келді. Ұшқыштар — Н. С. Горбунов пен В. Р.
Браунц басқарған “Фарман-30” ұшағы Мартөк (Ақтөбе қаласыныңмаңында) — Новосергеевка бағытымен 1 сағ. 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті. Қазақстанда 1923 жылы “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуепошта мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 жылы “Ю-13” ұшағымен Ташкент — Алматы, Алматы — Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 жылы Бішкек — Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 жылы Қызылорда — Мәскеу әуежолы ашылды. 1930 жылы Әуекөлігін пайдалану мен дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақ азаматтық авиация басқармасы (ҚААБ) ұйымдастырылды. Сол жылы ҚААБ-тан 27 жігіт Мәскеу ұшқыштар мектебіне оқуға жіберілді. Бұлардың арасында алғашқы Қазақ ұшқыштарының бірі — салық Ахметов те болған.
Қазақстандағы әуе көлігі