Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Салық салынатын жер санаттары

Содержание

1) “Жер санаттары”2) «Салық салу объектісі»3)Салық базасы САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ 4) 378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары   4.1Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫҢДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ“САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ЖЕР САНАТТАРЫ”“BaGINS” production 1) “Жер санаттары”2) «Салық салу объектісі»3)Салық базасы САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ 4) 378-бап. Ауыл шаруашылығы   1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:      Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді 376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау  1. Темір жолдар, оқшаулау 377-бап. Салық базасы  Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп 379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын салық 381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық 382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары  Елді мекендердің 383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары  1. 385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын 386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне 387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету  Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер 4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері 388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі  1. Салықты есептеу әрбір 4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. 389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері  1. Заңды Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға немесе 390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің ерекшеліктері  1. Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы 391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері  1. Жеке Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте кезекте тұрмай-ақ төлей аласыз.Салық «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге рұқсатсыз қосылудан қорғалған Қаржы “BAGINS” productionНАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Слайды презентации

Слайд 2 1) “Жер санаттары”
2) «Салық салу объектісі»
3)Салық базасы САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ 4)

1) “Жер санаттары”2) «Салық салу объектісі»3)Салық базасы САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ 4) 378-бап. Ауыл

378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары  

4.1Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:
5)Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 6) 380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
7) 381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 8) 382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары
9) 383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 10) 384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 11) 385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары 12) 386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары 13) 387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету 14) 55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
15) 388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі 16) 389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері 17) 390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің ерекшеліктері 18) 391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
19)

ЖОСПАР


Слайд 3   1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына

  1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға

сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
     

2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
      3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
      5) орман қорының жерi;
      6) су қорының жерi;
      7) босалқы жер.
 Жердің мынадай санаттары: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері; 2) орман қорының жерлері; 3) су қорының жерлері; 4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.

ЖЕР САНАТТАРЫ


Слайд 4 Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының

Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді.

жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты

үшін мынадай екі топқа бөлінген: 1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері; 2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.



Слайд 5

375-бап. Салық салу объектісі 1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады. 2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды: 1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады; 2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері. Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері; 4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.

Слайд 6 376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау 1. Темір

376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау 1. Темір жолдар, оқшаулау

жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер

учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады. 2. Электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады. 3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады. 4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

Слайд 7 377-бап. Салық базасы Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің

377-бап. Салық базасы Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

алаңы салық базасы болып табылады.


Слайд 8  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық

 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға

ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша

сараланады. 2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді: Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:

Слайд 9 379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге

379-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық

салынатын базалық салық ставкалары Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса

алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді: 1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге; 2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге.

Слайд 10 380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін

380-бап. Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салынатын

пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары Елді мекендер, өнеркәсіп, ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінің құрамына кіретін, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.



Слайд 11 381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін

381-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық

қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі

жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Слайд 12 382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық

382-бап. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары Елді мекендердің

ставкалары Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын

үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі. Үй іргесіндегі жер учаскелері мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады: 1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін: көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге; көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін. 2) қалған елді мекендер үшін: көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге; көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

Слайд 13 383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын

383-бап. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары

базалық салық ставкалары 1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне

салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгіленеді:
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлер осы баптың 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады. 3. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін басқа да жер пайдаланушыларға берілген жерлер осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады. 4. Магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.



Слайд 14 384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын

384-бап. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 1.

салық ставкалары 1. Елді мекендер шегінде (осы баптың 3-тармағында аталған

жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады. 2. Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентінен аспауға тиіс. 3. Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады. Елді мекен шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлерді қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп түсініледі.

Слайд 15 385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен

385-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне

су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары 1. Ерекше қорғалатын табиғи

аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 378-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады. 2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлері осы Кодекстің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, 383-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.



Слайд 16 386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген,

386-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер

казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары 1. Елді мекендердің

автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, осы Кодекстің 381-бабында елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды. Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс. 2. Елді мекендердің казино орналасқан жерлері осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендердің жерлері үшін осы Кодекстің 381-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады. Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді. Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 381-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

Слайд 17 387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан

387-бап. Базалық салық ставкаларын түзету Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер

Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары

(схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады. 2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады: 1) балаларды сауықтыру мекемелері; 2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар; 3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

Слайд 18 4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты

4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман

ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи

биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар; 5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар; 6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын; 7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар. 3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады. 4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен есептейді. 5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.



Слайд 19 388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі 1. Салықты

388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі 1. Салықты есептеу әрбір

есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті

салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.  2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. 3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.



Слайд 20
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

жері бойынша жүргізіледі. 5. Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың

бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде салық төлеушілерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады. 6. Елді мекен таратылған және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады. 7. Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып айқындалады. 8. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.

Слайд 21 389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу

389-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері 1. Заңды

мерзімдері 1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті

салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. 2. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. 3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді. 4. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында болған салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады. 5. Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, осы баптың 3-тармағында белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңі ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. 6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Слайд 22 Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған

Осы Кодекстің 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға

заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері

бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі. 7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі. 8. Салық салу объектілеріне құқықтар салық кезеңінің ішінде берілген жағдайда, салық сомасы жер учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі. Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бірі (келісім бойынша) енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді. 9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді



Слайд 23 390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің ерекшеліктері 1. Бірнеше салық

390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудің ерекшеліктері 1. Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы

төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне

жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі. 2. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлық үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады. 3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың осы Кодекстің 381-бабында белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.

Слайд 24 391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу

391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері 1. Жеке

мерзімдері 1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша

- дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізеді. 2. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелері ескеріле отырып есептеледі. 3. Жеке тұлғалар (өз қызметтерінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлерді, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді. 4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.  5. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 389-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.



Слайд 25 Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте

Маңызды! Сіз салықты үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, банкте кезекте тұрмай-ақ төлей

кезекте тұрмай-ақ төлей аласыз.
Салық төлеушілер салықты, оның ішінде жеке

тұлғалардың салығы (көлік құралы салығы, мүлік салығы, жер салығы):
екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары;
екінші деңгейдегі банктердің интернет-банкингі;
екінші деңгейдегі банктердің банктік дүңгіршектері;
«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы (Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу сервисі);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің электронды порталы арқылы жүзеге асыруына мүмкіндіктер жасалған.
Қызметтің артықшылығы:
төлемді қолайлы уақытта және кез келген жерден жүргізу (оның ішінде демалыс күндері);
төлеушінің дербес шотына төлеу фактісі бойынша ақша аудару (төлемді демалыс күндері жасаған кезде, сол күн төлем жасалған күн болып есептеледі);
салықты тек өзінің салықтық міндеттері бойынша ғана емес, қаласа, туыстары, жолдастары немесе басқа бір үшінші тұлға үшін төлеу мүмкіндігі;
интерфейста келесі әрекеттер бойынша қадамдық нұсқаулар бар (оңай, ыңғайлы).



Слайд 26 «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге

«Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымша – дербес және жүйеге рұқсатсыз қосылудан қорғалған

рұқсатсыз қосылудан қорғалған Қаржы Министрлігі Салық комитетінің интернет-порталындағы бөлім,

ол салық төлеушіге ыңғайлы кез келген жерден электрондық салықтық қызметтерді алуға, оның ішінде салықтық есептілікті электронды түрде тапсыруға мүмкіндік береді.
«Салық төлеушінің кабинетінде» салықты төлеу және салықтық есептілікті электронды түрде тапсыру қызметтерінен басқа, электрондық сандық қолы бар салық төлеушілерге келесі мүмкіндіктер жүзеге асырылған:
есептелген және төленген салықтар/өсімпұлдар/айыппұлдар сомаларымен бірге дербес шоттарын көру, әр кезеңге дербес шоттан жазба алу;
камералдық бақылау бойынша электрондық хабарлама алу, БСАЖ-дан СТжСО АЖ-дан хабарламалардын барлық түрлерін алу;
«Мониторинг модулі» арқылы салық төлеушілердің белгілі санаттары үшін салықтық ақпараттарды (жағдайды) жариялау. Ақпаратты жариялағаннан кейін «Салық төлеушінің кабинетінде» қолданушының күнтізбесінде салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері тәрізді ақпарат пайда болады.
 


  • Имя файла: salyқ-salynatyn-zher-sanattary.pptx
  • Количество просмотров: 133
  • Количество скачиваний: 0