Слайд 2
ЖОСПАР
1. Түрік османдардың араб елдерін жаулап алуы.
2. Осман
империясының құрамындағы Ирак пен Шығыс Аравия.
3. Сирия мен Ливия
— Осман империясының құрамында.
4. Түріктер кол астындағы Солтүстік Африка.
5. Түріктер кол астындағы Египетте кейінгі орта ғасырларда қолөнері мен сауданың дамуы.
6. Кейінгі орта ғасырлардағы араб елдерінің мəдениеті.
Слайд 3
XVI ғасырдың басында араб елдері түріктер шапқыншыншылығына ұшырады.
Месопотамияны басып алған соң І-Селим /1512—1520/ сұлтанның əскері Сирия,
Ливия жəне басқа мамлюктер кол астындағы араб облыстарын жаулап алуға аттанды.Түріктер мен мамлюктер армиялары 1516 жылғы тамызда Халебтін Солтүстігінде бетпе-бет кездесті. Бұл шайқаста каруы
жағынан да, соғысу тактикасы жағынан да басым осман армиясы жеңіске кетті. Мамлюктер армиясы талқандалып, үкімет басшысы Кансу Гури шайқаста қаза тапты. Қазан айының ортасында түріктер Дамаскті басып алды. Сөйтіп, бүкіл Сирия түріктер қол астына көшті.
СЕЛИМ I
Слайд 4
1538 жылы түріктер Аденді /Меккеден де төмен, оңтүстіктіде
басып алды. Оның алдында, 1534 ж. түріктердің Ирак үшін
Иранмен соғысы жеңіспен аяқталды. Сөйтіп, ХVІ ғасырда арабтар қоныстанған Ирак, Сирия, Ливан, Палестина, Египет, Хиджаз /Сауд Аравиясы/, Алжир, Ливия, Тунис Осман империясының құрамына енді.
Слайд 5
Түріктер барлық жерлердің, шаруашылықтың есебін анықтап, олардан алынатын
салық мөлшерін белгіледі. Барлық басып алынған араб елдері пашалықтар
мен эйалеттерге /уалаят/ бөлінді. Сирия үш провинцияға: Дамаск, Триполи, Халебке бөлінді. Иракта Бағдад, Басра, Мосул уалаяттары құрылды. Египет өзінше жеке пашалыкка бөлінді. Иемен, Бахрейн /Аравия/, Ақ /Палестинада/ пашалыктары құрылды.
Слайд 6
Əр облыстың басында пашалар тұрды. Пашалардың қарамағында жергілікті
көмекші отрядтармен қатар сұлтанның тұрақты армиясының бөлімдері болды. Мысалы
Багдад эйалетінде 12 мыңдық янычарлар орналасты. Ал пашаның қасында тағы да үш мың қарулы жауынгерлер болды. Пашалыққа 1-2 жылға тағайындалатын, бірақ көптеген пашалар əлдеқайда ұзақ қала беретін.
Слайд 7
Əр пашалыктың, эйалеттің бағыныштылығы əртүрлі болды. Бағдад, Басра,
Лахса /Азияда/, Египет, Тунис, Алжир, Триполи /Солтүстік Африка/ салық
төлеп тұрды, ал ішкі құрылысы, тəртібі бұрынғысынша қала берді. Тек Бағдад эйалетінде біраз өзгешіліктер болды. Ол 20 санжақка бөлінді. Оның 8-інде түріктік жер иеленушілік тəртібі үстемдік етті. Дамаск, Триполи /Сирияда/, Халеб, Мосулдағы көптеген жерлер түрік феодалдарына үлестіріліп берілді /тимар, зеаметтер ретінде/. Ирак Османдық түріктер мен сефевидтік Иран арасындағы күрес аренасына айналды. 1516 жылы жоғарғы Месопотамия кызылбасылардан тазартылып, Осман империясы-
ның құрамына қосып алынды. Орталық жəне оңтүстік Ирак Иранның қол астында қала берді, 1516 жылы түріктер Бағдадты басып алды. Сунииттік, шииттік ағымдарға бірдей бостандық берілді.
Слайд 9
1546 жылы Оңтүстік Ирак Осман эйалетіне айналды. Оның
орталығы Басра қаласы болды, 1550 жылы түріктер Португалияның Парсы
шығанағындағы маңызды порты Аль-Катифты басып алды. Бірақ оны ұзақ ұстап тура алмады. 1555 жылғы Амасиядағы бейбіт бітім бойынша сефевидтер Ирактағы түріктер үстемдігін мойындады.
Слайд 10
1574—1595 жылдардағы Мосул провинциясында заң бойынша
жердің ең
төменгі /аз/ мөлшері 40 қадамға /ені, ұзындығы/ тең денюм
болып табылды. Ал суармалы, құнарлы жерлердегі шаруалардың толық үлесі 80 денюмге теңелді. Ол үлес “чифтилик” деп аталды. Нашар жерлердегі чифтилик мөлшері 150 денюм болды. Егер кімде-кім өз үлесін игермей, тастап кетсе, бос қалдырса, ол 75-тен 300-ге дейін ақша төледі. Толык үлесі бар мұсылмандар 50 ақша төледі. Əр үй 3 күндік /аптасында/ барщина өтеуі тиіс болды. Оның əр күні 2 ақшаға бағаланды.
Жиналған бидайдын 1/5, кара бидайдын 1/6, арпаның 1/7 бөлігі салық ретінде өткізілетін. Малшылардан да салық жиналды. Мосулда əр 100 қойдың біреуі, ал келімсектерден — екеуі алынатын. Малшылар қыста өз жерінде қыстап шықса, əр 300 қойдың біреуін беретін болды. Салық бал ұяларына да, диірмендер мен алма ағаштарына, жүзім, мақта егістеріне де салынатын. Қалыңдық үшін де салық салынатын. Күйеуге тиетін қыздардың əкесі 60 ақша, жесір əйелдің əкесі /туысы/ 30 ақша төледі. Бұл ақшаның жартысы ірі жер иесіне, жартысы қазынаға кететін.
Слайд 12
Сирия эйалеті он бір санжакка бөлінді. Оның жетеуінде
түрік феодалдарының өздері салық жинап алып отырды. Калған төртеуінде
санжақтан түсетін салық қазынаға кететін.Бұл екі эйалет 10 мың əскер жасақтап беріп отыруға тиіс болды. Сирия эйалетіне Дамаск, Сафад, Иерусалим, Наблус, Сайд, Бейрут округтері кірді.Түріктер билігі кезінде таулы Ливанның феодалдары біраз жеңілдіктерді пайдаланды. Түріктер басып алғаннан кейінгі 100 жылдай бойы Ливанда феодалдық Маанид əулетінің беделі күшті болды. Түрік үкіметі маанидтерді əлсірету үшін басқа феодалдарды оған қарсы айдап салып отырды. Бірақ бұл əрекеттері айтарлықтай нəтиже бермеді.
Слайд 13
1584 ж. ливандықтардың қарулы отряды Сирия мен Египеттен
жиналған алым-салықты Стамбулға алып бара жаткан керуенге шабуыл жасады.
Сұлтан үкіметі бұл шабуылды Маандар ұйымдастырды деп жала жауып, Египет пашасына маандарды талқандауға бұйрық берді. Түрік əскерлері Маанидтер иелігіне басып кіріп, талқандады. Маан эмирі тауда корғаныс ұйымдастырып, берілмеді. Ақыры сол қамалда өлтірілді. Ливанның кейбір
феодалдары Стамбулға пара апарып, өз бастарын əрең корғап қалды,
Слайд 14
Түрік үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы халық наразылығы калыптасып, көтерілістер
болып тұрды. Бұл көтерілістерді Маанидтер Ливанның толық тəуелсіздігін жеңіп
алу үшін пайдаланып қалуға тырысты. Бұл əрекет ІІ-Фахреддин эмирдің атымен тығыз байланысты. Оны Ливан феодалдары 1585 жылы, 13 жасар кезінде барлық Маанидтер иеліктерінің билеушісі деп мойындады.
Ол билікке іс жүзінде 16 ғасырдың аяғына жуық ие болып , күннен -күнге ұлғая түскен иелікті 1635 жылға дейін басқарды. Алғашында ол түрік сұлтаны алдындағы міндетін адал орындап отырды. Иелігі өскен сайын салықты да көп төледі. Сондықтан түрік өкіметі оның иелігін кеңейте беруіне қарсылық көрсетпеді. Фахрединнің карулы күштерінің саны бірте-бірте 40 мыңға жетті.
II- Фахреддин
Слайд 15
Қуатты қарулы күші мен бай қазынасы бар Фахреддин
Түрік үкіметінің рұқсатынсыз өз бетімен шет елдермен дипломатиялық қатынас
орната бастады. Ол Италиямен, Франциямен қатынас орнатты. Флоренциямен де сауда катынасына барды. Түркияға бұл тəуелсіздік ұнамады. 1609 ж. Дамаск
пашасы болып Ахмед Хафиз тағайындалды. Оның карамағына əскер бөлініп, Фахреддин иеліктеріндегі түріктер билігін калпына келтіру тапсырылды. Бірақ Ахмед Хафиз түріктер билігін бірден орната алмады. Тек 1613 жылы Фахреддин күресін тоқтатып, Француз кемесімен Италияға барды. Онда Фахреддин Италия мен Францияны Осман империясына карсы күреске тартуға тырысты. Бірақ 5 жыл бойғы бұл əрекетінен түк шықпаған соң, 1618 жылы ол Ливанға қайтып келді. Ливанда Фахреддинді жергілікті халық
ұлттың батыры санап, қатты кұрметтейтін. Фахреддин еліне кайтып келіп, түріктерге қарсы үндеу тастағанда оның қол астына 100 мың адам жиналды. 5 жыл ішінде Фахреддин Дамасск пашасын талқандап, Антиохиядан Сафадқа дейінгі аралықта Түрік үстемдігін жойды. Көп кешікпей Палестинаны жаулап алды.
1635 жылы өлім жазасына кесіледі.
Слайд 16
Солтүстік Африка
ХVІ ғасырдын басында Солтүстік Африкаға жаңа басқыншылар
— түріктер келіп кіре бастады. Хайреддин Барбаросса деген Мителендік
қарақшы түрік Алжирге келіп қоныстанып, оны түрік сұлтаны І-Селимнің иелігі деп жариялады. Сұлтан Хайреддинге көмекке екі мың артиллеристер мен төрт мындык янычарлар үлгісінде құрылған əскер жіберді. 1518 жыл-
дан бастап Хайреддин Алжирдің маңызды портты калалары —
Бен, Колло, Шершельді басып алып, елдің ішіне ене бастап. 1529 жылы түріктер Алжирде түпкілікті бекініп, испандықтардың жақсы қорғалған қамалы Пеньонды алды.
Слайд 17
Хайреддин паша болып тағайындалып, “бейлер — бей” деген
атақ алды
Слайд 18
1535 жылы Тунисте испандықтар өзін V Карлдың вассалы
деп мойындаған Эмирді таққа отырғызды. Түріктердің өз үстемдігін орнату
əрекетінен еш нəтиже шыкпады. Тек 1574 жылы ғана Түрік сұлтанының əскері испандықтарды қуып шығып, Тунисті Осман империясына қосты
Слайд 19
Солтүстік Африкадағы Триполи қаласы үшін еуропалықтар мен түріктер
арасында күрес жүрді — 1510 жылдан 1530 жылға дейін
бұл облыс испандықтар билігінде болды. Сонан соң ол Родос аралынан түріктер қуып шыққан Мальта рыцарьларының қол астына көшті. 1551 жылы түріктер теңізден шабуыл жасап, Триполиді басып алды. Рыцарьлар Мальтаға қашты /Италияның оңтүстігі/. Сөйтіп, Солтүстік Африканың үш елі — Алжир, Тунис, Триполитания /Ливия/ түріктер қол астына көшті.
Слайд 20
Сауда, қолөнері
Африка төңірегіндегі теңіз сауда жолының ашылуы Египет
саудасына ауыр соққы болып тиді. Соған қарамастан Египет көптеген
Шығыс жəне Батыс елдерімен сауда жасай берді. Сыртқы саудаға ауыл шаруашылық өнімдері /бидай, мақта, кендір, күріш, тері/ мен қолөнер бұйымдары /мата, кант т.б./ шығарылды. Египет көпестері Индиядан, Еуропа мен Қиыр Шығыстан келген шетелдік тауарлармен де сауда жасады.
Сауда Каир, Александрия, Булак, Дамъетт, Розетт, Суэц, Кусеир,
Тальх, Абузир, Фуэ қалаларында шоғырланды. Египеттің басты
порттары Жерорта теңізі жағалауындағы Дамьетт, Розетт жəне
Александрия, Қызыл теңіздегі Суэц пен Кусеир болды. Суэц пен
Кусеир арқылы Үнді жəне Аравия тауарлары түсіп тұратын.
Слайд 21
Нил өзені негізгі сауда жолдарының бірі болды. Каир
тек сауданың ғана емес, қолөнерінің де ірі орталығы болды.
Ол көлемі мен халқының саны жағынан Египеттің ең үлкен қаласы болды. ХVІ ғасырда Каирдің халқының саны 100 мыннан асатын. Онда армяндар, итальяндықтар, гректер, француздар, поляктар, еврейлер тұрды. Египет саудасында құл сату кең орын алды. Жыл сайын елге 4—5 мың африкандық құлдар əкеліп сатылатын. Каирде көптеген Еуропа елдерінің консулдығы орналасты. Көптеген консулдар мен шетелдік көпестер Египетте 20, одан да көп жылдар бойы тұрып жатты. Мұнда дінге қудалаушылық болған жоқ, əр діннің шіркеу-
мешіттері жеткілікті болды.
Слайд 22
Мəдениет
Ислам дінінің абыздары Африка елдеріндегі
мəдениеттің дамуына елеулі
үлес қосты. Солардың бірі аш-Шарани (1565 ж. өлген) болды.
Оның басты еңбегі «Шашыранды маржандар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-Шарани жаман
мінез-құлықтарды келемеждеп, жақсы мінез-құлықты уағыздады, байлардың дүниеқоңыздығын сынап, кедейлерді қорғады
Слайд 23
Тарихнама саласында ибн-Халдун (1332—1406) зор еңбек сіңірді. Өзінің
«Кіріспе» деген еңбегінде тарихи процестердің теориясына талдау, мұсылмандық тарихына
шолу жасады. Мароккандық Маккари (1590—1632) «Андалусияның Коңыржай желі» деген еңбегінде арабтардың Пиреней жарты аралындағы үстемдігінің тарихын баяндайды. Тарихшы Мұхаммед ибн Ияс (1524 ж. өлген) «Ғасырлар оқиғаларына байланысты түстер ерекшелігі» («Бадан аз-зухур фи вакаи аз-духур») деген еңбегінде осман түріктерінің Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін баяндайды. Египетті түріктердің жаулап алу тарихын («Фатх Мыср») ибн Зунбул ар-Раммал да (1553 ж. өлген) жазды.
Слайд 24
ХVІ ғасырда араб елдерінде кітап басу ісі қолға
алына бастады. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо қаласында
еврейлер ашты. 1605 ж. еврейлер баспаханасы Дамаскіде де ашылды. 1610 ж. Казхайяда (Ливан) Римнен əкелінген баспа станогінде сирия тілінде дұғалар басылып шықты.Бұл кездегі сəулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Дамаскідегі Теккис, Дервишие, Синание мешіттерін жатқызуға болады. Олар фаянспен өте əсем безендірлген. Сондай-ақ Фахр-ад-диннің тұсында зəулім құрылыстар Бейрутте де салынды.
Слайд 25
1. История Востока Т. ІІІ. Восток на рубеже
средневековья и
нового времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М.: Восточная литература
РАН,
1999.— 67—98 бб.
2. Видясова М. Ф. Социальные структуры доколониального
Магриба: Генезис и типология.— М.: 1987.
3. Иванов Н. А. Османское завоевание арабских стран (1516—
1574).— М.: Наука, 1984.
4. Тортаев С.Ә. Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы Алматы 2009 жылы.
Пайдаланылған әдебиеттер