Бұл тақырыпта сендер бұрыштар туралы білімдеріңді тереңдетіп, кеңейтесіңдер; бұрыш және оның биссектрисасының анықтамаларын білетін боласыңдар;бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренесіңдер.
∠ ABC және ∠DEF бұрыштары тең екенін дәлелдеу үшін В төбесін Е төбесіне, ВА қабырғасын ЕD қабырғасына дәл келтіреміз. Сонда, ВС және ЕF қабырғалары дәл келсе бұрыштар тең болып есептеледі.