдарымен қатар, олар үйлесімдері, қабыспай жатқан шумақтары да кездесіп отырады. Қысқасы, Сұлтанмахмұттың үлкен формаға көшу алдындағы басқышының бірі – осы «Кім жазықты?» болғанына ешбір күмән келтірмеу керек те, талантты ақынның үлкен жорық алдындағы барлауы деп қарауымыз абзал.

Слайд 11 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы -
көркем әдебиетіміз

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы - көркем әдебиетіміз тарихында сол роман

тарихында сол роман жанрының қалыптасып,
өркендеуіне үлкен септігін тигізген кесек

туынды.. Өйткені жазушы
өз заманының бір көрінісін жан-жақты алып, оны реалистік тұрғыдан
сыпаттауға тырысқан, бұл жөнде көптеген табыстарға да жеткен. Ең
алдымен, жазушы әйел теңдігіне байланысты сол кездегі қазақ
арасында етек алған ескі әдет - ғұрыптарды қатал сынай отыра, ендігі
жастардың келешегі оқуда, еркіндік тұрмыста екенін, Қамар мен
Ахметтің трагедиялы халдері арқылы меңзейтін болса, осы
шығармасында, сонымен бірге бір топ кейіпкерлерінің
ұмытылмастай жарқын, сенімді образдарын жасайды.
Бұл жаңа ғана қалыптаса бастаған қазақ прозасына қосылған зор
үлес еді.

Слайд 12 С.Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Сұлтанмахмұт шығармаларын түгелдей алып қарасақ,

С.Торайғыров шығармаларының көркемдік ерекшелігі		Сұлтанмахмұт шығармаларын түгелдей алып қарасақ, араб-фарсы, орыс, татар

араб-фарсы, орыс, татар сөздері едәуір кездеседі. Сонымен бірге ақын

қазақ халқы бай ауыз әдебиетінің айшықты сөздерін кейде қаз қалпында, кейде аздап өңдеу-өзгертумен кеңінен пайдаланылғанын өкреміз. Бірнеше мысалдар келтірерлік: «Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз», «Әркімнің өз аузына қолы жуық», «Жазмыштан озмыш болмас», «Халық айтса қате айтпайды», «Жас жастың тілеуі бір», «Қарға адым жер мұң болар», «Болса да аузы қисық сөзі дәрі», «Данышпан ел көркейтер ерім осы», «Өз етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», «Белбеуге түйіп алып беттің арын», «Қорлыққа ұрлық түбі айналмас па?», «Періште болса-дағы жолдан таяр», «Жесір ерден кетсе де, кетпес елден» тағысын-тағылар. Сұлтанмахмұт өзінен бұрын өткен ақын иелерінің сөздерін де пайдаланып отырады: «Адам – құл, өзін жеңіп ұстамаған, деген бір Сократтың бар нақылы», «Дүние бос, махаббатсыз мал секілді, деген сөзін Абайдың есіңізге ал», «Надсонның айтқанындай: Жауыз жолмен жүре алмай дымы құрыр онан әрі, талған күш, ауырған жан, қиналған тән, дертіне жақындықты етер дәрі» т.б

Слайд 13
Сұлтанмахмұт әңгіме, очерк, мақала жазғанда,

Сұлтанмахмұт әңгіме, очерк, мақала жазғанда, негізінде, халық тілін кеңінен

негізінде, халық тілін кеңінен қолданған. Ол кезде қазақ прозасының

әлі қалыптасып үлгермегенінен болу керек, жазушы көбінесе ауызша сөйлеудің әсеріне бағынған, сондықтан да сөйлемнің орын тәртібін қатал сақтамай, құрмалас сөйлемдерден гөрі жай сөйлемдерді көбірек қолданып отырған. «Қамар сұлуда» С.Торайғыров мақал-мәтелдерді, кейбір нақыл сөздерді сол қалпында дерлік пайдаланумен қатар, кей сәтте аздап өзгеретін немесе өз тарапынан тың өрнекті, кестелі сөздер жасайтынын көруге болады. Осы шығармасында жазушы 50-ге тарта мақал-мәтелдер, афоризмдерді пайдаланумен бірге70 шамалы басқа халық тілдерінен енген жеке сөздерді қолданғанын аңғарамыз. Мысалы, «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Арыстан айға шауып мертігіпті», «Суға кеткен тал қармайды», «Сыныққа сылтау іздеу», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Жабулы қазан жабуымен», «Ит үрді, керуен көшті», «Шығасына иесі басшы», «Алғаныңмен қоса ағар», «Айран сұраған шелегін жасырмас», «Байтал тұрсын бас қайғы», «Барар жері басар тауы», «Бастан құлақ садаға», «Жалғыз қаздың үні, жаяудың шаңы шықпайды», «Көп қорқытады, терең батырады», «Бір тойған шала байлық», «Іштен шыққан шұбар жылан», «Еліктей алмай солықтау», «Қасқырдан қайрат кетсе, ешкіні апа қылады» тәрізді белгілі сөз тіркестерімен қатар кейбір жүйелі сөз өрнектерін аздап өзгерткенін немес тыңнан, өз тарапынан афоизмдер жасағанын көреміз. Бірнеше мысал келтірелік: «Тоғыз қырлы, тоқсан сырлы», «Жақсыдан жаман туса емі болмас, жаманнан жақсы туса теңі болмас», «Ойы онға, ақылы алтыға бөліну», «Доп емес әркім қағар менің басым», «Асын ішіп, текеметін тіліп жүргенін қарашы», «Жылы суға қолын малу» (жай отырады деген мағынада), «Бір тойса есектер, миы жоқ алдын есептер», «Арсызға алты күн мейрам», «Ілем деп жүріп, ілігіп кетті», «Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Иіліп төсек, жайылып жастық болды» т.б.

Слайд 14 С.Торайғыров өлеңнің сыртқы түрінен гөрі ішкі мазмұнына, терең

С.Торайғыров өлеңнің сыртқы түрінен гөрі ішкі мазмұнына, терең сырынакөбірек көңіл бөлген.

сырына
көбірек көңіл бөлген. Мысал үшін «Неге жасаймын» деген өлеңінің

ұйқасына, өлшеміне
зер салып көрелік:
Сусыз, шетсіз шөлдерден,
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше;
Қасқыр мен қойдай дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше;
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше.
Бұл тоғыз жолдың алды жолы егіз ұйқас боп, үшінші, алтыншы, тоғызыншы жолдары
қаусырыла үндесіп келеді де, ізінше, одан арғы төрт жол шұбыртпалы ұйқасқа көшіп
кетеді:
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Ал ақырғы төрт жол кәдімгі қарапайым кезекті ұйқаспен бітеді:
Жасамаймын еңбектің,
Жемісін көзбен көрем деп;
Жасамаймын бір қолқабыс
Кейінгіге берем деп.
Міне, он жеті жолдан тұратын бір ғана өлеңде үш түрлі ұйқас бар.

Слайд 15 С.Торайғыров шығармаларының тілі жалпыға бірдей түсінікті, таза, әрі

С.Торайғыров шығармаларының тілі жалпыға бірдей түсінікті, таза, әрі қарапайым, жатық, әрі

қарапайым, жатық, әрі бейнелі, көркем, әрі уытты, өткір, әрі

жалынды шешен. Оның тілі үнемі ойға, сезімге, сырға бағынып тұрады. Кей тұстарда тым қарапайым, құлаққа түрпідей тиіп, тіпті ерсілеу естілетін сөздер кездесетіні бар; бірақ бұл көріністің екі жағдайда болатынын еске тұтуымыз шарт, кейде автордың салақтығынан артық сөздер еніп кетсе, тағы бірде сол сөздердің өзі сөйлем ішінде текке тұрмай, белгілі бір қызмет, міндет атқаруы мүмкін. Сондықтан оның өзімізге анайылау көрінген қайсыбір жеке сөздерін контекстен бөліп алып, ақын шығармаларының міні ретінде көрсету артық .
Поэтикалық тілдегі уытты өткірлікті де, жалынды шешендікті де сөйлем ішінен ажыратып алынған жеке сөздерді тексеру арқылы емес, ойлы, сезімді, сырлы шумақтарды тұтас алып талдағанда ғана түсінеміз.
Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос...
Болмасам толған айдай балқып туған...
Осы шумақтағы сыртқы түрдің сұлулығы, тілідң табиғи бояуы тағы да ішкі сырдың мәнділігі мен мазмұнының тереңдігіне тығыз байланысты. Мықты, жігерлі адамның, биік мақсатты, азаматтық толғамды ойынан, тұжырымды түйінінен туған өршіл идея тағы да өзекті тақырыппен тұтасып кеткен.

Слайд 16 Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.

Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл. Біз оны ХХ

Біз оны ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихынан келелі

орын алатын
демократ ақын деп танимыз. Ол өзінің шығармашылық жолында, негізінде, демократтық
бағытты ұстап, сол кездегі қазақ тұрмысын, оның ішінде кедейлердің ауыр халі мен бай
жуандардан көрген жәбір-жапасын реалистік тұрғыдан терең көрсетті. Қазақ халқын оқуға,
өнер – білімге шақыра отырып, қожа-молдаларды қатал сынға алды, олардың кертартпа,
кесірлі қылықтарын аяусыз әшкереледі. Ақын ел ішіндегі ескі әдет-ғұрыптарға қарсы
тұрып, әсіресе әйел теңдігі мәселесіне айрықша көңіл бөліп отырды, қалың мал алу мен
әмеңгерлікті жоюды көкседі. Ең алдымен, жазушы халық тілінің байлығын молынан
пайдаланып, прозаның кесек үлгісін туғызуда жемісті еңбек етті. Сонымен бірге осындай
жаңа бастамада қазақ әдебиетіне тың жаңалықтар енгізді, дәлірек айтсақ, Сұлтанмахмұт
қазақ көркем прозасының іргесі қаланып, қалыптасуында әжептәуір еңбек сіңірген көрнекті
өнер қайраткерлерінің бірі болды.
С.Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын,
ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.

Қорытынды


  • Имя файла: sұltanmahmұt-torayғyrov-shyғarmalarynyң-kөrkemdіk-erekshelіgі.pptx
  • Количество просмотров: 272
  • Количество скачиваний: 2