Египетте жоғары дәрежесіне жетті. Б.з.д. бірінші мыңжылдықта геометриялық мағлұматтар
египеттіктерден гректерге көшті. Мысалға көне египеттік мәдениеттің кейбір мүсіндеріне назар аударсақ: біз қолдарында цилиндр тәріздес заттарды байқаймыз. Менкаур фараон мен Хатор және Нома мүсіндерінің қолдарында Күн және Ай цилиндрлері болған.
Б.з.д. VII-III ғасырлар аралығында грек геометрлері геометрияны жаңа теоремаларымен байытып қана қоймай,оны негіздеуге де мәнді қадамдар жасады.Грек геометрлерінің көп ғасырлық жұмыстары Евклидтің «Бастамалар» еңбегінде қорытындыланды. Евклид есімімен александриялық математиканың (геометриялық алгебраның) ғылым ретінде қалыптасуын байланыстырады.